ҚазҰМУ-да қазақтың тұңғыш әйел-дәрігері Гүлсім Асфендиярованың 145 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

 

           2025 жылғы  12 қарашада ҚазҰМУ-да  Орталық Азиядағы алғашқы әйел-дәрігер   Гүлсім Асфендиярованың 145 жылдығына  арналған «Гүлсім Асфендиярова: ғалым, ұстаз, мемлекет қайраткері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.   
           Конференцияның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, ҚазҰМУ, «Ұлттық медициналық қауымдастық» РҚБ.
           ҚазҰМУ музейі әзірлеген «Орта Азияның тұңғыш әйел-дәрігері Гүлсім Асфендиярова» экспозициясы және Гүлсім Асфендиярованың   өмірі жолы мен қоғамдық қызметі  туралы бейнеролик көрсетілді.  Архивтік құжаттар, сирек кездесетін фотосуреттер мен архив материалдары   Гүлсім Жапарқызының   тұлға ретінде кең пейілділігін, сондай-ақ  өңірдегі акушерлік-гинекологиялық  қызмет пен медициналық білім берудің қалыптасуына  қосқан үлесін жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді.
          Конференция  ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал  Шәріпбайқызы Әлназарованың  құттықтау сөзінен   басталды. Одан әрі  ҚазҰМУ Басқарма төрағасы – ректоры  Марат Шоранов Гүлсім Асфендиярованың  есімі бірнеше буын медицина қызметкерлері үшін адами және кәсіби бағдар болып табылады: «Әлем тарихында өмірі бүтін бір дәуірдің бағытын өзгерткендей тұлғалар бар.  Солардың бірі  Орталық Азиядағы  тұңғыш әйел-дәрігер Гүлсім Асфендиярова.  Оның өмір жолы табандылық пен кәсіби шеберліктің  кез келген кедергіні  еңсеріп, медицинаға нағыз  адами өлшемді  дарыта алатынын  анық көрсетті. Бүгін біз оны еске алып қана қоймай, өз жауапкершілігімізді де осы тұлғаның өлшеімімен таразылаймыз»,- деп атап өтті.
         Қатысушыларға  шетелдік әріптестер  Ташкент мемлекеттік медицина университеті, И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина университеті өз  құттықтау  сөздерін жеткізді. 
Конференцияның ғылыми бөлімінде  көрнекті  ғалымдар,  өнер қайраткерлері және зерттеушілер тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі  Ханкелді Абжанов,  Қазақстанның халық әртісі, режиссер, сценарист-драматург  Ерсайын Төлеубай, дәрігер зерттеуші  Бахыт Алтынбеков, ҚазҰМУ  Қазақстан тарихы және гуманитарлық пәндер  кафедрасының  ассистенті Гүлнұр Қабдышева өздерінің ғылыми көзқарастарымен бөлісті. 
         ҚазҰМУ студенті  Кәусар Оңғарованың «Ғылымға жол ашқан алғашқы қазақ қызы-дәрігер Гүлсім Асфендиярова» тақырыбындағы баяндамасы  қатысушылардың ерекше назарында болды,  Кәусар  жас дәрігерлердің алғашқы қадамын  байланыстыратын Орталық Азиядағы  алғашқы  әйел-дәрігердің ерлік қадамына жете тоқталып өтті. 
         Конференция  салтанатты марапаттау рәсімімен  аяқталды.  ҚР Денсаулық сақтау  министрлігінің атынан Гүлсім Асфендиярованың  145 жылдық мерейтойлық медальдарімен, құрмет грамоталарымен және алғыстармен ҚР ДСМ мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айжан Алдангорова және «Ұлттық медициналық қауымдастық» РҚБ президенті  Салтанат Мамырбекова марапаттады.
         Конференция қорытындысы бойынша  қатысушылар аталған іс-шара   маңызды  ғылыми алаңға ғана емес, кәсіби сабақтастықты нығайтып, тарихты сақтауға  серпін берген  елеулі оқиғаға айналды деп атап өтті. Гүлсім Асфендиярованың  өмір жолы  жаңа буын дәрігерлерін өз мамандығына адал болуға, адамға қызмет етудің  биік  тұғырын  ұстануға және елдің денсаулық сақтау жүйесіне жауапкершілікпен  қарауға шабыттандырады.

                 Фото

 

 

Ақпарат
Дата публикации
18 ноября 2025