ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» тақырыбында семинар өтті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» тақырыбында семинар өтті

 

Ағымдағы жылғы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара мақсаты –  Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру, қазақ тілі мен мәдениетіне деген құрметті арттыру.

Семинар барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өкілдері А. Сайлаухан, ҚР ҚҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Ш.Құрманбайұлы                         «А.Байтұрсынұлы және ХХ ғасыр басындағы қазақ  әдеби тілі»,  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының                                                             қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к Қ.Кемеңгер «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш оқулықтары», Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к. А.Фазылжанова «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген тілтанымдық цифрлық ресурстар», Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымының және Ақтөбе облысы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Рахиев «Мемлекеттік тіл-ел болашағы: Ахмет Байтұсынұлының өсиеті», Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің оқытушысы, айтыскер ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі  Ж.Қазихан «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасының зерттелуі», «Алау» оңалту орталығының сарапшы-дәріскері, ҚР ДСМ Терминология комиссиясының мүшесі А.Мыржықбаева «Он жылғы тарих: денсаулық саласындағы жетістіктер», сондай-ақ  Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының тіл маманы М. Шілдебай «Мемлекеттік тіл саясаты: Үздік тәжірибе» тақырыптарында дара тұлғаның шығармашылығы мен еңбектерін жоғары бағалап, мазмұнды баяндамалар жасады.

Сондай-ақ іс-шарада қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін дамытудағы рөлі, ұлттық руханиятқа қосқан үлесі, өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алып, оның қазақ тілі қоғамы үшін атқарған еңбегін тереңірек ұғынды, сондай-ақ оның ағартушылық қызметіне байланысты өз пікірлерін ортаға салды. 

Семинар жұмысына Орталық аппаратының мемлекеттік қызметшілері, аумақтық депараменттер, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлері, тіл мамандары, ғалымдар, сарапшылар қатысты. Жалпы қамтылу  160 адам, оның ішінде  60 адам офлайн, 100 адам онлайн форматта қатысты.

Іс-шара соңында қазақ тілі курсын аяқтаған мемлекеттік  қызметшілерге сертификаттар табысталды.

Информация
Дата публикации
07 октября 2025