Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары – өзектендірілген нұсқа

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2017 жылғы «_10_»  наурыздағы

№ 61 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

2017 - 2021 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

 

 

1-бөлім. Миссиясы және пайымы

 

Мемлекеттік органның миссиясы: мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді салааралық үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру жолымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

Мемлекеттік органның пайымы: халықтың қажеттілігіне сай келетін тиімді және қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі.

 

2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару

 

1-стратегиялық бағыт. 1. Халықтың денсаулығын нығайту

  • Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның әлемнің дамыған
30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі «Қазақстан − 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының басты мақсатына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметі заманауи және тиімді денсаулық сақтау жүйесін құру арқылы азаматтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

2015 жылы Қазақстн Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аяқталды. Оның негізгі жетістігі күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72-ге дейін жоғарылату (2014 жыл – 71,45,  2013 жыл – 70,85), жалпы өлім-жітім көрсеткішін 1000 халыққа шаққанда 7,48-ге (2014 жыл – 7,57,  2013 жылда – 7,98) дейін төмендету болды.

2017 жылғы деректер бойынша халықтың жалпы өлімі 1000 адамға 7,15 құрады.

Стратегиялық жоспар
Дата публикации
17 января 2020