«СК-Фармация» ЖШС бос лауазымдарға орналасуға
конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, мекен жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,
5-кіреберіс, банк деректемелері: «СК-Фармация» ЖШС бос лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес Тексеру комиссиясының мүшесі бос лауазымына орналасуға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.
Кандидаттар конкурсқа қатысу үшін осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы хабарландырудың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар кандидаттың түйіндемесі;
2) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері;
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығын жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
5), кәсіби қаситтері мен дағдыларын, жұмысқа қатынасын, ұжымдағы қарым-қатынас дағдылары және тәртібі туралы ақпаратты көрсете отырып соңғы жұмыс орнынан мінездеме;
6) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
7) наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтама.
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар осы хабарландырудың 3-қосымшасына сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қолма-қол немесе hr@sk-pharmacy.kz электрондық поштасына қабылдау 2025 жылғы «21» шілде сағат 10-00-де аяқталады.
Конкурс бойынша қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7172) 74-36-27 немесе e.mail: g.kozhanova@dsm.gov.kz
бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыруға
1-қосымша
«СК-Фармация» ЖШС
Басқарма Төрағасы
Н.А. Асылбековке
Өтініш
Мені ______________________________________________________________________ лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуді сұраймын және дербес деректерді жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім беремін.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1)
2)
3) …
Тегі, аты, әкесінің аты
Мекенжай және байланыс телефоны
Қолы
Күні
бос лауазымға орналасуға
конкурс туралы хабарландыруға
2 қосымша
|
фотосурет орны |
ТҮЙІНДЕМЕ
(нақты):
(тіркелу бойынша):
|
№ |
Оқу орнының толық атауы, факультет, (бөлімше) |
Оқуға түскен жылы |
Оқуды бітірген жылы |
Мамандығы, біліктілігі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
(қажеттілігіне қарай жолдар қосылсын)
|
№ |
Оқу орнының атауы |
Бітірген жылы, айы |
Тақырыбы |
|
1. |
|
|
|
|
2. |
|
|
|
(қажеттілігіне қарай жолдар қосылсын)
|
Ұйымның атауы: |
Ұйым қызметінің бағыты: |
||
|
Лауазым атауы |
Басталды айы/жылы |
Аяқталды айы/жылы |
Лауазымдық міндеттер: |
|
|
|
|
|
(әрбір жұмыс орны үшін қажеттілігіне қарай кестелер қосу)
бос лауазымға орналасуға конкурс туралы хабарландыруға
3-қосымша
Лауазымның атауы: Тексеру комиссиясының мүшесі
Талаптар:
Тексеру комиссиясы мүшесінің міндеттеріне:
1) Тексеру комиссиясының алдағы жылға арналған тәуекелге бағдарланған жылдық аудиторлық жоспарын әзірлеуге қатысу;
2) Тексеру комиссиясының Жылдық аудиторлық жоспарының толық және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
3) ерекше жағдайларда Жалғыз қатысушының тиісті шешімі негізінде қызметтік тексерулерге, арнайы тексерулерге қатысу;
4) аудиторлық тапсырмаларды, сондай-ақ Аудит жөніндегі комитеттің, Жалғыз қатысушының жекелеген тапсырмаларын толық көлемде және белгіленген мерзімде сапалы орындау;
5) Тексеру комиссиясының құзыреті шегінде тексерулер жүргізетін және консультациялық қызметтер көрсететін Серіктестіктің ішкі және сыртқы тараптарымен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және Тексеру комиссиясының құзыреті шегінде олардың жұмыс нәтижелерін пайдалану мүмкіндігін қарау;
6) өткізілген аудиттердің нәтижелері бойынша берілген сыртқы аудитор мен Тексеру комиссиясының ұсынымдарын Серіктестіктің орындауына мониторинг жүргізу;
7) Атқарушы органға, Серіктестіктің қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару мәселелері бойынша консультациялар беру (Тексеру комиссиясы қызметінің тәуелсіздігі мен объективтілігі сақталған жағдайда);
8) Тексеру комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шағымдарды, хаттарды, өтініштерді қарау;
9) берешектер мен жетіспеушіліктерді анықтау және жою мақсатында ішінара тексерулер жүргізу, дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау, берешектерді азайту жөнінде жедел нұсқаулар беру;
10) атқарылған жұмыс туралы есептер, талдамалық және баяндамалық жазбалар жасау, сараптамалық қорытындылар беру;
11) Аудит жөніндегі комитеттің жылдық жұмыс жоспары шеңберінде шығарылатын Тексеру комиссиясының мәселелері бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасы үшін мәліметтерді уақтылы дайындау
12) Стандарттардың талаптарына сәйкес Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды (ішкі аудит әдіснамасын) әзірлеу және өзектендіру жөніндегі жұмысқа қатысу;
13) Тексеру комиссиясы есептерінің Қоғамның ішкі аудитті ұйымдастыру жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарының және Стандарттардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
14) Тексеру комиссиясы Төрағасының лауазымына жататын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Серіктестік Жарғысына, Тексеру комиссиясы туралы ережеге, Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарына және Стандарттарға қайшы келмейтін өзге де тапсырмаларын орындайды.