Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының отырысында материалдарды қарау нәтижелері бойынша сараптамалық анықтама
Комиссия — денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жанындағы үнемі әрекет ететін кеңесші-кеңестік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган).
Комиссияның құрылу мақсаты – стандарттауды, клиникалық хаттамаларды, сапа бақылау жүйесінің стандарттарын және қызметтердің қолжетімділігін жетілдіру, сондай-ақ субъектілерді аккредиттеуді жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу (Кодекстің 25-бабы бойынша).
Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Комиссия туралы осы ережені басшылыққа алады.
Комиссия құрамына ҚР ДСМ, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы «Атамекен» және үкіметтік емес ұйымдардың (бұдан әрі – ҮЕҰ) өкілдері кіреді. Әрбір ҮЕҰ-дан Комиссия құрамына тек бір өкіл енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы» медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның жұмыс органы болып айқындалған.
Денсаулық сақтау технологияларын бағалау және клиникалық хаттамалар жөніндегі комитет пен медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссия отырыстары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №839 бұйрығымен (медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның құрамы мен оның қызметі туралы ережені бекіту туралы) реттеледі.
Комиссияның негізгі міндеттері: стандарттауды жетілдіру, клиникалық хаттамаларды жетілдіру, денсаулық сақтау қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі жүйесінің стандарттарын жетілдіру, субъектілерді аккредиттеуді жетілдіру (Кодекстің 25-бабына сәйкес).
Комиссияның жұмыс органы Комиссия қызметін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсетеді, соның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындайды, қажетті материалдарды әзірлейді және Комиссия мүшелеріне отырысқа жеті күн қалғанда жібереді, Комиссия мүшелерін және қажет болған жағдайда ведомстволық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақырады, қажет ақпаратты сұратады және дайын материалдарды отырысқа ұсынады.
2025 жылғы 17 қаңтар мен 30 шілде аралығында ҚР ДСМ медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясының 13 отырысы өткізілді. Онда терапиялық, хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық бейіндегі клиникалық хаттамалардың сараптамалық бағалау қорытындылары мен жобалары қаралды.
2025 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша өткізілген 13 отырыстардың нәтижесі:
42 клиникалық хаттама мақұлданды (2025 жылы басымдық берілген клиникалық хаттама тізімінен):
2022 ж. – 5 клиникалық хаттама (барлығы 90 клиникалық хаттаманың 48-і мақұлданды);
2023 ж. – 23 клиникалық хаттама (барлығы 180 клиникалық хаттаманың 57-сі мақұлданды);
2024 ж. – 9 клиникалық хаттама (барлығы 180 клиникалық хаттаманың 14-і мақұлданды);
Бастама бойынша (инициатива тәртібімен) – 5 клиникалық хаттама;
11 Денсаулық сақтау технологияларын бағалау мақұлданды.