ҚР ДСМ «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК-да жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындылары

ҚР ДСМ «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК-да жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындылары  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы    25 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объктілерінің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2018 жылғы 1 қаңтардан       2020 жылғы 31 наурыз аралығындағы қызмет кезеңінде «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі –Кәсіпорын) тиімділік аудитін жүргізді.

Аудиторлық іс-шара барысында бухгалтерлік есепті жүргізу саласындағы заңнама, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама, санитариялық-эпидемиологиялық нормалар және салық заңнамасы талаптарының бұзушылықтары анықталды.

Аудит тобы жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері ішкі бақылау жүйесінің болмауы, Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің жауапты басшыларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауы, оларды іске асыру үшін қабылдаған нормативті құқықтық актілері мен Кәсіпорынның ішкі құжаттарының дұрыс қолданбауы анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою туралы шешім және ұсынымдарды қарастыра отырып, ішкі аудит нәтижелері туралы есеп мемлекеттік аудит объектісіне жіберілді.

ҚР ДСМ «Республикалық қан орталығы» ШЖҚ РМК-да жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындылары
Дата публикации
14 октября 2020