АЛМАТЫДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕНІҢ ТІЛІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
АЛМАТЫДА «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ - МЕНІҢ ТІЛІМ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
2025 жылғы 18 сәуірде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталды.
Аталған конкурсқа, Алматы қаласының, Жамбыл, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері мен басқарамаларының басшылары мен мамандары, Алматы, Астана қалаларының, Алматы, Абай, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстарының ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Семей медицина университеті, Астана медицина университетінің мамандары мен студенттері, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкерлері қатысты.
Конкурстық комиссия қорытындысы бойынша үздіктер марапатталды:
Үздік медициналық ұйым - Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Алакөл орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК;
Үздік сайт - Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК, «Turar Healthcare» КеАҚ, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ;
Үздік тіл мамандары - Қожахметова Фарида Бақытжанқызы, Сәрсембекова Тоғжан Өмірбекқызы;
Тіл жанашырлары - Азамбаева Гүлнұр Ерболқызы, Дүмшебаева Анар Бейсембайқызы, Сығаева Қымбат Мырзабекқызы, Шаханова Айжан Тұңғышханқызы, Жанна Нұрбергенқызы, Темірбекова Әсем Шыңғысбекқызы.
«Талаптыға нұр жауар» аталымы бойынша үздіктер - Дәулетова Ұлболсын Абайқызы, Құлтасов Медет Серікұлы, Тахиров Азат Азаматұлы, Zia Nuzhat, Сүлейменов Ислам Исмеилұлы, Gauransh Alagh.
«Даналық» аталымы бойынша үздіктер - Жүкішева Шолпан Тұрғанбайқызы, Хангелдина Сұңқар Қосманапқызы, Зайсанбаев Төлеубек Қизатұлы, Бегларова Гүлшахар Еркінқызы, Мұсаева Әсия Қыбылашқызы.
Конкурсқа белсенді қатысып, жақсы дайындық көрсете білген ұйым басшылары мен мамандары Алғыс хаттармен марапатталды.
Конкурсқа қатысушылар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің басшылығына зор ризашылығын білдіріп, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.



Пресс-релизДата публикации
23 апреля 2025