Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу
жөніндегі қоғамдық талқылау
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеудің нәтижелері 2025 жылдың 3 қарашасында сағат 16:00-де Денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратында (1029-кабинет) өткен қоғамдық тыңдалымда талқыланды.
Қоғамдық талқылауда қатысқан адамдар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер алмасылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік, жұмылдыру жұмысы және мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің директоры Бекбатыров Б.Ш. қатысушыларға алғыс айтып, қоғамдық талқылаудың қорытындысын шығарды.
Қоғамдық талқылаудың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты одан әрі ұйымдастыру үшін хаттама жасалды.