Абайдың 180 жылдығына арналған республикалық «Абай оқулары» байқауының қорытындылары жарияланды

Абайдың 180 жылдығына арналған республикалық «Абай оқулары» байқауының қорытындылары жарияланды

Ағымдағы жылғы 18 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті және  Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы ұйымдастырған ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған дәстүрлі республикалық «Абай оқулары» байқауы өз мәресіне жетті.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен 51 қатысушы (48 өтінім) жиналып, үш аталым бойынша бақ сынады:

«Өлең – сөздің патшасы» және «Абайдың қара сөздері» (көркемсөз оқу);

«Әлем таныған Абай» (эссе жазу);

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» (ән орындау).

Байқаудың әділқазылар алқасына мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік органдар өкілдері және Ұлттық орталық сарапшылары кірді. Олар қатысушылардың шығармашылық деңгейін, мәнерлеп оқу және Абай мұрасын жаңаша жеткізу шеберлігін бағалады.

Аталымдар бойынша жеңімпаздар:

«Өлең – сөздің патшасы» және «Абайдың қара сөздері» аталымы бойынша

I орын — Жаңбыршын Аруай Құрманғазықызы, ҚР ДСМ С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту  ғылыми орталығының Алматы қалалық филиалының бас маманы;

II орын — Саттарова Жадыра Нәбиқызы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» баспасөз қызметінің аға менеджері;

III орын — Қожабекова Жұлдыз Қазиханқызы, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің аға оқытушысы.

«Әлем таныған Абай» (эссе) аталымы бойынша

I орын — Ербатыров Мейрамбек Халелұлы, «СҚ-Фармация» ЖШС менеджері;

II орын — Жұмаділ Балнұр Нұрболқызы, «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми зерттеу институты» ЖШС аға зертханашысы (Жамбыл облысы, Қордай ауданы);

III орын — Ақжігіт Мөлдір Әкбарқызы, ҚР ДСМ С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық ды дамыту  ғылыми орталығының  Қызылорда облыстық филиалы бөлім басшысы.

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» аталымы бойынша

I орын — Асқар Сандуғаш Маратқызы, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы;

II орын — Маретбаева Марина Әбілжанқызы, Қарағанды медицина университетінің Орталық басшысы;

III орын — Иманбаев Мерей Нұриденұлы, Семей медицина университетінің Б.С.Буланов атындағы Жүрек-қантамыр және торакальді хирургия кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы.

 «Абай оқулары» – әдебиетті, мәдениетті және ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше дәстүр. Медицина саласы қызметкерлерінің шығармашылығы мен рухани ізденісін ұштастыра отырып, байқау әрбір қатысушыға шабыт сыйлады. Абай мұрасы – ұрпақтың парасаты мен мәдениетінің тірегі. Бұл байқау жас мамандардың жүрегіне ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды терең сіңіруге жол ашты.

 

https://www.instagram.com/reel/DNncAHasEHa/?igsh=Mmh3NGR4MHRsYnU1 

https://t.me/tilsayasatykomiteti/2087 

https://www.facebook.com/share/v/1Cg3kCTZf1/?mibextid=wwXIfr 

Ақпарат
Дата публикации
25 августа 2025