Меню

Страницы

Статья

А. ҒИНИЯТ ИЗРАИЛДІК ИНВЕСТОРЛАРМЕН ҚР-ДА ФАРМЗАВОДТАР САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Израиль мемлекетінің медициналық ұйымдарының өкілдерімен Қазақстан Республикасында биопарктер салу туралы Biopharmax және RadiumKZ компаниялары мәселелері бойынша кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасындағы дәрі-дәрмек саясатының ерекшеліктеріне, биопарктегі жергілікті өндірістің басымдықтарына, заманауи                                IT-технологияларды пайдалануға, онкологиялық саладағы пилоттық жобаны іске асыруға, сондай-ақ ҚР ДСМ мен «RadiumKZ» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

 

Тараптар ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының базасында ODMachine пилоттық жобасын іске асырудың мүмкіндіктері мен егжей-тегжейін талқылады.

 

«Біз денсаулық сақтау саласындағы қазақстан-израиль ынтымақтастығына ерекше мән береміз.  Менің ДДҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 72-ші сессиясына қатысуым шеңберінде ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Израиль мемлекетінің Денсаулық сақтау министрлігі арасында Денсаулық сақтау және медицина саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды», - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният.

 

Министр  Денсаулық сақтау министрлігі Израильмен медициналық білім беру саласындағы, атап айтқанда ғылым саласындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлау саласындағы ынтымақтастықты, медициналық жоғары оқу орындары мен халықаралық ұйымдардың арасында әріптестік орнатуды қарқынды дамытып жатқанын атап өтті.

 

Кездесу соңында Министр денсаулық сақтау саласындағы Израиль мемлекетімен әріптестік ынтымақтастықты нығайтуға және одан әрі дамытуға дайын екенін білдірді.

Дата публикации
12 декабря 2022
Дата обновления
12 декабря 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы