Меню

Страницы

Статья

"ШИПАЖАЙ-2022" VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

Астанада 15-16 қараша күндері "Шипажай-2022" атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық форум өтеді.

Форумның мақсаты - курорттарды дамыту, санаторий-курорттық емдеудің, медициналық оңалтудың заманауи технологияларын дамытуға байланысты тиімді кешенді тәсілдерді әзірлеу үшін жұмыла әрекет ету мәселелерін талқылау. Курорттық іс менеджментін, курорттық бизнес индустриясын, зияткерлік, ұйымдастырушылық, кадрлық және ақпараттық ресурстарды жетілдіру мәселелерінде курорттық топтар арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.

Өтетін орны: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 49а, Акт залы, Астана медицина университеті.

Конференцияны өткізу форматы: аралас (онлайн / офлайн)

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният, санаторий-курорт саласының, медициналық жоғары оқу орындарының басшылары мен жетекші мамандары, Қазақстан мен Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Грузия, Чехия, Черногория елдерінің практикалық денсаулық сақтау өкілдері қатысады.

Форум аясында:

- "Қазақстан санаторийлері: тәжірибе және даму перспективалары" атты пленарлық сессия;

- Қазақстанда және шетелде әзірленген санаторий-курорттық ұйымдардың және заманауи медициналық технологиялардың "Шипажай-2022" көрмесі;

- "Шипажай-2022" атты VII Халықаралық ғылыми-практикалық форумының лауреаттарын марапаттау;

- "Санаторий-курорттық кешенді дамытуға қазіргі заманғы көзқарас: мемлекеттік органдар, кәсіподақ ұйымдары, ұлттық компаниялар, жеке серіктестік" атты дөңгелек үстел (ТМККК, МӘМС, НҚА мәселелері, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік пакеттер, кадрлар, медициналық туризм);

- "Егде жастағы және қарт адамдарды оңалтуда жұмыс істеудің және  шкалалардың халықаралық жіктемесін пайдалану ерекшеліктері. Спортшылардағы FMS тестілеу мысалында егде жастағы адамдарда тірек-қимыл аппараты проблемаларының алдын алу ретінде қозғалыс ауруларын  диагностикалау";

- Астана қаласының Медициналық және оңалту орталықтарына шолу экскурсиялары (ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы, "University Medical Center"корпоративтік қорының балаларды оңалтудың Ұлттық орталығы).

 

Форумның бірінші күні, 15.11.2022 жылы онлайн қосылуға болады:

Шипажай 2022

NАО "MUA" ұйымдастырушы

https://amu1.webex.com/amu1-ru/j.php?MTID=m75e171304a413c7eba079c376ec7e722

сейсенбі, 15 қараша., 2022 09:00 | 9 сағ | (UTC+06:00) Астана

Жиналыс нөмірі: 2518 644 2037

Құпия сөз: 547651Dq

 

Видео жүйесі арқылы қосылу үшін:

25186442037@amu1.webex.com теріңіз

Сондай-ақ, 210.4.202.4 нөмірін теріп, жиналыс нөмірін енгізуге болады.

 

Телефон арқылы қосылыңыз

+65-6703-6949 Singapore Toll

Кіру коды: 251 864 42037

 

Қосымша ақпарат алу үшін + 7 7014189181 телефоны бойынша хабарласуға болады,

Татьяна Хватикова, "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ бас маманы

e-mail: Hvatikova@qmu.kz

Дата публикации
14 ноября 2022
Дата обновления
14 ноября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы