Байқау кеңесінің құрамына тәуелсіз мүшелерді сайлауға конкурс жариялау

Байқау кеңесінің құрамына тәуелсіз мүшелерді сайлауға конкурс жариялау

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – Серіктестік) байқау кеңесінің құрамына тәуелсіз мүшелерді сайлауға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы                           8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс анықтама телефоны (7172) 74-32-45.

Серіктестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы,                                   Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13/3-үй, «Nursaya Deluxe» бизнес орталығы.

Негізгі қызметтің қысқаша сипаттамасы:

Қазақстан Республикасы фармацевтикалық саласының тұрақтылығын және бәсекеге қабілетін арттыру, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сатып алуды біріктіру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

  1. Байқау кеңесіне кандидаттардың өз міндеттерін орындау және ұйымдастыру үшін қажетті тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, оң жетістіктері және іскерлік және салалық ортадағы мінсіз беделі болуға тиіс.
  2. Серіктестіктің БК тәуелсіз мүшелері болып сайланбайтын тұлға:

1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;

2) осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғасы болып табылатын және ол БК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде болып табылатын тұлғалар (оның осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің тәуелсіз мүшелерін лауазымында болу жағдайын қоспағанда), осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылатын тұлға; осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің немесе осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің үлестес тұлғалары - ұйымдарының лауазымды адамдарына бағыныстылықпен байланысты және ол БК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғаларға бағыныстылықпен байланысты; мемлекеттік қызметші; осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің органдарының отырыстарында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өкілі болып табылатын және өзі БК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде өзі болып табылатын тұлға; осы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және өзі БК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатысқан;

      3) мемлекеттік қызметші; осы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және өзі БК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде акционер болып табылатын; осы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және өзі БК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатысқан;

      4) белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе акцияларын мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде басқа заңды тұлғаның бірінші басшысы (басқарма төрағасы), басшысының орынбасары (басқарма төрағасының орынбасары), бас бухгалтері болған. Көрсетілген талап акциялар мәжбүрлеп тарату немесе мәжбүрлеп сатып алу немесе белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа заңды тұлғаны консервациялау туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.

         Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;

2) кандидаттың түйіндемесі;

3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

5) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;

7) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;

8) осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәлімет.

Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, оң жетістіктер мен мінсіз іскерлік беделді растайтын құжаттар (марапаттар, мінездемелер, ұсыныс хаттар және басқалар).

Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді.

Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша Министрлікке жіберілуі тиіс;

2) «Серіктестіктің байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелерін іріктеу» және «________ дейін ашпаңыз» деген сөздер болуға тиіс (Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты).

         Өтінім хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

  Құжаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы                     8, Министрліктер Үйі, 5-кіреберіс, анықтама телефоны (7172) 74-32-45.

 

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-нысан

Өтініш

Мен осы өтінішпен «СҚ-Фармация» ЖШС байқау кеңесінің мүшелігіне тәуелсіз мүше ретінде сайлануға келісім беретінімді растаймын. Сондай-ақ, мен көрсетілген «СҚ-Фармация» ЖШС үлестес тұлғасы емес екенімді және соңғы үш жыл ішінде үлестес тұлға болмағанымды, көрсетілген                                     «СҚ-Фармация» ЖШС үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтынымды және олардың лауазымды адамдарына – «СҚ-Фармация» ЖШС үлестес тұлғаларына бағынысты емес екенімді; мемлекеттік қызметкер еместігімді; осы «СҚ-Фармация» ЖШС аудиторы еместігімді және соңғы үш жыл ішінде аудитор болмағанымды, «СҚ-Фармация» ЖШС аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде болмағанымды және соңғы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспағанымды растаймын.

 

                                                                           ____________(қолы)           

                                                                           ____________ (Т.А.Ә.)

Күні

«_____» ________ 202___ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-нысан

 

 

Кандидаттың суреті

 

Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің

 лауазымына кандидат туралы мәліметтер

«________________»

  1. Жалпы мәліметтер:

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

 

(жеке куәлікке (төлқұжатқа) толықтай сәйкес етіп жазылады, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда қашан және қандай себеппен өзгергені көрсетіледі)

Туған күні мен туған жері

 

Тұрақты мекенжайы, телефон нөмірлері

 

 

(толық мекенжайы, елдімекен кодын қосқанда қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетіледі)

Азаматтығы

 

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

 

 

  1. Үлестігі туралы мәліметтер:

Жақын туыстары (ата-анасы, зайыбы, аға-інісі, әпке-қарындасы, балалары), сондай-ақ туыстары (ағасы, әпкесі, ата-анасы, зайыбының балалары) туралы мәліметтер:

 

№

Тегі, аты, әкесінің аты

Туылған күні, айы, жылы

Туыстық қарым-қатынасы

Жұмыс орны және қызметі

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысу:

№

Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Қатысу сомасы мен үлесі

1.

 

 

 

2.

 

 

 

3.

 

 

 

  1. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіптік білімі

 

 

(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы және орналасқан орны, оқу кезеңі, берілген біліктілік, білім туралы дипломның деректері көрсетіледі)

Қосымша білім, оның ішінде жұмыс істейтін саласына қатысты біліктілікті арттыру курстарына қатысуы, ғылыми дәрежесі

 

 

(оқу орнының атауы және орналасқан орны, оқу кезеңі, білім туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректері көрсетіледі)

Директорлар кеңесінің/Байқау кеңесінің құрамында жұмыс істеу тәжірибесі

 

Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесінің жұмысына уақыт бөлу мүмкіндігі

 

Жетістіктері

 

 

(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетіледі, мысалы, ғылыми мақалалардың атаулары, ғылыми жобаларға, заң жобаларын әзірлеуге қатысуы және тағы басқа)

Қоғамдық ұйымдардағы мүшелігі

 

 

(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетіледі, мысалы, аудиторлар палатасы)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

 

 

(үміткердің кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

Сот шешімі бойынша сіз әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін

 

Сіз белгілі бір мерзім ішінде, қашан және не үшін мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырылдыңыз ба

 

Шетелде оқу немесе жұмыс істеу

Болған еліңіз

Болған уақытының

Оқу немесе жұмыс орны

 

 

__________(қолы)             

Күні

«_____» ________ 202___ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 мая 2025