Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Sinopharm Қытай вакцинасының жаңа партиясын алды

29 қаңтарда ҚР-ның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен Бейжіңнен Алматыға Sinopharm (VeroCell) корпорациясы шығарған COVID-19-ға қарсы вакцинаның кезекті партиясы келді. Жүк құрамына 2 млн. доза кірді. Жеткізілген дозалар ҚР халқын жаппай вакцинациялауды аяқтауға мүмкіндік береді.

Келген вакцина стикерлеу рәсімі аяқталғаннан кейін, ҚР ДСМ СЭБК-нің үйлестіруіне сәйкес жедел тәртіппен ел өңірлеріне жіберіледі. Алдағы күндері Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болады.

Ковидке қарсы препарат Бейжің биологиялық өнімдер институты әзірлеген және ДДҰ осы жылдың көктемінде мақұлдаған, ол әлемнің 45 елінде танылған. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі- 24 ай.

Бірыңғай дистрибьютор иммунобиологиялық препараттардың логистикасын барлық GMP және GDP стандарттарын, сондай-ақ "суық тізбекті" сақтай отырып жүзеге асырады.

Sinopharm вакцинасының ерекшелігі - оны жеткізу процесі мұздатқышты қажет етпейді, +2 +8 градус температурада сақталады және тасымалданады. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Sinopharm компаниясының Бейжің биологиялық өнім институты препаратының 4 млн. дозасын, сондай-ақ сәуір айының соңында БАӘ-де Hayat-Vax сауда атауымен шығарылған миллион дозаны алған болатын.

Анықтамалық:

Вакцинаны тасымалдау "суық тізбек" қағидаты бойынша жүргізіледі — әрбір кезеңде температуралық режимді қатаң сақтау қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әр деңгейде – өзінің жауапты ұйымы.

Вакциналарды тасымалдау 4 кезеңде жүзеге асырылады:

  1. Өндірушіден Бірыңғай дистрибьютордың хабтарына дейін;
  2. Бірыңғай дистрибьютор хабтарынан өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларына;
  3. Өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының қоймаларынан медициналық ұйымдарға;
  4. Медициналық ұйымдарда қолданғанға дейін сақтау.
Дата публикации
29 января 2022
Дата обновления
04 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы