Қостанай облысында «Денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік тілге көшіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қостанай облысында «Денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік тілге көшіру мәселелері» тақырыбында     дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылғы 24 шілде күні Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының іс-шаралар жоспары шеңберінде «Денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік тілге көшіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Іс-шара қатысушылары медициналық терминология мен нормативтік құқықтық актілерді қазақ тіліне аударудың негізгі жобаларын, сондай-ақ медициналық терминология сөздігін әзірлеуді талқылады.

Денсаулық сақтау жүйесін қазақ тіліне көшіру медициналық терминологияны, нормативтік базаны, оқу материалдарын аударуды қамтитын кешенді міндет болып табылады.

Бұл бастаманы іске асыру қазақ тілінің медицина саласындағы ұстанымын нығайтуға және халық үшін медициналық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.

 

 

 
ақпарат
Дата публикации
06 августа 2025