ҚР ДСМ «Республикалық психиқалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК-да жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындылары

ҚР ДСМ «Республикалық психиқалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК-да жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындылары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 756 бұйрығымен бекітілген 2020 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2018 жылғы                1 қаңтардан 2020 жылғы 31 маусым аралығындағы қызмет  кезеңінде «Республикалық психиқалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі –Кәсіпорын) тиімділік аудиті жүргізілді.

Аудиторлық іс-шара барысында заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталды: даму жоспарын жоспарлау мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу, бухгалтерлік есепті жүргізу, еңбекке ақы төлеу және іссапар шығыстары, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама, қызметті лицензиялау, стационарлық көмек көрсету, Кәсіпорынның кадр саясатын сақтау, ішкі құқықтық құжаттарды, оның ішінде Кәсіпорынның байқау кеңесінің қызметіне қатысты құжаттарды сақтау талаптары бойынша бұзушылықтар.

Аудит тобы жол берілген бұзушылықтардың негізгі себептері ішкі бақылау жүйесінің болмауы, Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің жауапты басшыларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауы, оларды іске асыру үшін қабылдаған нормативті құқықтық актілері мен Кәсіпорынның ішкі құжаттарының дұрыс қолданбауы анықталды.

Аудит қорытындысы бойынша ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою туралы шешім және ұсынымдарды қарастыра отырып, ішкі аудит нәтижелері туралы есеп мемлекеттік аудит объектісіне жіберілді.

ҚР ДСМ «Республикалық психиқалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК-да жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындылары
Дата публикации
14 октября 2020