
АЛМАТЫДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
2025 жылығы 05 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» республикалық конкурсының жүлдегері марапатталды.
Биылғы үздіктер 5 аталымда жеңімпаз атанды, бұл ретте жеңімпаздарға дипломмен қатар, демеушілер «Сұлтан» өндірістік фармацевтикалық компаниясының атынан Алтынбек Ниетәліұлы Кейкібаев 9 аталым бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын кубоктармен марапаттады: «Үздік медициналық білім беру ұйымы» І-дәрежелі диплом - «Семей медицина университеті» КеАҚ, ІІ-дәрежелі диплом - «М. Оспанов атындағы Батыс қазақстан медицина университеті» КеАҚ, ІІІ-дәрежелі диплом - «Астана медицина университеті» КеАҚ.
«Үздік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі» - І-дәрежелі диплом - Алматы қаласы Түрксіб ауданы СЭББ, ІІ-дәрежелі диплом - Қостанай облысы СЭБД Жітіқара аудандық СЭББ, ІІІ-дәрежелі диплом - Жамбыл облысы СЭБД Меркі аудандық СЭББ.
«Үздік қан қызметі» - «Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК.
«Үздік амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым» - «Атырау қалалық №4 емханасы» ШЖҚ КМК.
«Үздік стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым» - Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Көксу аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК.
«Үздік құрылымдық бөлімше» кіші аталымы бойынша «Мейіргерлік қызметтің үздік маманы» төсбелгісіне Құспанова Толқын Қайроллақызы, Шалдамбаева Сарбиназ Әбдішқызы, Жамбылова Сәуле Сәбетқызы, Насирдинова Зүлпиям Омарқызы, Рахымбаева Сәуле Советбекқызы, Қойшиева Рысгүл Жұмабекқызы, Азамбаева Гүлнұр Ерболқызы ие болды.
Конкурстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан ұйым басшылары мен жеке азаматтарға С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазақҰМУ ректоры М.Е. Шорановтың атынан Алғыс хаттар табыс етілді.
Конкурстың ұйымдастырушыларына және конкурс демеушісі «Сұлтан» өндірістік фармацевтикалық компаниясының директоры Кейкібаев Алтынбек Ниетәліұлына зор алғысымызды білдіреміз.