Меню

Страницы

Статья

ТҰЗДЫ ТҰТЫНУДЫ ҚАЛАЙ АЗАЙТУҒА БОЛАДЫ?

Тұзды көп тұтыну қан қысымының жоғарылауына әкеледі, сонымен қатар ағзаның басқа жүйелеріне теріс әсер етеді. Шамадан тыс тұздалған тамақтану инсульт, жүрек-қан тамырлары аурулары, бүйрек жеткіліксіздігі, асқазан қатерлі ісігі және т.б. қаупін арттырады.

Тұзды тұтынуды қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін ас үлесіне құрамында тұзы көп тағамдарды азырақ қосу қажет.
🔹 өнеркәсіптік терең өңделген дайын өнімді (ет шұжық өнімдері, балық деликатестері, дәмді сухарилер мен крекерлер, консервіленген өнімдерді) азырақ;
🔹 тұздалған және маринадталған өнімдерді сирек тұтыну, өнімді дайындау мен сақтауда тұзды аз немесе тұзсыз жасау тәсілдерін қолдануға тырысу;
🔹 "Тұзы азырақ болса, дәмі көбірек шығады" деген ұстанымды ұстану арқылы тұздың орнына бұрыш, лимон шырыны, сарымсақ, дәмдеуіштер мен шөптерді қолдануға болады;
🔹 сорпаға дәмді дәм беру үшін тамыр жеміс (балдыркөк тамыры, пияз, сәбіз), тамырлар (зімбір тамыры), шөптер (насыбайгүл) және басқа да хош иісті көкөністер (балдыркөк сабағы, пияз) қолдануға болады;
🔹 соя соусы, кетчуп және құрамында жасырын тұздың мөлшері көп салаттарға арналған тұздықтар сияқты дайын тұздықтарды пайдалануды азайту;
🔹 консервіленген өнімдерді тұтынған кезде ішіндегі сұйықтықты төгіп тастап, тұздың құрамын азайту үшін өнімдердің өзін сумен шаю керек;
🔹 тұз сауытты үстелден (жылдам қол жетімділік жерден) алып тастау арқылы дайын тағамға тағы да тұз қосуға қызығудан арылуға болады.

Дата публикации
09 декабря 2022
Дата обновления
09 декабря 2022
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы