Құрметті қонақтар, қатысушылар, ұйымдастырушылар!
Сіздермен жыл сайын өткізілетін «Шипажай-2022» VII Халықаралық ғылыми-практикалық форумының алаңында кездескеніме қуаныштымын.
Қазақстан климаттық және табиғи факторлары алуан түрлі ерекше ел. 17 өңірдің әрқайсысында емдік қасиеттерімен танымал ерекше емдік-балшық көздері, минералды сулары, ауа бассейндері бар. Қазіргі таңда елде әртүрлі бейіндегі 160-тан астам санаторийлік-курорттық мекеме бар, олардың 10-ы балаларға арналған мамандандырылған санаторийлер.
Санаторийлік-курорттық емдеу – бұл азаматтарымыздың өмір сүру ұзақтығы мен сапасына сөзсіз әсер ететін профилактикалық қаралумен, емдік процеспен, сондай-ақ медициналық оңалтумен байланысты қазақстандықтардың денсаулығын қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Кәсіби сарапшылар қауымдастығымен ашық диалогта бола отырып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санаторийлік-курорттық бағыттың белсенді дамуын және осы саланың жаңа сапалы деңгейде қалыптасуын қолдайды.
Бүгінде саланың ғылыми-зерттеу және кадр әлеуетін қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізу, нақты уақытқа сәйкес келетін нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу, медициналық бөлімді нығайту және жаңа тиімді оңалту технологияларын енгізу, бүкіл денсаулық сақтау жүйесі үшін «өсу орындарына» немесе үздік практикалар орталығына айналатын перспективалық клиникалық санаторийлердің негізгі пулын анықтау қажет.
Қазақстандықтардың денсаулығын, әсіресе ковидқа байланысты асқынулардан кейінгі денсаулығын нығайту үшін бірлескен күш-жігермен біз «Емхана - Стационар-Санаторий» бойынша қалпына келтіру емінің алтын стандартын қалпына келтіруіміз керек.
Практика сауықтыру емшараларынан тұрақты өтетін адамның аз ауыратынын, яғни денсаулығының жақсы және еңбек ету мүмкіндігінің жоғары екенін және ұзақ өмір сүретінін көрсетеді.
Сонымен бірге, менталдық денсаулығы бұзылған, әлеуметтік осал топтағы балалар үшін оңалту қызметтерінің қолжетімділігін жақсартуымыз керек, сондай-ақ бүгінгі таңда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарлама іске асырылып жатқан ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту тетіктерін ойластыруымыз керек. Ол үшін елімізде халықтың денсаулығын жақсату үшін іске асырылуы қажет санаторийлік-курорттық саланы дамытудың зор мүмкіндіктері бар.
Форумның барлық қатысушыларына нәтижелі бірлескен жұмыс, қызықты кездесулер мен пікірталастар, ғылыми мүмкіндіктерді кеңейту мен іскерлік ынтымақтастықты нығайтуды тілеймін!