Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдауды жария талқылау
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері 2025 жылғы 5 мамырда сағат 11.00-де Денсаулық сақтау министрлігінің ғимаратында (1136-кабинет) қоғамдық тыңдауларда талқыланды.
Қоғамдық тыңдауға қатысқандар арасында ұсыныстар мен пікірлер алмасу болды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының төрағасы Б.Ш. Бекбатыров қатысушыларға алғысын білдіріп, қоғамдық талқылауды қорытындылады. Қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша одан әрі жұмысты ұйымдастыру туралы хаттама жасалды.