Отчет о ходе исполнений Концепции в 2025 году

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының денсаулық сақтау жүйесінде
2025 жылы орындалу барысы туралы ақпарат

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  (бұдан әрі – ҚР ДСМ) «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы № 914 қаулысының шеңберінде  «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023 – 2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппарат басшысының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгеріс  енгізу туралы» ҚР ДСМ  2025 жылғы 17 наурыздағы №178 бұйрығын шығарып, оған сәйкес мынадай іс-шараларды іске асырды.

Тілдік ортаға негізделген тіл саясатын жүргізу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

2025 жылы денсаулық сақтау жүйесінде Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыруда республикалық деңгейде 10 іс-шара, 1 халықаралық деңгейде іс-шара өткізілді.

18 сәуірде ҚР ДСМ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталды.

        Аталған конкурсқа Алматы қаласының,  Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен басқарамаларының басшылары мен мамандары, Алматы, Астана қалаларының, Алматы, Абай,  Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстарының ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Семей медицина университеті, Астана медицина университетінің мамандары мен студенттері, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкерлері қатысты. Конкурстық комиссия қорытындысы бойынша үздіктер (Үздік медициналық ұйым - Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Алакөл орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК; Үздік сайт - Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, «Turar Healthcare» КеАҚ, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ; Үздік тіл мамандары - Қожахметова Фарида Бақытжанқызы, Сәрсембекова Тоғжан Өмірбекқызы;Тіл жанашырлары - Азамбаева Гүлнұр Ерболқызы, Дүмшебаева Анар Бейсембайқызы, Сығаева Қымбат Мырзабекқызы, Шаханова Айжан Тұңғышханқызы, Жанна Нұрбергенқызы, Темірбекова Әсем Шыңғысбекқызы. «Талаптыға нұр жауар» аталымы бойынша үздіктер - Дәулетова Ұлболсын Абайқызы, Құлтасов Медет Серікұлы, Тахиров Азат Азаматұлы, Zia Nuzhat, Сүлейменов Ислам Исмеилұлы, Gauransh Alagh; «Даналық» аталымы бойынша үздіктер - Жүкішева Шолпан Тұрғанбайқызы, Хангелдина Сұңқар Қосманапқызы, Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы, Бегларова Гүлшахар Еркінқызы, Мұсаева Әсия Қыбылашқызы) марапатталды.

   

5 маусымда «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз»  республикалық конкурсы өткізілді.

5 аталымда жеңімпаз болған денсаулық сақтау ұйымдарын  дипломмен қатар, демеуші  «Сұлтан» өндірістік фармацевтикалық компаниясының атынан  («Үздік медициналық білім беру ұйымы» І-дәрежелі диплом - «Семей медицина университеті» КеАҚ, ІІ-дәрежелі диплом - «М. Оспанов атындағы Батыс қазақстан медицина университеті» КеАҚ, ІІІ-дәрежелі диплом - «Астана медицина университеті» КеАҚ: «Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі» - І-дәрежелі диплом - Алматы қаласы Түрксіб ауданы СЭББ, ІІ-дәрежелі диплом - Қостанай облысы СЭБД Жітіқара аудандық СЭББ, ІІІ-дәрежелі диплом - Жамбыл облысы СЭБД Меркі аудандық СЭББ; «Үздік қан қызметі»  - «Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК; «Үздік амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым» - «Атырау қалалық №4 емханасы» ШЖҚ КМК; «Үздік стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым» - Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Көксу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК; «Үздік құрылымдық бөлімше» кіші аталымы бойынша «Мейіргерлік қызметтің үздік маманы») кубоктармен  марапатталды.

Конкурстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйым басшылары мен жеке азаматтарға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазақҰМУ ректоры М.Е. Шорановтың атынан Алғыс хаттар табыс етілді.

30 маусымда онлайн форматта ҚР ДСМ  «Turar Healthcare» КеАҚ «Медицина саласының кәсіби терминологиясын мемлекеттік тілге аударудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға медициналық білім беру және ғылыми оқу орындарының оқытушылары,  денсаулық сақтау мекемелеріндегі мемлекеттік тіл мамандары, аудармашылар, ҚР ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты, жалпы қамтылым  – 67 адам.  Дөңгелек үстел бағдарламасына сәйкес (С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Тілдік пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. – Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы «Медициналық терминдерді қазақ тіліне аударудың басты ұстанымдары», Патологиялық анатомия кафедрасының профессоры – Ахметов Жауғашты Байназарұлы «Медициналық терминдерді талдаудағы жасанды интеллектің орны»,  Микробиология, вирусология кафедрасының ғылыми атақсыз қауымдастырылған профессоры, м.ғ.к. – Бегадилова Толқын Сембайқызы «Медицина терминдерін жасанды интеллектті пайдаланып аудару кезінде туындаған мәселелер» тақырыбында, С.Р.Қарынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасының профессор ассистенті – Шәкенов Бауыржан Шәкенұлы «Анатомия терминдерін мемлекеттік тілге аударудағы өзекті мәселелер» тақырыптарында баяндама жасаса,  «Семей медицина университеті» КеАҚ ҚР ДСМ Терминологиялық комиссиясының  мүшесі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиология пәндер кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. қауымдастырылған профессорлары – Рақыжанова Сәуле Орынғазықызы және Иманбаев Мерей Нуриденұлы «Жүрек-қантамылар саласы бойынша қазақ тілінде терминдер жасау мәселелері және жасанды интеллект (ЖИ) аудармаларының ерекшеліктері») тақырыптарында өз тәжірибесімен бөлісті.

18 тамызда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының ұйымдастуырмен ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған дәстүрлі республикалық «Абай оқулары» байқауы өтті.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 51 қатысушы (48 өтінім) жиналып, үш аталым«Өлең – сөздің патшасы» және «Абайдың қара сөздері» (көркемсөз оқу); «Әлем таныған Абай» (эссе жазу);«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» (ән орындау) бойынша бақ сынады. Аталымдар бойынша жеңімпаздар (I орын — Жаңбыршын Аруай Құрманғазықызы, ҚР ДСМ С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту  ғылыми орталығының Алматы қалалық филиалының бас маманы;II орын — Саттарова Жадыра Нәбиқызы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» баспасөз қызметінің аға менеджері; III орын — Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің аға оқытушысы. «Әлем таныған Абай» (эссе) аталымы бойынша I орын — Ербатыров Мейрамбек Халелұлы, «СҚ-Фармация» ЖШС менеджері; II орын — Жұмаділ Балнұр Нұрболқызы, «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты» ЖШС аға зертханашысы (Жамбыл облысы, Қордай ауданы); III орын — Ақжігіт Мөлдір Әкбарқызы, ҚР ДСМ С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық ды дамыту  ғылыми орталығының  Қызылорда облыстық филиалы бөлім басшысы «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» аталымы бойынша I орын — Асқар Сандуғаш Маратқызы, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы; II орын — Маретбаева Марина Әбілжанқызы, Қарағанды медицина университетінің Орталық басшысы; III орын — Иманбаев Мерей Нұриденұлы, Семей медицина университетінің Б.С.Буланов атындағы Жүрек-қантамыр және торакальді хирургия кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы)  жүлделі орындарға ие болып, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

22 тамызда Министрлікте ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай  мемлекеттік қызметшілер арасында «Қазақтың дара туған данасы» атты  байқау өтті.

Байқауға Министрліктің Орталық аппараты мен оған қарасты ведомстволардың мемлекеттік қызметшілері қатысты. Қатысушылар «Жүрегімнің түбіне терең бойла» аталымы (Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу),  «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» аталымы (Абайдың толық (кемел) адам ілімі бойынша эссе жазу), «Әнді сүйсең менше сүй» аталымы (Абай әндерін орындау) «Абай жолы»  романынан сахналық көрініс  аталымы бойынша өз өнерлерін көрсетті.

           12 қарашада ҚР ДСМ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да  Орталық Азиядағы алғашқы әйел-дәрігер  Гүлсім Асфендиярованың 145 жылдығына  арналған «Гүлсім Асфендиярова: ғалым, ұстаз, мемлекет қайраткері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.  

ҚазҰМУ музейі әзірлеген «Орта Азияның тұңғыш әйел-дәрігері Гүлсім Асфендиярова» экспозициясы және Гүлсім Асфендиярованың   өмірі жолы мен қоғамдық қызметі  туралы бейнеролик көрсетілді.  Конференцияның ғылыми бөлімінде  көрнекті  ғалымдар,  өнер қайраткерлері және зерттеушілер тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі  Ханкелді Абжанов,  Қазақстанның халық әртісі, режиссер, сценарист-драматург  Ерсайын Төлеубай, дәрігер зерттеуші  Бахыт Алтынбеков, ҚазҰМУ  Қазақстан тарихы және гуманитарлық пәндер  кафедрасының  ассистенті Гүлнұр Қабдышева өздерінің ғылыми көзқарастарымен бөлісті.

ҚазҰМУ студенті  Кәусар Оңғарованың «Ғылымға жол ашқан алғашқы қазақ қызы-дәрігер Гүлсім Асфендиярова» тақырыбындағы баяндамасы  қатысушылардың ерекше назарында болды,  Кәусар  жас дәрігерлердің алғашқы қадамын  байланыстыратын Орталық Азиядағы  алғашқы  әйел-дәрігердің ерлік қадамына жете тоқталып өтті. Конференцияға  ҚР Денсаулық сақтау  министрлігінің атынан Гүлсім Асфендиярованың  145 жылдық мерейтойлық төсбелгімедальдарімен, құрмет грамоталары және алғыстар дайындалды. 

13 қарашада Денсаулық сақтау министрлігінің, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы перзенті, аса көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, көсемсөз шебері  Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Міржақып Дулатұлы - ағартушы, қоғам қайраткері, ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалаушы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

       Денсаулық сақтау және ғылым мен білім беру екі сала бірлескен форматта өткізген Конференцияға ғылым және денсаулық сақтау жүйесінің ғалымдары мен ардагерлері, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары, Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ оқытушылары, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д, профессор, алаштанушы ғалым Мәмбет Қойгелді, белгілі режиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қалила Омаров, Қазақстанның халық әртісі, өнер қайраткері Ерсайын Төлеубай, «Аманат» партиясының  Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалының төрағасы Тынышқали Сәбен, Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің меңгерушісі Мейіржан Мұсабаев,  Алматы облысы Музейлер бірлестігінің басшысы Талғат Келімбетов, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Роман Рахиев, Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық  университетінің доценті, т.ғ.к., «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жамбыл Жұмабеков, Қостанай облысы  Арқалық қаласының тарих мұғалімі Шынар Бикенова және еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам маман қатысты. Көпшілік қауым «Міржақып Дулатұлының мұрасы және қазіргі қазақ қоғамы» атты экспозициямен танысып, арнайы көрмені тамашалады.

        Конференцияға орайластырып «Аманат» партиясы «Жастар рухы» ұйымы белсенділерінің қатысуымен өткізілген «Қазақ үшін шам қылған жүрек майын» атты эссе байқауының, «Ұлт руханиятының алтын тұғыры» атты постер байқауы ұйымдастырылды.

 

Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу.  

29 қыркүйекте Министрліктің ұйымдастыруымен «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара мақсаты –  Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру, қазақ тілі мен мәдениетіне деген құрметті арттыру.

Семинар барысында (Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдері А. Сайлаухан, ҚР ҚҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Ш.Құрманбайұлы     «А.Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы қазақ  әдеби тілі»,  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының      қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к Қ.Кемеңгер «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш оқулықтары», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к. А.Фазылжанова «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген тілтанымдық цифрлық ресурстар», Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының және Ақтөбе облысы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Рахиев «Мемлекеттік тіл-ел болашағы: Ахмет Байтұсынұлының өсиеті», Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқытушысы, айтыскер ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі  Ж.Қазихан «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі», «Алау» оңалту орталығының сарапшы-дәріскері, ҚР ДСМ Терминология комиссиясының мүшесі А.Мыржықбаева «Он жылғы тарих: денсаулық саласындағы жетістіктер», сондай-ақ  Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының тіл маманы М. Шілдебай «Мемлекеттік тіл саясаты: Үздік тәжірибе») тақырыптарында дара тұлғаның шығармашылығы мен еңбектерін жоғары бағалап, мазмұнды баяндамалар жасады.

Семинар жұмысына Орталық аппаратының мемлекеттік қызметшілері, аумақтық депараменттер, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлері, тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар қатысты. Жалпы қамтылу  160 адам, оның ішінде  60 адам офлайн, 100 адам онлайн форматта қатысты.

Бұдан басқа  өңірлерде және ведомстолар менаумақтық бөлімшелерде жоспарға сәйкес «Тіл – тірегім», «Мақал – сөздің мәйегі» республикалық челлендждер, «Тіл-халықтың ғұмыры», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыптарында дөңгелек үстелдер, «Қазақша сөйлесейік!» акциясы, сондай-ақ Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай «Арқаның ақ сұңқары - Сәкен», Шоқан Уәлихановтың 190 жыл толуына орай  «Шығыстың жарық жұлдызы – Шоқан» атты іс-шаралар өтті.

2025 жылы  45 мемлекеттік қызметші қазақ тілі курсынан  өтті. Мемлекеттік қызметшілер қазақ тілі  курсын табысты аяқтап, сертификаттар алды.

Бұдан басқа  Министрлікте мемлекеттік тілді меңгерген  ересек тұрғындардың үлесін кезең кезеңмен арттыру мақсатында  2025 жылғы мамыр айында 73 мемлекеттік қызметші диагностикалық тестілеуге қатысып, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейлері анықталды.

25 сәуірде   Денсаулық сақтау министрлігінің  медициналық терминология комиссиясы  мен Семей медицина университеті  «Ғылыми жұмыстарда медициналық терминдерді  мемлекеттік тілде  бірізділендіруді арттыру жолдары» тақырыбында  республикалық терминологиялық конференция өткізді. Конференцияда  ғылыми жұмыстарда  қолданылатын  медициналық терминдерді  талқылау,  медицина саласында ғылыми  еңбектерде қолданылып жүрген қысқартылған сөздерге талдау  жүргізу және  денсаулық сақтау жүйесіндегі нормативтік құқықтық актілерде  қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері, медицина саласы бойынша бекітілген терминдердің кеңінен қолданылуына ықпал ету, медициналық терминдердің әркелкілігі,  медициналық ғылыми тілдің түсінікті және дәл болуы үшін терминологияны жүйеге  келтіру, мәселелері бойынша  сөз қозғалды.

5 маусымда  Терминологиялық комиссия «ANaMed Forum - New Generation 2025» халықаралық форумы шеңберінде «Медициналық терминдерді жасанды интеллект талаптарына сай бірегейлендіру» тақырыбында  маңызды іс-шара ұйымдастырды.

Терминологиялық комиссия мүшелері мен оқытушылары  М. Ерғазина,
 С. Измайлова, А. Алдангорова  және Ж. Ахметов өз сөздерінде медицина ғылымының қазақ тілінде дамуында жасанды интеллекттің рөліне, әсіресе медициналық терминдерді бірегейлендірудегі маңыздылығына ерекше тоқталды. Спикерлер ғылымы дамыған АҚШ, Еуропа және Азия елдерінің бұл мәселеге айрықша көңіл бөліп отырғанын, Қазақстанның әлемдік ғылым көшінен қалмауы үшін жасанды интеллектті пайдаланудың аса қажеттілігін атап өтті. Академик Т. Шарманов атындағы нутрициология кафедрасының оқытушылары А. Чуенбекова, А. Кожахметова тағамтану саласындағы терминдермен, ҚазҰМУ қалыпты физиология және медициналық физика кафедрасының қауымдастырылған профессорлары Н.М. Алмабаева, В.О. Абдрасилова, Г.Е. Байдуллаева медициналық физиканы оқыту әдістемесіндегі терминдік сөздердің қолданысы туралы пікірлерімен бөлісті.

Министрлік тілдерді дамыту мен қолдануды іске асыруды осы бағытта жалғастыратын болады және Тұжырымдаманың нәтижелі іске асырылуы Министрліктің тұрақты бақылауында.

Информация
Дата публикации
16 апреля 2026