2025 жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу кестесін бекіту туралы

2025 жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің құқықтық
мониторингін жүргізу кестесін бекіту туралы

        Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi
№ 471 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33069 болып тіркелген) «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. 2025 жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу кестесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшелері және ведомстволары:
     1) Кестеде белгіленген мерзімде нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізуді қамтамасыз етсін;
     2) есепті айдың 5-күніне дейін Министрліктің Заң департаментіне осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тиісті ақпаратты ұсынсын.
     3. Министрліктің Заң департаменті бұйрықты бекітілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырсын.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
     5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

                      

             Аппарат басшысы                                                   Т. Сәрсембаев

Қосымша
Дата публикации
17 января 2025