Ағымдағы жылғы 25 сәуірде Министрліктің медициналық терминология комиссиясының республикалық терминологиялық конференциясы өтті

 

Ағымдағы жылғы 25 сәуірде Министрліктің медициналық терминология комиссиясының республикалық терминологиялық конференциясы өтті

 

         Денсаулық сақтау министрлігінің  медициналық терминология комиссиясы  мен Семей медицина университеті  ағымдағы жылғы  25 сәуірде   «Ғылыми жұмыстарда медициналық терминдерді  мемлекеттік тілде  бірізділендіруді арттыру жолдары» тақырыбында  республикалық терминологиялық конференция өткізді. 

          Конференцияның міндеті – медицина саласында  бекітілген терминдердің бірыңғай сөздігін әзірлеу, денсаулық сақтау саласындағы НҚА жиі қолданылатын  терминдердің бірыңғай сөздігін қалыптастыру және  медициналық терминдердің жаңа сөздігін әзірлеу болып табылады.   

          Конференцияда  ғылыми жұмыстарда  қолданылатын  медициналық терминдерді  талқылау,  медицина саласында ғылыми  еңбектерде қолданылып жүрген қысқартылған сөздерге талдау  жүргізу және  денсаулық сақтау жүйесіндегі нормативтік құқықтық актілерде  қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері, медицина саласы бойынша бекітілген терминдердің кеңінен қолданылуына ықпал ету, медициналық терминдердің әркелкілігі,  медициналық ғылыми тілдің түсінікті және дәл болуы үшін терминологияны жүйеге  келтіру, салалық жасанды интеллект үлгілерін дамыту және KAZ-LLM моделінің негізінде медициналық сұрақтарға жауап беруге дағдыланған KAZHealthGPT сияқты жүйе әзірлеу, жасанды интеллектіні ауру тарихы, ғылыми мақалар, оқулықтар мәтіндерін үйрету арқылы машиналық аударма, мәтінді аннотациялау, медициналық сұхбат міндеттерінде қазақ тілінде жоғары сапалы нәтиже беруі мәселелері бойынша  сөз қозғалды. 

           Салалық жасанды интеллект – медицина ғылымындағы  мемлекеттік тілдің мәселесін шешудің жаңа тетігі бола алады.  «Мемлекеттік тілде 100 медициналық оқулық»  жобасын қолға алу сәтті жобалардың бірі болады деп есептейді жас ғалымдар, бұдан басқа бекітілген медициналық терминдер  саланың барлық құжаттары мен клиникалық хаттамаларда  негізге алынып қадағалануы керек, қазақ тіліндегі ғылыми жұмыстарды ынталандыру,  медициналық терминологияны  қолдану мәдениетін  қалыптастыру, ғылыми журналдарда  үздік қазақ тіліндегі мақала сыйақысын тағайындау  сияқты мотивациялық жүйені ұсынды.

            Сондай-ақ жас ғалымдар қазақтың  медициналық  ғылымын дамытуда өз мақсаттарымен бөлісіп, Алаш зиялыларының ұстанымымен бөлісті: «Қазақ тілі – тек тұрмыстың тілі ғана емес, ол ғылымның да тілі болуға толық құқығы бар.  Жасанды интеллектті дұрыс пайдаланудың арқасында осы құқықты іс жүзінде нығайтып, ұлттық ғылыми ойды жаңа белеске көтеретін уақыт жетті.».

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 

Ақпарат
Дата публикации
29 апреля 2025