Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі микробқа қарсы төзімділікті қадағалаудың басым қадамдарын айқындады

Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің қолдауымен микробқа қарсы тұрақтылықты эпидемиологиялық қадағалауды іске асыру мәселелерін талқылау бойынша  ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары, "Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті (тұрақтылықты) тежеу" Жол картасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, "QazBioPharm" Ұлттық холдингі, Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан ҚР АШМ  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев, АШМ ведомстволық бағынысты ұйымдары қатысты.

Халықаралық мәліметтерге сәйкес, микробқа қарсы тұрақтылық бүкіл әлем бойынша кем дегенде 1,27 миллион адамның өмірін қиған және 2019 жылы 5 миллионға жуық өліммен байланысты қоғамдық денсаулыққа шұғыл жаһандық қауіп болып табылады.

Төзімділіктің дамуы мен таралу қаупімен күресу инфекцияның алдын алуға және микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалануға бағытталған жедел әрекеттерді қажет етеді.

Екі күн ішінде салааралық үйлестіруді, микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықты (МПТ) эпидемиологиялық қадағалауды, инфекциялардың алдын алуды және инфекциялық бақылауды, микробқа қарсы препараттарды қолдануды қадағалауды, микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалануды қоса алғанда, МПТ төзімділікті эпидемиологиялық қадағалаудың ұлттық жүйесін нығайту жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті (тұрақтылықты) тежеу" Жол картасын өзектендіру ұсынылды және 2023-2027 жылдарға арналған басым қадамдар айқындалды.

Дата публикации
19 ноября 2022
Дата обновления
19 ноября 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы