Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

Қоғамдық кеңесінің кейбір

мәселелері туралы

 

 

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына, 5-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ереженің 21, 25, 26, 27-тармақтарына және 2020 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының Хаттамасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілсін.
  2. Министрліктің Қоғамдық кеңесі Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқыласын және бекіту үшін Министрлікке енгізсін.
  3. Министрліктің Стратегия және даму департаменті Қоғамдық кеңесінің құрамы бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                                        А. Цой

 

 

 

 

Бұйрық
Дата публикации
28 октября 2020