Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу туралы хабарлама  

        Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Министрліктің жанындағы жеке кәсіпкерлік субьектілері бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізетіні туралы хабарлайды. Министрлікпен аккредиттеу «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңестері туралы үлгілік ережені және Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидаларын, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысанын, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 127 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32929 болып тіркелген) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуден өткізу қағидалары, оның ішінде аккредиттеу туралы куәліктің нысаны, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібіне сәйкес (бұдан-әрі – Тәртіп) жүргізіледі.
      Өтiнiш берушi аккредиттеу алу үшiн Министрлікке электрондық форматта мынадай құжаттарды ұсынады:
     1) қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың аккредиттеуден өту үшін өтініш;
     2) заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрылтай құжаттарының және мемлекеттiк (есептік) тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық көшiрмелерiн;
    3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
      Аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алу үшін өтініш беруші орталық мемлекеттік және (немесе) жергілікті атқарушы органдарда аккредиттеуді қатарынан екі реттен артық растайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің көшірмелерін ұсынады.
      Жеке кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері Министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлердің мүдделерін қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жасауға құқылы болады.
      Министрлікте аккредиттеуге өтініш берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінен құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған құжаттарды тек a.balgabekova@dsm.gov.kz электрондық почтасына ұсынады.

Телефон: 74-32-66.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 января 2025