Меню

Страницы

Статья

КОСМЕТОЛОГИЯЛЫҚ БОТОКС ЦЕРЕБРАЛДЫҚ САЛ АУРУЫ БАР БАЛАЛАРДЫ ЕМДЕУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ

Павлодар облысында «церебралдық сал ауруы» диагнозы қойылған балалар ботуликсиннің негізінде егіледі, бұл бұлшықеттердің патологиялық тонусын төмендетуге көмектеседі.

Косметологиядағы ең көп таралған препараттардың кейбірі медицинада тиімді қолданылады. Маңдайдағы, қастардағы, көздердегі және еріндердегі әжімдерді кетіру үшін кеңінен қолданылатын жалпыға танымал ботулоксин дистония, мигрень, гипергидроз, вегетативті бұзылулар және церебралдық сал ауруы сияқты ауруларды емдеуде пайдалы болды.

Сал ауруына шалдыққан балалардың бірінің анасы айтқандай, диспорт егілгеннен кейін денсаулық жағдайы қалыпқа келді.

«Егіздердің үлкені 1 екпеден кейін 3-4 қадам жасай бастады, сіңірлер созылып, жағдайы жақсара бастады. Біз осы жылдың қыркүйегінде екінші екпені алдық. Қазір өте жақсы, 1-1, 5 метр бала өздігінен жүре алады. Қорқыныш бар, бірақ диспорт егілгеннен кейін бізде қозғалыс кезінде сенімділік пайда болды»,- деді Индира Нұрғалиева.

Препарат қолдар мен аяқтардағы бұлшықеттердің патологиялық тонусын төмендетеді, оңалту емшаралары мен бала күтімін жеңілдетеді. Терапияны неғұрлым ерте бастасаңыз, оңалту оңайырақ болады, дейді мамандар.

«Біз бұл препаратты ай сайын бірнеше пациентке саламыз. Тиісінше, біз жақсы нәтиже көріп отырмыз. Пациенттер қайта келуі керек, өйткені бұл тек уақытқа әсер етеді.

Кейбіреулер 3-4 ай немесе одан да көп болуы мүмкін. Мұның бәрі организмге тікелей байланысты. Оның теріс әсері байқалмайды»,- деп атап өтті Павлодар облысының бас штаттан тыс балалар невропатологы, облыстық балалар ауруханасының неврология бөлімінің меңгерушісі Арман Иманов.

Науқас балалар препаратты МӘМС-тің есебінен Павлодар облыстық балалар ауруханасынан ала алады.

 

Дата публикации
31 октября 2022
Дата обновления
31 октября 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
01 июля 2026
Қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің жүйелері туралы жариялануға жататын мәліметтер
Хабарлама
05 июня 2026
Публичные слушания
Ақпарат
25 ноября 2025
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Ш. Әлназарованың Алматы қаласына жұмыс сапары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы