Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Turar Healthcare» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма төрағасы бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, анықтама телефоны (7172) 74-36-27.
Қоғамның орналасқан жері: Астана қаласы, Есіл ауданы, Түркістан көшесі 8/2.
Қоғамның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: ұлттық оператордың денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі өкілеттіктерін жүзеге асыру болып табылады.
Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:
1) «Денсаулық сақтау» және (немесе) «Бизнес, басқару және құқық» (экономикалық, қаржылық, заңгерлік) және (немесе) «Сәулет және құрылыс» даярлау бағыты бойынша жоғары білім (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім);
2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйым бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық және (немесе) құрылыс саласында басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Конкурсқа мына тұлғалар қатыса алмайды:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар жатпайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) конкурс өткізуге арналған хабарландыруға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3x4 үлгідегі түрлі түсті суретпен конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
3) Қоғамның дамыту таныстырылымы;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне және біліктілігін арттыруға қатысты қосымша ақпарат бере алады.
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылуы тиіс, анықтама үшін телефон (7172) 74-36-27.