2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің шешімдерін бекіту туралы
2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің шешімдерін бекіту туралы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 7-тармағына, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33613 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларының 62-тармағына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне қол қою және олардың қызметін үйлестіру құқығы бойынша міндеттерді жүктеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 13 қарашадағы № 784 бұйрығымен, 2025 – 2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша «Өмір және денсаулық туралы ғылым» басым бағыты бойынша 2025 жылғы 12 ақпандағы Ұлттық ғылыми кеңестің шешімдеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2025 жылғы 12 ақпандағы «Өмір және денсаулық туралы ғылым» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің шешімдеріне сәйкес 2025-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпаздары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті: 1) 2025 – 2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша конкурс нәтижелерін жоғарыда көрсетілген басым бағыттар бойынша Қазақтан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жариялауды; 1 2) 2025 – 2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша шарттар жасауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т. Сұлтанғазиев
Дата публикации
27 февраля 2025