Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма төрағасы – директорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, анықтама телефоны (7172) 74-32-45.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қарағанды қ., Мұстафин көшесі, 15.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі.
Негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қолдау көрсету, қазіргі заманауи жетістіктерін (гигиена, еңбек медицинасы және өндірістік экология салаларында) пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халықтың кәсіби денсаулығын сақтау және еңбек ұзақтығын арттыру.
Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сай болуы тиіс: «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің болуы, білім беру және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мыналар:
1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар;
2) сотталған немесе сотталмаған, қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық қудалауға ұшыраған немесе ұшырамаған тұлғалар, кісі өлтіру, қасақана денсаулыққа зиян келтіру, халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы, жыныстық қол сұғылмаушылыққа, экстремистік немесе террористтік қылмыстар, адам саудасы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
3) еркін нысанда баяндалған автобиография;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
5) 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 35-тармағына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғыт30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітдліген нысан бойынша («Денсаулық сақтау саласындағы есепті медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы») (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тізімінде № 21579 ретінде тіркелген)
Конкурсқа қатысуға үміткерлер біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өздерінің кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қосымша ақпарат бере алады.
7) Қоғамның даму бағдарламасы;
8) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің аумақтық бөлімшісінің берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығы туралы құжат.
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылуы тиіс.