«Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС Тексеру комиссиясының төрағасы бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, мекен жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 5 - кіреберіс, «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС бос лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Тексеру комиссиясының төрағасы бос лауазымына орналасуға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) осы хабарландырудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар кандидаттың түйіндемесі;

2) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;

3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

5), кәсіби қаситтері мен дағдыларын, жұмысқа қатынасын, ұжымдағы қарым-қатынас дағдылары және тәртібі туралы ақпаратты көрсете отырып соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

6) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

7) наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама.

Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар осы хабарландырудың 3-қосымшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қолма-қол немесе d.kokkuzova@dsm.gov.kz электрондық поштасына қабылдау 2026 жылғы «20» ақпан сағат 17 сағат 30 минутта аяқталады.

Конкурс бойынша қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 74-32-45

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыруға

1-қосымша

 

 

«Ұлттық ғылыми

онкология орталығы» ЖШС

Басқарма Төрағасы

Ж.Қ. Бүркітбаевқа

 

 

Өтініш

 

Мені ______________________________________________________________________ лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуді сұраймын және дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.

 

Қоса беріліп отырған құжаттар:

1)

2)

3) …

 

 

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

Мекенжай және байланыс телефоны

 

Қолы

 

Күні

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

бос лауазымға орналасуға

конкурс туралы хабарландыруға

2 қосымша

 

 

фотосурет орны

 

 

           

 

 

ТҮЙІНДЕМЕ

 

  1. Тегі:
  2. Атауы:
  3. Әкесінің аты:
  4. Туған күні: Жынысы: Ұлты:
  5. Мекен-жайы:

(нақты):

(тіркелу бойынша):

  1. ЖСН:
  2. Жеке куәлік/төлқұжат №, берілген күні, кім берді:
  3. Телефондар (ұялы, үй):
  4. Білімі:

№

Оқу орнының толық атауы, факультет, (бөлімше)

Оқуға түскен жылы

Оқуды бітірген жылы

Мамандығы, біліктілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(қажеттілігіне қарай жолдар қосылсын)

  1. Біліктілікті арттыру курстары, семинарлар, тағылымдамалар

№

Оқу орнының атауы

Бітірген жылы, айы

Тақырыбы

1.     

 

 

 

2.     

 

 

 

(қажеттілігіне қарай жолдар қосылсын)

 

  1. Жұмыс тәжірибесі (соңғы жұмыс орнынан бастап, барлық алдыңғы жұмыс орындарын атап өтіңіз):

Ұйымның атауы:

Ұйым қызметінің бағыты:

Лауазым атауы

Басталды айы/жылы

Аяқталды айы/жылы

Лауазымдық міндеттер:

 

 

 

(әрбір жұмыс орны үшін қажеттілігіне қарай кестелер қосу)

 

  1. Тілдерді білу:
  2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:
  3. Жарияланымдар, ғылыми еңбектер, өнертабыстар, мемлекеттік және ведомстволық наградалар, көтермелеулер (грамоталар және т.б.):
  4. Компьютерді білу:
  5. Жанұялық жағдайы:
  6. Жеке қасиеттері:

 

 

бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыруға

3-қосымша

 

 

Лауазымның атауы: Тексеру комиссиясының төрағасы

Талаптар:

 

1) Мамандығы бойынша (экономика, есеп және аудит,қаржы) жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

2) аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және/немесе қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі - кемінде бес жыл;

3) басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі - кемінде үш жыл;

4) Ішкі аудиторлар институты (The Institute of lnternal Auditors Inc) әзірлеген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын, оның ішінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және халықаралық қаржылық кәсіби ішкі аудит стандарттарын білу, қосымша арнайы дайындықтың болуы;

5) мынадай куәліктердің немесе сертификаттардың біреуінің болуы: CIA (Certified Internal Auditor) ішкі аудит саласындағы сертификат; Қазақстан Республикасы аудиторының біліктілік куәлігі немесе АССА (Association of Certified Chartered Accountants) алқаби бухгалтерінің сертификаты, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіби бухгалтер сертификаты немесе DipIFR (Diploma in International Financial Reporting) дипломы, немесе СТРА (Certified International Professional Accountant) халықаралық кәсіби бухгалтер сертификаты; СВА (Certified information systems auditor) сертификаты  немесе CISM (Certifed information security manager), немесе ITIL (Information technology infrastructure library); басқа да  ұқсас халықаралық танылған куәліктер немесе сертификаттар; CIPFA public auditor; CIPFA diploma in international public sector accounting standards;

6) мемлекеттік және мүмкіндігінше шет тілдерін білу.

 

Лауазымдық міндеттері:

 

              Тексеру комиссиясы Төрағасының міндеттеріне:

1) қызметті жоспарлау және жұмысты ұйымдастыру, Тексеру комиссиясының жылдық аудиторлық жоспарды жасауды қамтамасыз ету және оның орындалуын бақылау;

2) Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін құжаттарды, оның ішінде ішкі аудит жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды және тексеру комиссиясының қызметіне қатысты басқа да құжаттарды әзірлеуді қамтамасыз ету;

3) Тексеру комиссиясының қызметінде Жалғыз қатысушы бекіткен (ұсынған) ішкі аудиттің бірыңғай базалық қағидаттары мен рәсімдерін қолдануды қамтамасыз ету;

4) Жалғыз қатысушыға Тексеру комиссиясының қызметі туралы есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

5) Тексеру комиссиясының мақсатына қол жеткізу үшін оның міндеттері мен функцияларының өзектілігін мерзімді бағалау (жылына кемінде бір рет);

6) Тексеру комиссиясының сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, Тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, Тексеру комиссиясының жұмыс тәртібі, мөлшері мен шарттары бойынша жалғыз қатысушыға ұсыныстар енгізу мүшелердің еңбегіне ақы төлеу және сыйақы беру;

7) Тексеру комиссиясы мүшелерінің кәсіптік даярлық деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

8) мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу, сондай-ақ жұмыс тәжірибесімен алмасуды қамтамасыз ету мақсатында Тексеру комиссиясы мүшелерінің міндеттерін кезең-кезеңімен немесе орындылығына қарай ротациялауды жүргізу;

9) Тексеру комиссиясының құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;

10) Тексеру комиссиясының Жылдық аудиторлық жоспардың толықтығы мен уақтылы орындалуы шеңберінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;

11) ерекше жағдайларда Жалғыз қатысушының тиісті шешімі негізінде қызметтік тексерулерге, арнайы тексерулерге қатысу;

12) аудиторлық тапсырмаларды, сондай-ақ Жалғыз қатысушының жекелеген тапсырмаларын толық көлемде және белгіленген мерзімде сапалы орындау;

13) Тексеру комиссиясының құзыреті шегінде тексеру жүргізетін және консультациялық қызметтер көрсететін Серіктестіктің ішкі және сыртқы тараптарымен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және тексеру комиссиясының құзыреті шегінде олардың жұмыс нәтижелерін пайдалану мүмкіндігін қарау;

14) Серіктестіктің сыртқы аудитордың ұсынымдарын орындауына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

 15) Атқарушы органға, Серіктестік қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару мәселелері бойынша консультациялар беру (Тексеру комиссиясы қызметінің тәуелсіздігі мен объективтілігі сақталған жағдайда);

16) Тексеру комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шағымдарды, хаттарды, өтініштерді қарауды қамтамасыз етуге міндетті;

 17) Серіктестіктің даму жоспарына сәйкес Серіктестік қызметкерлерін оқытуға, қайта даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарламаларға және ішкі аудиторларды сертификаттау бағдарламаларына тұрақты жыл сайынғы негізде қатысуды қамтамасыз етуге міндетті;

 18) КПХН, Ішкі аудиторлар әдеп кодексіне*, Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуге;

19) Тексеру комиссиясының құзыреті шегінде анықталған сәйкессіздіктерге талдау жүргізуді және оларды жою жөніндегі түзету және алдын алу іс-қимылдарын ұсынуды қамтамасыз етуге.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
06 февраля 2026