Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда ағымдағы жылдың 6 айында ағза мүшесінің трансплантациясы бойынша 100-ден астам операция жасалды

​Қазіргі заманда трансплантология ең көп сұранысқа ие жоғары технологиялық медициналық көмектің түрі болып саналады. Себебі бұл науқастың өмірін сақтап қана қоймай, оның өміріне едәуір өзгеріс әкеледі.

​Қазақстанда 6 трансплантация орталығы, 40 донорлық стационар, 26 стационарлық және 16 аймақтық трансплантация үйлестірушісі бар. Елімізде 2012 жылдан бері Трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығы жұмыс істейді. Оның ең басты міндеті – Қазақстан Республикасында ағза мүшесі донорлығының тиімді ұлттық жүйесін құру.

​2021 жылы аталмыш орталық 4 өлі донордан трансплантациясына  үйлестіруші болды: олардан 10 донорлық ағза мүшесі алынып,  транплантацияға зәру рецепиенттердің Регистрінде тіркеулі тұрған 10 пациентке трансплантталды. Ал,  биылғы 6 айда 2 өлі донордан  алынған 7 ағза мүшесі  транплантация жасалды.

2021 жылы республиканың трансплантациялық орталықтарында ағза мүшесінің транспланттау бойынша 171 операция жасалды: оның ішінде 4 өлі донордан 10 ағза мүшесі,  көзі тірі донорлардан 161 ағза мүшесі ауыстырылды. Ал, биылғы жартыжылдықта трансплантациялық орталықта  ағза мүшесі трансплантациясы бойынша 104 операция жасалды. Оның ішінде 7 ағза мүшесі өлі донордан алынса, 97 ағза мүшесі көзі тірі донордың келісімен алынған.

​Осы орайда айта кетерлік жайт, қазақстандықтар өзі қайтыс болғанда кезде трансплантация жасау мақсатында ағза мүшесінің доноры болуға не бас тартуға ықтиярын egov.kz порталы арқылы көзі тірісінде білдіре алады. Осылайша 2020 жылдан бері порталда  18000-ға жуық өтінім тіркелген: оның ішінде 17 мыңнан  аса адам бас тартса, 1000-ға жуық адам келісім берген.

​Жалпы, қоғамда ағза мүшесінің донорлығына оң көзқарас қалыптастыру еліміздің денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі саналады. Сол себепті транплантацияны үйлестірушілер бұл бағытта кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. 

​Трансплантология немесе ағза мүшесі донорлығының дамуы туралы мағлұматпен Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың www.transplant.kz сайтынан, сондай-ақ ұйымның әлеуметтік желідегі (Facebook, Instagram) ресми парақшаларынан танысуға болады.

Дата публикации
29 июля 2022
Дата обновления
04 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы