Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024-2026 және 2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми зерттеулер туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024-2026 және 2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми зерттеулер туралы ақпарат

 

Ағымдағы жылы Денсаулық сақтау министрлігімен 2024-2026 және 2025-2026 жылдарға арналған 10 ғылыми зерттеуді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Зерттеулер нәтижесінде төмендегідей ғылыми өнімдер әзірленетін болады:

  • геномдық технологияларға негізделген бруцеллезге қарсы вакцина;
  • жусан тозаңымен туындаған аллергиялық ринит пен бронх демікпесіне қарсы иммунотерапияға арналған вакцина;
  • кіндік бау мезенхималық бағаналы жасушаларынан экзосомаларды бөлуге арналған жинақ.

 

Қазақстанда алғаш рет практикалық денсаулық сақтау саласына енгізілетін болады:

  • CAR-T химерлі антигенді рецепторын пайдалану арқылы гематологиялық ісіктерді емдеу технологиялары;
  • перинаталдық нәтижелерді жақсартуға бағытталған жаңа бағдарламалар;
  • репродуктивтік бұзылыстарды ерте болжау бағдарламалары бойынша репродуктивтік денсаулықты нығайтуға арналған ұсынымдар;
  • биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған диагностикалық препараттар;
  • жалпы денсаулық пен өмір сапасын жақсартуға бағытталған жұқпалы емес аурулардың эпигенетикалық механизмдерін қолданатын профилактикалық шаралар;
  • 2030 жылға дейінгі мектеп медицинасын дамытудағы негізгі бағыттар анықталып, оқушылардың денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу және қалпына келтіру бойынша халықаралық үздік тәжірибелерге негізделген тетіктер әзірленетін болады.

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2024-2026 және 2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша ғылыми зерттеулер туралы ақпарат
Дата публикации
04 августа 2025