ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай мемлекеттік қызметшілер арасында байқау өтті

     Ағымдағы жылғы 22 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай  «Қазақтың дара туған данасы» мемлекеттік қызметшілер арасындағы байқау өтті.
     Байқаудың мақсаты – Абай мұрасын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік қызметшілер арасында мәдениет пен әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
     Байқауға Министрліктің Орталық аппаратының, Комитеттердің мемлекеттік қызметшілері қатысты.
     Әділқазылардың шешімі бойынша мынадай аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды:
     «Жүрегімнің түбіне терең бойла» (Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу) аталымы бойынша:
     1-орын: Рашитов  Ермек, Міндетті әлеуметтік медициналық көмекті сақтандыруды жетілдіру және талдау департаментінің сарапшысы,                   2-орын: Дүйсембай Айжан, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы,     3-орын: Шәудірова Гауһар, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің  сарапшысы,
     3-орын: Джазыбаева Алтынай, Электрондық денсаулықты дамыту департаментінің бас сарапшысы.
     «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» (Абайдың толық (кемел) адам ілімі бойынша эссе жазу)  аталымы бойынша:
     1-орын: Мамышева Алуа, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бас сарапшысы,
     2-орын: Алпысбаев Жасұлан, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы,
     3-орын: Әмір Нұржамал, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бас сарапшысы,
     3-орын: Айменова Меруерт, Персоналды басқару департаменті, басқарма басшысы.
    «Әнді сүйсең менше сүй» (Абай әндерін орындау)  аталымы бойынша :
     1-орын: Тасқынғали Аяулым, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы,
     2-орын: Лепесова Самал, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бас сарапшысы,
     3-орын: Дінмұхаммедқызы Аяулым, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің бас сарапшысы,
     3-орын: Оразалиева Айжан, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы.
    «Абай жолы»  романынан сахналық көрініс көрсету аталымы бойынша:
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Шара соңында Астана медицина университетінің жас өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.

Дата публикации
26 августа 2025