хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын сайлау жөніндегі  (бұдан әрі - ДК) қайта конкурстық іріктеу өткізу туралы жариялайды.

Қоғамның ДК тәуелсіз директорларын сайлау қайта конкурстық іріктеу (бұдан әрі – Іріктеу) негізінде жүзеге асырылады.

Қайта конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы                          8, Министрліктер үйі, анықтама телефоны (7172) 74-32-45

Қоғамның орналасқан жері: Қарағанды қаласы, Мустафина көшесі, 15.

Қордың негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы – Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқының кәсіби денсаулығын сақтауға және еңбекте ұзақ өмір сүруін ұзартуға бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің қазіргі заманғы жетістіктерін (гигиена, Еңбек медицинасы және өнеркәсептік экология саласында) қолдану арқылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Қордың ДК тәуелсіз директорларына қайта конкурстық іріктеу мынадай талаптардың біріне сай келетін кандидаттарды іздеу мақсатында жүргізіледі:

  1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

  2) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

  Қоғам ДК тәуелсіз директоры болып сайланбайтын тұлға:

  1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

          2) аталған акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатынасы жөнінен үлестес тұлға болып табылмайтын; аталған акционерлік қоғамның немесе осы қоғам ұйымының үлестес тұлғаларының лауазымды адамдарына бағынышты емес және директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; осы акционерлік қоғам органдарының отырысында акционердің өкілі болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатыспаған және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі болып табылатын адам  Қордың ДК тәуелсіз директоры болып сайлана алмайды.

Құжаттарды қабылдау Министрліктің интернет-ресурсында Іріктеу өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң аяқталады.

Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;

2) кандидаттың түйіндемесі;

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқ екенін растайтын құжаттар;

8) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;

9) осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес толтырылған кандидат туралы мәліметтер.

Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді.

Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша Министрлікке жіберілуі;

2) «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларының іріктеуі» және «________ дейін ашпаңыз» деген сөздер болу тиіс (Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты).

Өтінім хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

Комиссия іріктеуге қатысушылармен (кандидаттармен) әңгімелесу өткізу кезінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қоғам қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және денсаулық сақтау ұйымы қызметінің ерекшелігін білуі тексеріледі.

Іріктеуге қатысатын және әңгімелесуге жіберілген қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда техникалық байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңестерінің құрамына тәуелсіз директорларды сайлау тәртібіне                    1-қосымша

 

Нысан

Өтініш

Мен осымен «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» ҚеАҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне тәуелсіз директор ретінде сайлануға келісім беретінімді растаймын. Сондай-ақ, мен көрсетілген «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» ҚеАҚ үлестес тұлғасы емес екенімді және соңғы үш жыл ішінде үлестес тұлға болмағанымды, көрсетілген «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» ҚеАҚ үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтынымды және олардың лауазымды адамдарына – «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» ҚеАҚ үлестес тұлғаларына бағынумен байланысты емес екенімді; мемлекеттік қызметкер еместігімді; осы «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» ҚеАҚ аудиторы еместігімді және соңғы үш жыл ішінде аудитор болмағанымды, «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» ҚеАҚ аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспағанымды және соңғы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспағанымды растаймын.

 

                                                         ____________(қолы)           

                                                         ____________ (Т.А.Ә.)

Күні

«_____» ________ 202___ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

«Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңестерінің құрамына тәуелсіз директорларды сайлау тәртібіне 2-қосымша

 

Нысан

 

 

Кандидаттың суреті

 

Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры

 лауазымына кандидат туралы мәліметтер

«________________»

  1. Жалпы мәліметтер:

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

 

(жеке куәлікке (төлқұжатқа) толықтай сәйкес етіп жазылады, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда қашан және қандай себеппен өзгергені көрсетіледі)

Туған күні мен туылған жері

 

Тұрақты мекенжайы, телефон нөмірлері

 

 

(толық мекенжайы, елдімекен кодын қосқанда қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетіледі)

Азаматтығы

 

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

 

 

  1. Қосылу туралы мәліметтер:

Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, әпке-қарындасы, балалары), сондай-ақ туыстары (ағасы, әпкесі, ата-анасы, жұбайының балалары) туралы мәліметтер:

 

№

Тегі, аты, әкесінің аты

Туылған күні, айы, жылы

Туыстық қарым-қатынасы

Жұмыс орны және қызметі

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысу:

№

Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Қатысу бағасы және үлесі

1.

 

 

 

2.

 

 

 

3.

 

 

 

  1. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетінн кәсіптік білім

 

 

(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы және орналасқан орны, оқу кезеңі, берілген біліктілік, білім туралы дипломның деректері көрсетіледі)

Қосымша білім, оның ішінде жұмыс істейтін саласына қатысты біліктілікті арттыру курстарына қатысуы, ғылыми дәрежесі

 

 

(оқу орнының атауы және орналасқан орны, оқу кезеңі, білім туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректері көрсетіледі)

Директорлар кеңесінің/Байқау кеңесінің құрамында жұмыс істеу тәжірибесі

 

Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесінің жұмысына уақыт бөлу мүмкіндігі

 

Жетістіктері

 

 

(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетіледі, мысалы, ғылыми мақалалардың атаулары, ғылыми жобаларға, заң жобаларын әзірлеуге қатысуы және тағы басқа)

Қоғамдық ұйымдардағы мүшелік

 

 

(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетіледі, мысалы, аудиторлар палатасы)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

 

 

(үміткердің кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

Сот шешімі бойынша сіз әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін

 

Сіз белгілі бір мерзім ішінде, қашан және не үшін мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырылдыңыз ба

 

Шетелде оқу немесе жұмыс істеу

Болу елі

Болу уақыты

Оқу немесе жұмыс орны

 

 

__________(қолы)             

Күні

«_____» ________ 202___ ж.

 

Дата публикации
21 января 2025