«Терапия саласының қазақша терминдерін біріздендіру мәселелері» республикалық терминологиялық конференцияның хаттамалық шешімі

«Терапия саласының қазақша терминдерін біріздендіру мәселелері»

атты республикалық терминологиялық конференцияның

хаттамалық шешімі

                                                №12

Алматы қаласы                                            2024 жылғы 8 қараша

 

Конференцияға С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің проректоры Убайділлә Махамбетұлы Датхаев төрағалық етті.

Қатысқандар: А.Ә. Алдангорова, А.Ш. Тілесова, Ж.Б. Асанова, У.М. Датхаев, Ж.Б. Ахметов, Б.Ш. Шәкенов, М.Ж. Ерғазина, Т.Қ. Зайсанбаев, Ж.Ә. Байғараев,            Е.Қ. Сәлім, Ж.Т. Баубеков, М.М. Сабитбекова, А.Б. Раманкулова, А.Аманжолқызы,  Р.Р. Рахиев, С.Т. Капанов, С.О. Рахыжанова, Д.Р. Жарикова, С.С.Ибраева,                         Г.Е. Бегларова, Ф.М. Сулейменова, Е.Н. Дарменов, М.Ә. Маретбаева,                                  А.Б. Мыржықбаева, М.С. Шілдебаев,  А.М. Моңғол, Н. С. Қойбағарова, С.Қ. Рахменшеев, С.Қ. Құлманов, А.Қ. Балапанова, Н.С. Ахмад, М.М.Абаған, С.Х. Измайлова, Ж.Б. Есикбаева, жоғары оқу орындарының  және жоғары медицина колледждерінің  оқытушылары  мен денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және қызметкерлері.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы, «С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» KeAҚ.

Конференцияны өткізу негіздемесі: «Денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 02 тамыздағы №580 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ДСМ 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №885 бұйрығының 2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының             2-тармағы  және С.Ж. Асфендияров атындағы  ҚазҰМУ 2024 жылғы 16 сәуірдегі №2526-09-03-01-22-08 хаты.

Конференцияның мақсаты және міндеті: терапия саласының терминдерін бірізділендіру мәселелері, ҒО, ҒЗИ терминологиялық комиссиялар және өңірлік ДСБ терминологиялық топтарын құру және олардың жұмыстарын үйлестіру. Терапия  терминдерін талқылау және бекітуге ұсыну, пысықтау, ұсыныстар жинақтау,  қазақ тіліндегі  тест жинақтарына, оқу, әдістемелік құралдарына талдау жүргізу.

Модераторлар: Ахметов Жауғашты Байназарұлы -  ҚР ДСМ терминологиялық комиссия төрағасының орынбасары, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті терминологиялық комиссиясының төрағасы, Ерғазина Марал Жүнісбекқызы - Республикалық терминологиялық комиссия мүшесі, ҚР ДСМ терминологиялық комиссиясының және С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті терминологиялық комиссиясының мүшесі.

Конференцияның күн тәртібі: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің проректоры У.М. Датхаевтың,  ҚР ҒЖБМ  Тіл саясаты комитетінің бас сарапшысы Ж.Б. Асанованың, ҚР ДСМ Басқарма басшысы А.Ә. Алдангорованың, Е.Қ. Сәлімнің, Ж.Т. Баубековтың, Р.Р. Рахиевтің, С.О. Рахыжанованың, Д.Р. Жарикованың, А.М. Моңғолдың,  С.Қ. Рахменшеевтің, С.Қ. Құлмановтың, А.Қ. Балапанованың, М.М. Абағанның, С.Х. Измайлованың құттықтау сөздері.

Конференция шешімі:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы мүшелерінің баяндамалары назарға алынсын.
  2. Республикалық деңгейде баспаға ұсынылатын мемлкеттік тілде әзірленген монографияларды, оқулықтарды, оқу құралдары және сөздіктерді, тест жинақтарын ҚР ДСМ жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясының сараптамасынан өткізсін. Жауаптылар: әзірлеушілер, ҚР ДСМ жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы. мерзімі: тұрақты.
  3. Бекітілген медициналық терминдердің жасанды интелектісін жасау және медициналық оқулықтарға сараптама жүргізу кезінде бекітілген медициналық терминдерге негізделген жасанды интелектіні қолдансын. Жауаптылар: ЖОО-лар және ғылыми ұйымдар. мерзімі: 2025 жыл.
  4. Медициналық ЖОО-лары ҚР ДСМ жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы сараптамалық жұмыстарын авторлар есебінен ақылы түрде жүргізілуін қамтамасыз етсін. Жауаптылар - медициналық ЖОО-лардың басшылығы. мерзімі: 2025 жылғы қаңтар.
  5. Мемлекеттік тілде медициналық терминдерді талқылау кезінде  жасанды интелект мүмкіндігін пайдалансын және ҚР ДСМ жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясының жұмыс органы С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті сайтында ҚР денсаулық сақтау  жүйесіне  арналған medtermin.kz алаңын құрсын. Жауаптылар: жұмыс органы - С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, ҚР ДСМ жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы. мерзімі: 2025 жылғы сәуір.
  6.  Денсаулық сақтау саласындағы  ҒО, ҒЗИ мен өңірлік денсаулық сақтау басқармалары, сондай-ақ олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары медициналық ЖОО-лардың терминологиялық топтарымен тұрақты байланысты қамтамасыз етсін. Жауаптылар: ҚР ДСМ жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы. мерзімі: тұрақты.
  7. Республикалық терминологиялық комиссия бекіткен медициналық терминдер барлық медициналық оқулықтарда, әдістемелік oқy құралдарында және тест жинақтарында міндетті түрде пайдаланылсын және басшылыққа алынсын. Жауаптылар: медициналық ЖОО-лар. мерзімі: тұрақты.
  8. Медицина ғылымының қазақ тілінде дамуы үшін және ЖОО-ларда қазақ бөлімінің басым болуына байланысты «Кәсіби медициналық  қазақ тілі» жеке кафедрасы қамтамасыз етілсін. Жауаптылар: ЖОО-лардың басшылығы. мерзімі: 2025 жыл.
  9. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының терминологиялық топтарының қызметін реттеу, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, кәсіби әріптестікті нығайту үшін үйлестіруші тағайындалсын. Жауаптылар – ҚР ДСМ жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы. мерзімі: 2025 жылғы қаңтар.
  10. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының бағынысты ұйымдарының медициналық терминологиямен және тіл саясатымен айналысатын мамандарына арналған медициналық терминологияны бірізділендіру мәселесі бойынша семинар (көшпелі) өткізсін. Жауаптылар: Астана, Алматы, Шымкент қалалары, облыстар денсаулық сақтау басқармалары, үйлестіруші және ҚР ДСМ жанындағы денсаулық сақтау саласында медициналық терминология комиссиясы. мерзімі: жылына 2 рет.
  11. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының медициналық терминология комиссиясына, медициналық жоғары оқу орындарының, денсаулық сақтау саласындағы  ғылыми-зерттеу институттарының,  облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының ДСБ басшыларына жүктелсін.
  12. Осы хаттамалық шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

            

 

ҚР ДСМ аппарат басшысы                                          Т. Сәрсембаев

 

               Хатшы                                                                       А. Алдангорова

 

 

ақпарат
Дата публикации
27 января 2025