Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп Денсаулық сақтау саласындағы отандық ғылыми журналдарды дамыту және ілгерілету жөніндегі 2025–2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті.
Аталған Жоспар ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру, олардың халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету және қазақстандық медициналық басылымдарды жаһандық ғылыми кеңістікке шығару мақсатында әзірленді. Құжатта денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-редакциялық қызметті тұрақты дамытуға бағытталған басым бағыттар мен нақты тетіктер айқындалған.
Атап айтқанда, Жоспарда ғылыми журналдардың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізу, халықаралық сарапшылармен консультациялар өткізу, редакторларды оқыту, халықаралық стандарттарды енгізу, цифрлық ортада ілгерілету және Scopus пен Web of Science сияқты халықаралық деректер базаларына индекстеуге дайындық жұмыстары көзделген.
Жоспар медицина саласындағы ғылыми жарияланымдар қызметін жүйелі түрде дамытуға негіз болмақ және отандық ғылыми журналдардың халықаралық аренадағы беделін арттыруға ықпал етеді.