Хабарландыру

 

Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын сайлау жөніндегі (бұдан әрі - ДК) конкурстық іріктеуді жариялайды.

Қоғамның ДК тәуелсіз директорларын сайлау конкурстық іріктеу (бұдан әрі – Іріктеу) негізінде жүзеге асырылады.  

Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, анықтама телефоны (7172) 74-32-45.

Қоғамның орналасқан жері: Астана қаласы, 010000, Уәлиханов көшесі, 13/1-үй.

Негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы – биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын тұрақты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіптің дамуын ынталандыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қоғамның орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілген заңды тұлғаларды тиімді басқару болып табылады. 

Қоғамның ДК тәуелсіз директорларына конкурстық іріктеу мынадай талаптардың біріне сай келетін кандидаттарды іздеу мақсатында жүргізіледі:

         1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

         2) директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесінің болуы;

         3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігі.

          Қоғамның ДК тәуелсіз директоры болып сайланбайтын тұлға:

  1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;

          2) осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын және ол ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде болып табылатын тұлғалар (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда), осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылатын тұлға; осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары - ұйымдарының лауазымды адамдарына бағыныстылықпен байланысты және ол ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғаларға бағыныстылықпен байланысты; мемлекеттік қызметші; осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және өзі ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде өзі болып табылатын тұлға; осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және өзі ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатысқан.

          Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдауды бастау күні Министрліктің интернет-ресурсында іріктеу өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады.

Құжаттарды қабылдау Министрліктің интернет-ресурсында іріктеу өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң аяқталады.

           Кандидаттардың өтінімдері бар конверттерді ашу күні – құжат қабылдау аяқталғаннан кейінгі екінші жұмыс күні.

Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;

2) кандидаттың түйіндемесі;

3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

5) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;

7) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;

8) 2-қосымшаға сәйкес толтырылған кандидат туралы мәліметтер.

Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді.

Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша Министрлікке жіберілуі тиіс;

2) «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларының іріктеуі» және «________ дейін ашпаңыз» деген сөздер болу тиіс (Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты).

Өтінім хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

Комиссия іріктеуге қатысушылармен (кандидаттармен) әңгімелесу өткізу кезінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қоғам қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және денсаулық сақтау ұйымы қызметінің ерекшелігі біліміне тексереді.

Іріктеуге қатысатын және әңгімелесуге жіберілген қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда техникалық байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңестерінің құрамына тәуелсіз директорларды сайлау тәртібіне

1-қосымша

 

Нысан

Өтініш

Мен осымен «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне тәуелсіз директор ретінде сайлануға келісім беретінімді растаймын. Сондай-ақ, мен көрсетілген «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ үлестес тұлғасы емес екенімді және соңғы үш жыл ішінде үлестес тұлға болмағанымды, көрсетілген «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтынымды және олардың лауазымды адамдарына – «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ үлестес тұлғаларына бағынумен байланысты емес екенімді; мемлекеттік қызметкер еместігімді; осы «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ аудиторы еместігімді және соңғы үш жыл ішінде аудитор болмағанымды, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспағанымды және соңғы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспағанымды растаймын.

 

                                                         ____________(қолы)           

                                                         ____________ (Т.А.Ә.)

Күні

«_____» ________ 202___ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңестерінің құрамына тәуелсіз директорларды сайлау тәртібіне 2-қосымша

 

Нысан

 

 

Кандидаттың суреті

 

Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

 лауазымына кандидат туралы мәліметтер

«________________»

  1. Жалпы мәліметтер:

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

 

(жеке куәлікке (төлқұжатқа) толықтай сәйкес етіп жазылады, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда қашан және қандай себеппен өзгергені көрсетіледі)

Туған күні мен туылған жері

 

Тұрақты мекенжайы, телефон нөмірлері

 

 

(толық мекенжайы, елдімекен кодын қосқанда қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетіледі)

Азаматтығы

 

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

 

 

  1. Қосылу туралы мәліметтер:

Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, әпке-қарындасы, балалары), сондай-ақ туыстары (ағасы, әпкесі, ата-анасы, жұбайының балалары) туралы мәліметтер:

 

№

Тегі, аты, әкесінің аты

Туылған күні, айы, жылы

Туыстық қарым-қатынасы

Жұмыс орны және қызметі

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысу:

№

Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Қатысу бағасы және үлесі

1.

 

 

 

2.

 

 

 

3.

 

 

 

  1. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетінн кәсіптік білім

 

 

(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы және орналасқан орны, оқу кезеңі, берілген біліктілік, білім туралы дипломның деректері көрсетіледі)

Қосымша білім, оның ішінде жұмыс істейтін саласына қатысты біліктілікті арттыру курстарына қатысуы, ғылыми дәрежесі

 

 

(оқу орнының атауы және орналасқан орны, оқу кезеңі, білім туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректері көрсетіледі)

Директорлар кеңесінің/Байқау кеңесінің құрамында жұмыс істеу тәжірибесі

 

Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесінің жұмысына уақыт бөлу мүмкіндігі

 

Жетістіктері

 

 

(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетіледі, мысалы, ғылыми мақалалардың атаулары, ғылыми жобаларға, заң жобаларын әзірлеуге қатысуы және тағы басқа)

Қоғамдық ұйымдардағы мүшелік

 

 

(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетіледі, мысалы, аудиторлар палатасы)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

 

 

(үміткердің кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

Сот шешімі бойынша сіз әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін

 

Сіз белгілі бір мерзім ішінде, қашан және не үшін мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырылдыңыз ба

 

Шетелде оқу немесе жұмыс істеу

Болу елі

Болу уақыты

Оқу немесе жұмыс орны

 

 

__________(қолы)             

Күні

«_____» ________ 202___ ж.

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 января 2025