Меню

Страницы

Статья

ҚР Денсаулық сақтау министрінің ҚР Парламенті Сенатындағы Үкіметтік сағаттағы баяндамасы

Құрметті Ольга Валентиновна!

Құрметті Нариман Төреғалиұлы!

Құрметті Парламент Сенатының депутаттары және Үкімет сағатына қатысушылар!

 

2-слайд

Денсаулық сақтаудың медициналық-демографиялық көрсеткіштері

Халықтың денсаулығын нығайту Үкіметтің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Біз Мемлекет басшысының халыққа медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмалары шеңберінде кешенді жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Елімізде биыл ресми статистика бойынша денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің оң үрдісі байқалады.

Мәселен, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда халықтың жалпы өлім-жітімі 28%-ға (28,51) төмендеді.

Бұл ретте қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткішінің шамамен 32%-ға (32,4%), обырдан – 9%-ға (9,4%), жарақаттан - 4%-ға (3,6%), тыныс алу ағзаларының ауруларынан болатын өлім-жітім - 33%-ға, ал туберкулезден болатын өлім-жітімнің 17%-ға (17,5%) төмендегені байқалады.

Ағымдағы жылы ана өлім-жітімі 3,5 есеге (2021 жылы – 174 жағ., 2022 жыл – 49 жағ.) төмендеді.

Нәресте өлім-жітімінің абсолюттік саны 200-ден астам балаға төмендеп отыр.

Жалпы, зерттеудің арқасында аурушаңдықтың алдын алу   және ковидтің салдарын жою жүргізілуде.

Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсаруы халықаралық рейтингтерде де байқалады. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары рейтингінде Қазақстан Республикасы позициясының жақсарғаны байқалады. 2020 жылы 193 елдің ішінде Қазақстан 65-ші орынды иеленді, ал 2022 жылдың басында Біріккен Ұлттар Ұйымы біздің мемлекетіміздің рейтингін 6 позицияға көтеріп 59-шы орынға дейін жақсартты.

 

 

3-слайд

«Дені сау ұлт» ұлттық жобасы

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейінгі «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда.

Ұлттық жобаның негізгі мақсаты 2027 жылға қарай өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа дейін арттыру болып табылады.

4-слайд

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек

Қолжетімді және сапалы денсаулық сақтауды қамтамасыз етудің кепілі - күшті және өзін-өзі қамтамасыз ететін медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметі болып табылады.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек - бұл халыққа барлық медициналық көмекті үйлестіруге арналған қызмет.

Денсаулық сақтаудың осы секторындағы негізгі проблемалар: емханалардың аздығы, материалдық-техникалық жарақтандырудың әлсіздігі, ғимараттардың қатты тозуы және кадрлармен қамтамасыз етудің төмендігі болып отыр.

Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде біз медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін барынша мобилділік пен халықтың кең ауқымына қолжетімділік жағына қарай жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіттік және іске асырып жатырмыз.

Қазіргі уақытта елде 5 мыңнан астам (5 695) медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымы жұмыс істейді (501 - ауылда, 5 194-қалада).

2021 жылы қосымша 30 медициналық объекті  пайдалануға берілді (дәрігерлік амбулатория - 6, фельдшерлік-акушерлік пункт - 3, медициналық пункт - 21), ал ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 92 объектіні ашу жоспарлануда. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының кадрлық әлеуеті шамамен 90 мың (86 мың) медицина қызметкері (23 мың – дәрігер, 63 мың – орта медицина персоналы).

Қазіргі уақытта бір жалпы практика дәрігеріне жүктеме орташа есеппен 1 830 адамды құрайды.

Сонымен қатар, медициналық көмектің тиімділігін арттыру үшін учаскелік дәрігерден басқа, екі-үш орта медицина қызметкерінен, әлеуметтік қызметкерден, медициналық психологтан, сондай-ақ қажет болған жағдайда бейінді мамандардан тұратын медициналық-санитариялық алғашқы көмектің учаскелік мультипәндік бригадасымен көмек көрсетіледі.

Бұл ретте медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің учаскелік қызметкерлер мен онкологтарды материалдық ынталандыру үшін әрбір пациентке бекітілген халықтың ынталандырушы компонентін ұлғайту жоспарда бар.  

Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жыл сайын артып келе жатқанын айта кеткен жөн. Мәселен, егер 2019 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде Бірыңғай дистрибьютор 2 млн. 281 мың адамды қамти отырып, (114,6 млрд теңге сомаға) 45 нозология бойынша (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алса, онда қазіргі жағдай бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында 3 млн 771 мың адамды қамти отырып, (жалпы сомасы 162,7 млрд теңгеге) 176 ауруға дейін.

Биыл халықтың шағымын ескере отырып, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған жағдайда зерттеп-қарау мен емдеуді жеделдету үшін «Жасыл жол» тәсілі енгізілгенін, сондай-ақ 9 бағыт бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету қазіргі уақытта учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн.

Емханараларда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің озық, пациентке бағдарланған тәжірибелер жобалары енгізілуде.

Биылғы жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағына мүше 53 мемлекет үшін халыққа озық практикалар көрсету бойынша әлемдегі алғаш рет медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету алаңы ашылды.

Бұл алаң таяу шет елдерге біздің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесінің жұмыс тәжірибесімен белсенді танысуға және озық практиканы біздің өңірлерге енгізуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, артериялық гипертензия, жүрек  функциясының созылмалы жеткіліксіздігі және 2 типті қант диабеті сияқты созылмалы ауруларды басқаруды жақсарту мақсатында республикада ауруларды басқару бағдарламасы іске асырылатынын атап өткен жөн.

Бұл бағдарлама аурумен күресуге емес, өзінің хроникалық аурын дәрігермен басқаруға үйретеді. Бұндай өңірлерде жаппай озық технологиялар енгізілуде.

 

5-слайд

Ауылдық денсаулық сақтау

Ауылдық денсаулық сақтау саласына бөлек тоқталғым келеді.

Коронавирустық пандемия жылдарында елде жүргізілген шектеу шараларына байланысты ауыл мен қала халқының арасында медициналық көмек көрсетуде алшақтылық анықталды. Бүгінде ауылдарда халықты ерте диагностикалау және консультациялық-диагностикалық  қызметтердің қолжетімсіздігі  байқалады.

Осыған байланысты, биыл ауыл тұрғындары үшін профилактикалық қарап-тексерулер енгізілді.

Бұрын скринингтерде тек жүрек-қан тамырлары аурулары, глаукома, қант диабеті, онкологиялық аурулар, мінез-құлықтық қауіп факторлары сияқты бес нозологияны анықтасақ, биыл ауыл тұрғындары денсаулығының талдауын ескере отырып, біз зерттеп-қарау тізбесін кеңейттік, асқазан-ішек жолдарының, несеп шығару жүйесінің, егде жас тобындағы адамдардың тыныс алу ағзаларының ауруларын және қуық асты безінің обырын ерте анықтау бойынша профилактикалық қарап-тексерулер іске асырылуда, сондай-ақ 18 бен 29 жас аралығындағы жастар зерттеп-қараумен қамтылды.

Туғаннан бастап 18 жасқа дейін - «Балалар», 18 жастан бастап 29 жасқа дейін «Жастар», 30 жастан бастап 44 жасқа дейін «Еңбек-1», 45 жастан бастап 65 жасқа дейін «Еңбек-2» және 66 жастан асқандар «Зейнеткер» сияқты санаттар бойынша нысаналы топтар анықталды.

Бүгінгі таңда зерттеліп-қаралған 44 мың ауыл тұрғынының 11 мың-нан астамы жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясының  белгілері анықталды.

Құрметті Сенат депутаттары, сіздердің қолдауларыңызбен биыл Заңға норма енгізіліп, жергілікті атқарушы органдарға дәріханалары жоқ шалғай ауылдық елді мекендердің тұрғындарын дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Қысқа уақытта ауылдарда медициналық ұйымдардың базасында 72 дәріхана пункті және 161 жеке дәріхана ашу қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн.

Жету қиын ауылдық елді мекендерде медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жылжымалы медициналық кешендер кеңінен пайдаланылуда.

 Сондай-ақ, биыл «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» 2 медициналық пойызының жұмысы қайта жанданды.

Сонымен қатар, 2021 жылы санитариялық авиация  2500-ден астам ұшуды жүзеге асырды (2020 ж. – 2125 ұшу).

Ел халқына, оның ішінде ауыл тұрғындарына медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру үшін ағымдағы жылы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі қайта қаралды. Осылайша, 50 адамға дейінгі ауылдарда медициналық көмекті мейіргер ғимаратсыз жүзеге асырады, ал 500 адам тұратын ауылдарда медицина қызметкерлерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайып, фельдшер-акушерлік пункттер ашылуда (ҚР ДСМ 2022 жылғы 30 маусымдағы № 59 бұйрығы).

Сондай-ақ, аудандық ауруханаларды заманауи компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен қамтамасыз ету жүргізілуде – медициналық техникамен жарақтандыру деңгейі 84%-ға дейін жеткізілді (жоспар-74%).

 

6-слайд

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»

пилоттық ұлттық жобасын

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде біз «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасын әзірлегенімізді айта кеткен жөн.

2022 жылғы 24 қарашада жоба Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында қаралып, мақұлданды.

Ұлттық жобаның шеңберінде мыналар қамтамасыз етілетін болады:

- 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек  объектісін;

- «алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсететін, сондай-ақ ірі қалаларға бармай-ақ, оның ішінде телемедицина және қашықтықтан медициналық қызметтер арқылы мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін 32 көп бейінді аудандық орталық аурухананы ұйымдастыру (оның ішінде 12 жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту және 20 жаңа көп бейінді аудандық орталық аурухананы ашу).

Ұлттық жобаны іске асыру мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

1) медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қадамдық қолжетімділігі, сондай-ақ ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуға;

2) ауыл тұрғындарына шұғыл мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі мен уақтылы көрсетуге («алтын сағат» қағидатын сақтай отырып);

3) халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға.

 

7-слайд

Мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек

Стационарлық көмектің сапасы және жоғары технологиялық ем алу үшін шетелге мәжбүрлі түрде шығу туралы халықтың шағымдарын назарға ала отырып, Қазақстанда мамандандырылған стационарлық көмекті жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өңірден келген мамандар үшін кардиология, кардиохирургия, анестезиология және т.б. мамандықтары бойынша шеберлік сыныптары, біліктілікті арттыру циклдары, жұмыс орнында тағылымдамалар өткізіледі, сондай-ақ кардиологтарға, кардиохирургтарға, перфузиологтарға, анестезиолог-реаниматологтарға және мейірбике специалистов мамандарына арналған созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және экстрокорпоральды мембраналық оксигенация мектебі ұйымдастырылды.

Республикада жіті коронарлық синдромы бар науқастарға көмек көрсету үшін 41 тері арқылы коронарлық араласу орталығы, 74 инсульт орталығы жұмыс істейді.

 

Сондай-ақ, біз тері арқылы коронарлық араласу орталықтары мен инсульт орталықтары желісін одан әрі дамытуды, 2-деңгейлі 4 тері арқылы коронарлық араласу орталығын ашуды, сондай ақ 30 инсульт орталығын ашуды жоспарлап отырмыз.

Онкологиялық аурулармен күрес біздің Мемлекет басшылығының ерекше бақылауында тұр.

Жыл сайын елімізде 35 мыңнан астам адам обырға шалдығады, 14 мыңнан астам адам қайтыс болады, Д есепте 200 мың қазақстандық тұр. Онкологиядан болатын өлім-жітім артып, үшінші орында тұр.

Өңірлердегі диагностикалық жабдықтар паркінің тозуына және онкологиялық көмекті одан әрі жетілдіруге байланысты Министрлік онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың жобасын әзірледі.

8-слайд

Ана мен бала денсаулығын сақтау

Биыл балалар мен жүкті әйелдерді, оның ішінде қауіп тобындағы балаларды зерттеп-қарау және оларға консультация беру үшін пренаталдық ультрадыбыстық скрининг жүргізуді ұйымдастырудың жаңа стандарты бекітілді, 18 ұрықты сақтау орталығы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ дамуында кемістігі және олардың туындау қаупі бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған 2 ерте араласу орталығы (Алматы және Шығыс Қазақстан облысы) ашылды.

2023 жылдың соңына дейін 10 мыңнан астам баланы қамтитын 13 орталық ашу жоспарлануда.

Жүргізіліп жатқан профилактикалық зерттеулердің ағымдағы көлемін ескере отырып, балалар популяциясын профилактикалық қарап-тексеру пакеттері кеңейтілді.

Медициналық оңалтуды қаржыландыру 2019 жылмен салыстырғанда 7 есеге, оның ішінде балалар үшін 27%-ға ұлғайды.

2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды, оған 2026 жылға дейін экстракорпоралдық ұрықтандыруға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген.

Бағдарламаны іске асыру барысында 3 мыңнан астам әйел жүкті болып, көптен күткен 2 мың 431 бала туды.

Жүкті әйелдер мен балаларға кешенді, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 11 заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы жоспарланған.

9-слайд

Кадрлық қамтамасыз ету

Кадр мәселесі, ерекше орында тұр.

 

Республика бойынша кадрлар тапшылығы бар.

2021 жылы 3050 жас түлек жұмысқа орналастыруға жіберілді, оның  630 ауылды елде-мекендерде. Ал биыл 1872 жас түлектің 444-і ауылдарға жіберілді.   

2023 жылы жоспарланған оқу бітіретін түлек 11 мыңнан асады.

2022 жылы жалақы келесідей ұлғайды: дәрігерлерге орташа есеппен – 30%-ға (421 мың теңге.); орташа медицина персоналына - 20%-ға (235 мың теңге).

Ал келесі 2023 жылы дәрігерлерге жалақыны орта есеппен 531 мың теңгеге дейін; орта медицина персоналына 250 мың теңгеге дейін көтеру жоспарлануда.

Екінші. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін және медицина қызметкерлерінің мәртебесін сақтандыру жүйесін енгізуді қамтамасыз ету үшін тиісті заң жобасы әзірленді, ол қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде қаралуда.

10-слайд

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

Министрлік дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру және отандық фармацевтикалық өндірісті дамыту шеңберінде жұмыс жүргізуде.

Соған байланысты, биыл фармацевтика саласын мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларын іске асыруда кешенді тәсілді жүзеге асыру, сондай-ақ нарықтағы отандық өндірушілердің үлесін ұлғайту үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен медицина және фармацевтика өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру функциялары берілді.

Бүгінгі таңда елімізде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 89 өндірушісі жұмыс істейді.

Отандық өндірушілерді қолдаудың негізгі тетігі 10 жылға дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу болып табылады. Бірыңғай дистрибьютор 92 ұзақ мерзімді шарт жасасты.

Қолданыстағы ұзақ мерзімді шарттар бойынша дәрілік заттардың 316 түрін және медициналық бұйымдардың 428 түрін өндіру жолға қойылған.

Қазіргі уақытта Министрлік Әкімшіліктермен бірге Ақтөбе, Астана және Шымкент қалаларында осы аумақтарда өндірістік алаңдар мен жетекші медициналық жоғары оқу орындарының болуына, сондай-ақ еркін экономикалық және индустриялық аймақтар болғандықтан 3 кластерлік аймақты қалыптастырудамыз.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың отандық өндірісінің үлесін арттыру үшін 2026 жылға қарай дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша, оның ішінде Big Pharma тарта отырып, кемінде 30 жаңа өндіріс ашу жоспарланған.

 

11-слайд

Денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселелері

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығыстарды 2027 жылы жалпы ішкі өнімнің 5% көлемінде ұлғайту жөнінде бастама көтерді.

Әлемдік тәжірибе халықтың өмір сүру ұзақтығы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру деңгейіне тікелей пропорционалды екенін көрсетті.

Мәселен, Қазақстанда елдің жалпы ішкі өнімінен денсаулық сақтауға жұмсалған шығыстар 2,7% болған кезде жалпы өмір сүру ұзақтығы 70 жылды құрады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдері 70 жылдық өмір сүру ұзақтығы деңгейіне денсаулық сақтауға жалпы ішкі өнімнен 4% көлемінде шығыстар жұмсау кезінде жетті.

Біздің еліміз жалпы ішкі өнімнен 3% көлемінде денсаулық сақтауды қаржыландыру кезінде өмір сүру ұзақтығы көрсеткішінің  ең жоғары мәніне - 73 жасқа қол жеткізді.

Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдері жалпы ішкі өнімнен  6,5%  мөлшерінде  денсаулық сақтауды қаржыландыру кезінде жалпы өмір сүру ұзақтығы көрсеткіші мәніне - 80 және одан да артық жасқа қол жеткізді.

Слайдтан денсаулық сақтаудың мемлекеттік шығындары неғұрлым жоғары болса, өмір сүру ұзақтығының мәні соғұрлым жоғары болатынын көріп отырсыздар.

 

12-слайд

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды

іске асыру

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске асырылуда.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу коронавирусқа байланысты пандемиясымен тап келді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік мемлекеттік органдармен және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп мынадай шараларды әзірлеп іске асыруды бастады.

 

 

Құрметті Сенат депутаттары!

Мемлекет басшысының, Үкіметтің және депутаттық корпустың ерекше назарының арқасында салада инфрақұрылымды айтарлықтай жаңарту жүргізілді және медицина қызметкерлерін қолдаудың бұрын-соңды болмаған       іс-шаралары атқарылуда.

Денсаулық сақтау жүйесінің алдында жылдар бойы қордаланған мәселелер мен нақты ауқымды міндеттер тұр, оларды сапалы түрде іске асыруға бар күшімізді саламыз!

Назар аударғаныңыз үшін рахмет!

 

Дата публикации
02 декабря 2022
Дата обновления
02 декабря 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы