Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният 2022 жылғы 19 желтоқсандағы Үкімет отырысында баяндамасы

Қайырлы күн!

Құрметті Ерлан Жақанұлы,

құрметті депутаттар!

 

Мемлекет басшысының медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге, құқықтық және қаржылық қорғау жүйесін әзірлеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленді.

​Өздеріңізге белгілі, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 270-бабында медициналық көмек көрсету кезінде пациенттің өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілген жағдайда медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру құқығы заңнамалық түрде бекітілген.

Осы енгізіліп отырған заң жобасында медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру жүйесін кезең-кезеңімен енгізу механизмдері мен жолдары қаралған, нәтижесінде медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Заң жобасын дайындау барысында Министрлік медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың әртүрлі дүниежүзіндегі үлгілеріне талдау жүргізді.

Халықаралық практикада медицина қызметкерлерін қорғау үшін қорлар мен қауымдастықтар (Швеция, Канада, Дания) құру арқылы, сондай-ақ жеке нарықтар (АҚШ, Германия, Жапония, Түркия) арқылы кәсіптік жауапкершілікті міндетті сақтандыру жүйесі қолданылады. Өзінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру міндеті медицина қызметкерлеріне немесе денсаулық сақтау ұйымдарына жүктелген.

Жоғарыда айтылған халықаралық тәжірибенің негізінде Қазақстандық қоғамның дамуын ескеріп, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың оңтайлы тетігі ретінде АҚШ, Германия, Жапония және Түркия модельдері бойынша сақтандырудың бейімделген нарықтық моделі (қолданыстағы сақтандыру компаниялары арқылы, дауларды сотқа дейінгі реттеу арқылы) ұсынылып отыр.

Қазір барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау қызметін ашып жатырмыз.

Анықтама үшін: Қазіргі уақытта Қазақстан бойынша медициналық ұйымдарда 700 жуық пациенттерді қолдау қызметтері жұмыс жасап тұр.  

Осы модельге сәйкес пациенттерді қолдау қызметі шағымды қарауды арнайы комиссия сарапшылар мен мүдделі тараптарды тартып және медиация элементтерін қолданып жүзеге асыратын болады. Бұл кезеңде мәселе медициналық ұйымның өзінде реттелуі мүмкін.

Пациент Қызметтің немесе комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда шағым сараптамалық қорытынды беру үшін Денсаулық сақтау министірлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде қаралатын болады. Дәлелденген жағдайда шағым бойынша материалдар, оның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы медициналық ұйым сақтандырылған сақтандыру компаниясына беріледі.

Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан және қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы.

Сақтандыру жарнасының мөлшері қауіп дәрежесіне қарай бекітілген актуарлық есептеулердің негізінде медицина қызметкерінің жауапкершілік дәрежесі ескеріле отырып айқындалатын болады.

Анықтама: 6 мамандық бейіні бойынша: хирургия, педиатрия, терапия, акушерия және гинекология, стоматология және орта медицина персоналы. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру кезінде мамандықтар тарифы бойынша бюджет - 4,7 млрд. теңгені құрайды.

Болжамды бюджет МСАК үшін бір медициналық ұйымға орта есеппен 3 010 мың теңгені, стационарлар үшін жылына шамамен 6 025 мың теңгені құрайды.

2023 жылдан бастап сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыруды ұсынамыз, ал 2025 жылдан бастап сақтандыру сыйлықақысының сомасын медициналық ұйым мен медицина қызметкерлері арасында бөлу ұсынылады, бұл ынтымақты кәсіптік жауапкершілікке әкеледі.

Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру жүйесімен жүргізілген актуарлық есептердің нәтижесінде 2023 жылы жалпы сомасы 4,6 млрд.теңгеге 304 мыңнан астам медицина қызметкерін қамту ұсынылады, оның 2,7 млрд. теңгесі ТМККК есебінен және 1,8 млрд. теңгесі МӘМС есебінен.

Сақтандыру төлемінің мөлшері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шарты негізінде айқындалады және мынадай мөлшерден кем болмауы тиіс:

1) мүгедектіктің белгіленуіне әкеп соққан жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін:

    - үшінші топ –  500 айлық есептік көрсеткіш;

    - екінші топ –  600 айлық есептік көрсеткіш;

    - бірінші топ – 800 айлық есептік көрсеткіш;

   - мүгедектігі бар бала –  500 айлық есептік көрсеткіш;

2) жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген, оның өліміне әкеп соққан зиян үшін – 1000 айлық есептік көрсеткіш;

3) ауруға байланысты нақты және өзге де шығыстар мөлшерінде, бірақ 300 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде мүгедектік белгіленбей жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін.

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Министрлік жұмыс істеп тұрған сақтандыру компаниялары арқылы, ұжымдық шарт жасай отырып, жұмыс беруші, яғни медициналық ұйымының қаржылық жауапкершілігінің шекті көлемінде, медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды ұсынады.

Құрметті депутаттар! COVID-19 пандемиясы кезінде медицина қызметкерлерінің күш-қайратының күйреуі, қиын жағдайларда жоғары жауапкершілік алатын мамандардың тапшылығы, жалақының жеткіліксіздігі мен мамандық мәртебісінің төмендігі сияқты саланың негізгі проблемаларын ашып берді. Бұл жоба пациенттердің құқықғын қорғауға, медицина қызметкерлерінің кәсіптік қауіптерін азайту мақсатында денсаулық сақтау саласындағы жаңа бағыт болып табылады. Соған байланысты, осы Заңды қабылдау қажеттілігінің уақыты келді деп есептейміз.

Медицина қызметкерлерін қорғау.

Сонымен қатар, Заң жобасы шеңберінде медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру (гуманизация) және Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету бойынша нормаларды ұсынды.

2018 – 2020 жылдары жеке және заңды тұлғалардан
14 123 өтініш келіп түсті, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жыл сайын 300-ге жуық іс, жиі жағдайда өліммен аяқталу қаупі бар хирургиялық бейіндегі мамандарға іс қозғалады (акушер-гинекологтар-14 адам, хирургтар-14, травматологтар – 8, анестезиологтар-6).

Заң жобасында айыппұл мөлшерін және денсаулығына орташа және ауыр абайсызда зиян келтіргені үшін қамауға алу мерзімін төмендету, пациенттің денсаулығына ауыр зиян келтіргенде немесе қайтыс болғанда «бас бостандығынан айыруды» жазаның мерзімдерін қайта қарай отырып «бас бостандығын шектеуге» ауыстыру ұсынылады.

Анықтама:

Көршілес ТМД елдерінде медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны туралы нормалар Украинаның (140-бап), Белоруссияның (162-бап) Қылмыстық кодекстерінде көзделген. Қазақстанмен қатар, медициналық құқық бұзушылықтар туралы дербес тарау Қырғызстанның Қылмыстық кодексінде ғана бар.                                                            

Ресейде қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстар үшін және жалпы медициналық қылмыстар үшін арнайы норма жоқ. Адамға қарсы қылмыстар туралы тарауда адамның өзінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан жасалған іс-әрекет үшін жауапкершілік көзделген. 

Бұдан бұрын Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, жазаны ізгілендіруге бірнеше рет әрекет жасаған болатын.

Сондай-ақ, заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге және оларды әлеуметтік қолдауға, оларға құрметті атақтар беруіне бағытталған.

Заң жобасының шеңберінде жылына бір рет 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлемді ұсынумен 3 атақ «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» (Заслуженный врач Республики Казахстан), сондай-ақ 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемді ұсынумен 17 жеңімпазға республикалық конкурстың «Мамандығы бойынша үздік» мемлекеттік және ведомстволық наградалары ұсынылады.

 

Құрметті депутаттар!

Заң жобасын қабылдаудан күтілетін нәтижелер:

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың ұсынылған моделі және кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жазаларды ізгілендіру бірінші кезекте азаматтардың құқықтарын қорғауға тиісті және медициналық қызметтерді алу кезінде денсаулық пен өмірге келтірілген зиянды өтеуге, сондай-ақ медицина қызметкерлерін құқықтық және қаржылық қорғауға, науқасқа көмек көрсету кезінде қоғамдық пайдалы қауіппен байланысты саладан жоғары білікті мамандардың кетуін азайту үшін, сондай-ақ жас ұрпақты денсаулық сақтау саласына тартуға бағытталған.

Парламент қабырғасында пациенттердің құқықтарын қорғай отырып, ақ халатты абзал жандарды жігерлендіріп, медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған біздің заң жобамызға қолдау көрсетіледі деп сенеміз.

Назарларыңызға рахмет! 

Дата публикации
19 декабря 2022
Дата обновления
19 декабря 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы