«Жаныңда жүр жақсы адам» айдары
Көктемнің шуақты күнінде мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайтуға бағдарланған мемлекеттік қызметшілердің «мінсіз беделін» қоғам арасында кеңінен насихаттау және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлер бейнесін ұжым алдында көтермелеу, жастарға үлгі болу мақсатында «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарының қонағы – мемлекеттік қызметте адал да абыройлы еңбек етіп жүрген әріптесіміз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік жұмыс департаменті Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы Айжан Әнуарбекқызы Алдангорова .
Көктемнің шуақты күнінде өзіңізбен тәжірибелі маман, аяулы ана, жалпы қазақтың қарапайым қызы ретінде еркін форматта сұхбат жүргізсем деп едім. Ең алдымен, сіздің балалақ шағыңызға саяхат жасасақ... Қай өңірдің тумасысыз? Отбасыңыз жайлы айтсаңыз. Кішкентай кезіңізде қай мамандықтың иесі болуды армандап едіңіз.
Көктемнің шуақты ең тәуір айы сәуірде Сізбен сұхбаттасып отырғаныма қуаныштымын. Адамзат үшін әрбір ай өзінше ерекше, әр күніміз біз үшін мереке міне бүгінде 1-сәуір әзіл мен күлкі күні, табиғаттың жанашырлары құстар күні деп жатыр, екі мерекеде біз үшін маңызды әрине, осындай сәтті пайдаланып, өзімнің 16 жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымының және жалпы денсаулық сақтау жүйесіндегі әріптестерімнің көңіл-күйлері көтеріңкі болсын, әзілдері жарасқан, жүздерінен күлкі кетпейтін, көктемдей сұлулығы бар біртұтас мықты ұжым болайық! Құстар күні дегенде бала кезіміздегі осы күн есіме жиі түседі жыл сайын сәуірде ағаштың басына ұя жасап ілетінбіз, оған міндетті түрде әкеміз қатысатын. Осындай қызықты сәттері бар балалық шаққа саяхаттап күніне бір барып қайтамын.. Менің балалық шағым Целиноград облысының Қорғалжын ауданы Кенбидайық ауылында өтті. Қазіргі Астана қаласында білім алып мамандық иесі атандым. Отбасымызда біз төртеуміз, соның ішінде үшеуміз лингвистикаға өте жақын болдық мектеп кезінен мен және менің бауырым Азамат қазақ тілі мен әдебиетін өте жеңіл меңгердік, соның нәтижесі шығар мен қазақ тілі және әдебиет мұғалімі болдым, ал бауырым журналистика және саясаттану факультетін аяқтады. Менен кейінгі бауырым Гүлжан ол орыс тілі мен әдебиеттің үздігі болды. Отбасында лингвистердің жарысы болатын. Бұл қасиет бізге әкемізден берілген деп есептеймін, өйткені әкеміз екі тілде де сауатты сөйлеп, сауатты жазатын. Бізде сол әкемнің тәрбиесімен жүрдік. Оқуымызға әкем көп араласты, мектептің қоғамдық жұмысына да араласатын бізге үлгі болып өзі бастап жүрді. Сол әкемнің арқасында біз домбыра үйрендік, әдемі жазуды үйрендік, қоғамға, адамдарға пайдамызды тигізуді, көршілермен тату болды үйрендік. Менің арманым 14 жасымда салық саласының маманы болу еді. Алайда мен әкемнің айтуымен оқуға түстім халық шаруашылығы саласында экономика және жоспарлау мамандығын тәмамдадым. Бірақ өмір ағысы сол мектептегі менің мұғалімім таңдап берген лингвистикаға қайта алып келді, менің таңдауым тіл маманы болу болды. Бұл да менің арманымның бірі деп ойлаймын. Армандар көп болады ғой бала кезінде, соның бірі мұғаліміме ұқсап педагог болдым. Астана менің туған қалам осы күнге дейін мен сол бала кезімдегі, студент кезімдегі көшелер мен қызықты оқиғаларды жиі есіме алып тұрамын.
Мемлекеттік қызметте айтарлықтай еңбек өтілі бар, тәжірибелі маман, өз ісінің білгірі ретінде мемлекеттік қызметтегі тіл мәселесі туралы ойыңызды айтсаңыз.
Мемлекеттік қызметтегі тіл мәселесі ол күнделікті жұмыс режимінде іске асырылып жатқан тіл саясатының тұтас бір қағидаты. Өз құзыретіміздің шегінде жалпы денсаулық сақтау жүйесінде тіл саясатына тұрақты негізде талдау жүргізіледі, Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласында тіл саясатына қатысты іс-шаралар жоспары өте ауқымды жылына республика бойынша 20 іс-шара өтеді, соның ішінде республикалық деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарының арасында екі байқау өткіземіз “Мемлекеттік тіл-менің тілім” және “Сапалы құжат: ұлттық аккредиттеуге негізделген іс жүргізу” 10 аталымнан тұратын үлкен жоба деп айтсақ болады. Жыл сайын Алматы телевидениясында жаңалықтарға шығып отырады. Денсаулық сақтау жүйесі осы байқауларға белсенді қатысады, бұл біздің Министрліктің үлкен жетістігі 21 мемлекеттік органның ішінде жалғыз біздің мемлекеттік орган жыл сайын осындай ауқымды екі байқау өткізеді. Одан басқа медицина ғылымын мемлекеттік тілде сөйлетуге ат салысып жатқан 6 медициналық ЖОО-ларының профессорлық-оқытушы құрамы, мемлекеттік қызметшілер мен біздің Министрліктің басшылығы атап айтсам Аппарат басшысы Болат Тұрғанұлы бастаған Денсаулық сақтау саласындағы медициналық терминологиялық комиссия белсенді жұмыс атқаруда. Болат Тұрғанұлы жалпы 2017 жылдан бері басқарып келді осы комиссияны. Қазір міне осы жұмысты жалғастыруда, жеке өз басым осыған қуаныштымын. Жыл сайын республикалық деңгейде медициналық ЖОО базасында терминологиялық конференция өткіземіз. Терминдерді жинақтап, осы отырыстарда талқылап, мақұлдап, республикалық терминологиялық отырыстарда бекітіледі. Және оны міндетті түрде хаттамамен бекітіп, барлық оқу құралдарында, нормативтік құқықтық актілерде қолданылуын іске асырамыз. Осы уақытқа дейін фармацевтика, педиатрия, хирургия және терапия терминдері бекітілді. Алдағы сәуір айында Семей медицина университетінде өтетін Конференцияда НҚА жиі қолданылатын медициналық терминдер мен травматология және ортопедия оқу құралы мен жаңа үш тілде әзірленген сөздіктің жобасы қаралады. Одан басқа жыл сайын Министрліктің орталық аппараты мен ведомстволары және Министрлікке қарасты ұйымдардың қызметкерлері Қазтест жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеуден өтеді. Төмен көрсеткіш көрсетсе ол қызметкерлер міндетті түрде тіл курсынан өтеді. Осындай іс-шаралардың нәтижесіз болуы мүмкін емес. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінде тіл саясаты тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр. Бізді қолдайтын басшыларымыз бар, жұмысымыздың нәтижесі жоқ деп айта алмаймын. Әрбір мемлекеттік қызметші өз елінің, тілінің патриоты деп есептеймін. Өйткені ол еліне, халқына қызмет көрсетуде, Президенттің саясатын жүргізуде, Мемлекет басшысының саясатының бір Тіл саясаты басымды орында деп ойлаймын
Бұл ретте тіл саласындағы маңызды оқиғалардың бірі 2025 жыл Ұлы қазақ данасы, ақыны, философы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде,ЮНЕСКО шеңберінде, әрине Қазақстанда ауқымды шаралармен аталып өтіледі. Денсаулық сақтау министрлігі және барлық денсаулық сақтау жүйесі де қазіргі кезде іс-шара жоспарын әзірлеудеміз, іс-шаралар легі мамырдан бастап қазанға дейін жалғасады. Министрлік деңгейінде де атап өтіледі. Және 2025 жылдың тамыз айында Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы республикалық деңгейде “Абай оқулары” байқауын өткізеді. Бұл іс-шараға барлық денсаулық сақтау ұйымдары қатысады деп күтілуде. Жеңімпаздар марапатталады. Үлкен іс-шара жоспарланған. Қазіргі кезде Министрлік барлық өңірлердің денсаулық сақтау саласынан іс-шаралар тізбесін жинақтап жатырмыз, әр өңірде денсаулық сақтау ұйымы өткізген іс-шара Министрліктің интернет-ресурсында жарияланады. Ұлы ақынның баға жетпес құнды асыл мұрасын ұлықтау, кейінгі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз деп білемін.
Сіздің пікіріңізше, мемлекеттік қызметші қандай қасиеттерге ие болуы тиіс
Мемлекеттік қызметші ең бірінші өзінің қызметін құрметтеу керек, мемлекетке, өзінің еліне, халқына қызмет жасап жатқанын мақтан тұту керек. Қарапайым, әділетті және шынайы болу. Берген уәдеңді орындау, қолыңнан келетін іске ғана кірісу, кірістің бе оны нәтижелі аяқтау. Мемлекеттік қызметке келген кезде халықтың алдында берген антыңды мүлтіксіз орындау.
Қай тұлғаны үлгі тұтасыз? Идеалыңыз кім?
Мен өз ата-анамды үлгі тұтамын. Мен үшін ата-анам идеал. Олар мені бақытты отбасын құрып дүниеге әкелді, тәрбиеледі, білім берді, менің жеке тұлға болып, маман болып, баламның анасы болып қалыптасуыма қолдау көрсетті. Қанша оқу оқысамда ешқашан кедергі келтірген жоқ үнемі қолдап отырды. Сол идеалдардың арқасында мен бес мамандықтың иесімін экономист, тәрбиеші, мұғалім, заңгер және педагогика магистрі.
Отбасыңыз бен қызметті қатар алып жүрудің маңызы неде? Артыңыздан еріп келе жатқан сіңілдеріңізге қандай кеңес бересіз
Отбасы мен қызметті қатар алып жүру ол өмірдің заңдылығы деп ойлаймын. Солай болу керек мемлекеттік қызметте. Басқа жолы жоқ. Екеуі қатар жүру керек. Болашақ жастарға айтарым жасап жатқан қызметтеріңізді жақсы көріңіздер. Ерекше көріңіздер. Қызметтеріңізге шынайылықпер қараңыздар. Қазір сіздер қызметтеріңізді мәртебелі орындасаңыздар, кейін сол мәртебелеріңіз сіздерге қызмет атқарады деген сенімдемін.
Көктемнің әр айы ерекше және өзгеше, осындай ерекше күндеріміз жақсы адамдармен кездесу болсын! Жақсы да жүзі жайдары адамдар әрдайым жанымыздан табылсын.
Айжан Әнуарбекқызы алтын уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға көп рахмет! Сізді де жүрекке жылулық сыйлайтын осы бір әдемі мерекемен құттықтаймын! Сізге мықты денсаулық, еңбегіңізге толағай табыс және жанұяңызға амандық тілеймін!
Сұхбаттасқан: Зина Сапуанқызы Байғаскина,
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің
Әдеп жөніндегі уәкілі


Дата публикации
01 апреля 2025