Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма төрағасының – ректорының бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, анықтама телефоны (7172) 74-32-45.
Қоғамның орналасқан жері: Астана қаласы, «Сарыарқа ауданы» Бейбітшілік көшесі, 49 А.
Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы ұлттық және жалпыадами құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Басқарма төрағасының – ректорының лауазымына кандидатураларды іріктеу кезіндегі негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білімінің болуы;
2) кәсіби тәжірибесі кемінде 10 жыл, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл;
3) ғылымдар кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің немесе философия (PhD) докторы дәрежесінің немесе ҚР-да танылған бейіні бойынша доктор дәрежесінің болуы;
4) ҚР-да танылған ғылыми атағының болуы;
5) қазақша, орысша және ағылшын тілдерін (артықшылық беріледі) меңгеруі;
6) рецензияланатын Scropus және (немесе) Web of science журналдарында кемінде 10 мақаланың; h-index (Хирша индексі) Scropus және (немесе) Web of science журналдарында кемінде 5 мақаласының болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қағаз және электрондық жеткізгіште мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) осы Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретпен конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4) Қоғамды дамыту бағдарламасы;
5) салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылатын білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:
Қазақтан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтар мен зертханалардың берген білім беру туралы құжаттарының көшірмелеріне «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерін, сондай-ақ өзара тану және баламалық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) күші қолданылатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелдік білім беру және ғылыми ұйымдарында алған білімі және ғылыми дәрежесі туралы құжаттарға ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білімі және ғылыми дәрежесі туралы құжатын тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттардың көшірмесіне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) күші қолданылатын азаматтарға білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген осы білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
6) еңбек өтілін растайтын, жұмыс орны (қазіргі не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған құжаттың көшірмесі;
7) Scropus және Web of science дерекқорларындағы жарияланымдар мен
h-index растайтын автор профилінің көшірмесі;
8) құжатты тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген № 075/е нысаны бойынша денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);
9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;
11) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға үміткерлер біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өздерінің кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) қосымша ақпарат бере алады.
Құжаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, анықтама үшін телефон (7172) 74-32-45.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
«Астана медицина университеті»
коммерциялық емес акцонерлік қоғамы
басқарма төрағасын – ректорын
сайлау (тағайындау) тәртібіне
2-қосымша
________________________________
(Жалғыз акционер)
Нысан
Өтініш
Мені «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры бос лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
Басқарма төрағасы – ректор лауазымына іріктеу тәртібінің негізгі талаптарымен таныстым, оларды орындауға келісемін және міндеттенемін.
Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1._________________________________________
3 . _________________________________________
4 . _________________________________________
Мекенжайы және байланыс телефоны: ____________________
______________________________________________
___________ __________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
«_____» __________________20 ж.
«Астана медицина университеті»
коммерциялық емес акцонерлік қоғамы
басқарма төрағасын – ректорын
сайлау (тағайындау) тәртібіне
3-қосымша
|
|
|
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА
|
________________________________________ |
|
|||
|
_______________________________________ |
||||
|
_______________________________________ |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса) / |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (бар болса) / |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (бар болса) / |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (бар болса) / |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері / |
||
|
|
қабылданған / |
босатылған / |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ |
_______________ |
||