Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Астана қаласы
2024 жыл
МАЗМҰНЫ
|
|
|
б. |
|
||
|
1. |
Кіріспе
|
3
|
|||
|
2. |
Нысаналы индикаторларға қол жеткізу
|
4 |
|||
|
3. |
Ішкі аудит қызметіндегі тәуекелдер
|
7 |
|||
|
4. |
Инвестициялық саясат қызметіндегі тәуекелдер |
9 |
|||
|
5. |
Фармацевтикалық өнім айналысы саласындағы мемлекеттік реттеуді талдау |
15 |
|||
|
6. |
«Персоналды басқару» бағыты бойынша (тәртіптік жазаларға қатысты)
|
27 |
|||
|
7. |
Ғылым және адам ресурстар департаментінің бағыты бойынша |
27 |
|||
|
8. |
Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің бағыты бойынша
|
33 |
|||
|
9. |
Қорытынды бөлім |
38 |
|||
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді.
Тұжырымдамада көзделген шараларды іске асыру және мониторингілеу жобалық басқару арқылы жүзеге асырылады.
Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 56-тармағына сәйкес (ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысымен бекітілген) әрбір мемлекеттік органда мемлекеттік басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағыт іске асырылады.
Оның негізгі мақсаты мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс – қимыл» үлгілік базалық бағытының төртінші блогын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) 2023 жылғы маусым-тамызға жоспарланған Министрліктің орталық аппаратында, ведомстволарында және ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін бекітті.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 1 маусымдағы № 350 және 2024 жылғы 19 шілдедегі № 461 бұйрықтарымен орталық аппаратта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2024 жылғы 5 маусымнан бастап 8 тамыз аралығына айқындалды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы мынадай құрамда бекітілді: Дана Қалимулақызы Коккузова – Персоналды басқару департаментінің ведомстволық бағынысты ұйымдармен кадрлық жұмыс басқармасының басшысы; Бауыржан Асқарұлы Мелдебай - Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы; Жанна Қозтайқызы Алдажарова -Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы; Наталья Афанасьевна Ким -Ішкі аудит департаментінің ішкі аудит және ішкі бақылау жүйесін бағалау басқармасының бас сарапшысы – мемлекеттік аудиторы; Салтанат Аделжанқызы Құлжанова - Инвестициялық саясат департаментінің мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының бас сарапшысы; Әсет Қайратұлы Ізденов -Ғылым және адами ресурстар департаментінің медициналық білім беру басқармасының басшысы; Күләйім Жақсылыққызы Біржанова - Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің мектепке дейінгі және мектеп медицинасы басқармасының басшысы; Назгүл Жорақызы Жанғазиева -Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің аналар денсаулығын сақтау басқармасының бас сарапшысы; Қамбар Қасанұлы Қамашев - Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің медициналық қызметтердің көлемін болжамдау және жоспарлау басқармасының басшысы; Дастан Түрікпенбайұлы Оразов - Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаментінің корпоративтік дамуды мониторингтеу басқармасының басшысы; Жазира Тобылбайқызы Кеделбаева - Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаментінің бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы; Бақытжан Маратұлы Конуркульжинов - Әкімшілік департаментінің қызметті ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес талдау екі бағыт бойынша жүзеге асырылды: объектінің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мемлекеттік органдардың және ЖАО тиімділігін бағалау жыл сайын қызметтің үш блогы бойынша тиімділікті бағалау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы «Мақсаттарға қол жеткізу» блогы бойынша операциялық бағалауды талдау.
«Даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу» өлшемшартары бойынша бағалау нәтижелері
2023 жылы Министрліктің даму жоспары бойынша 3 мақсат пен 16 нысаналы индикатор бағаланды, оның 2 НИ олардың нақты орындалуы туралы есепті ақпараттың болмауына байланысты есепке алынбады.
Бағалау қорытындысы бойынша түзету параметрлерін ескере отырып, даму жоспарының 3 мақсатының 1-еуіне қол жеткізілгені, ал түзету параметрлерін есепке алмағанда, даму жоспарының 2 мақсатына қол жеткізілгені анықталды.
Толық көлемде орындалған нысаналы индикаторлардың үлесі (түзету параметрлерін ескере отырып) 50 %-ды құрады (немесе есепке алынған 14 НИ-дің 7-сі). Бұл ретте түзетуші параметрлерді есепке алмағанда қол жеткізілген нысаналы индикаторлардың үлесі 85,7 %-ды құрады (немесе есепке алынған 14 НИ-дің 12-сі).
Түзетуші параметрлерді ескере отырып, есепке алынған 10 макроиндикатордың 5-еуіне, есепке алмағанда 8-іне қол жеткізілді.
Макроиндикаторлар
Макроиндикаторларға қол жеткізудің орташа мәні түзетуді есепке алмағанда 0,99, түзету параметрін есепке алғанда 0,98 құрады.
Есепке 9 макроиндикатор алынған, олардың жоспарлы мәндері бойынша 7 НИ-ге қол жеткізілген.
Осы мақсат бойынша 0,99 түзету параметрінің мәні «Халыққа қашықтықтан көрсетілген медициналық қызметтердің үлесі» НИ жоспарлы мәнінің нақты мәнінен 59,5 % – ға (жоспар – 2 %, факт-3,19 %) асыра орындалуына байланысты. Осыған байланысты Әдістеменің 28-тармағына сәйкес жоспарлы мәнді 25-100% асыра орындағаны үшін индикаторға қол жеткізу нәтижесі 0,9 коэффициентіне көбейтілді.
Аурулардың профилактикасын және ауруларды ерте сатысында басқаруды дамытуды күшейту
Мақсатқа жету коэффициенті түзетуді есепке алмағанда 0,99-ды, ал түзету параметрін есепке алғанда 0,96-ны құрады.
Осы мақсатта есепке алынған 4 нысаналы индикатордың жоспарлы мәндерінің 3 НИ бойынша қол жеткізілді.
Осы мақсат бойынша 0,98 түзету параметрінің мәні өткен есепті кезеңдегі 34,2 % - ағымдағы есепті кезеңнің 28,5% - на дейін «0-I дәрежеде анықталған бастапқы қатерлі ісіктердің үлес салмағының өсуі (ерте диагностика деңгейі)» НИ бойынша 2023 жылғы жоспарлы мәнді түзетумен байланысты. Осыған байланысты, Әдістемеге сәйкес, жоспарлы мәндерді төмендету жағына қарай түзету үшін индикаторға қол жеткізу нәтижесі 0,9 коэффициентіне көбейтілді.
Осы мақсат бойынша индикаторлардың асыра орындалуы фактілері және іс жүзінде орындалуының теріс динамикасы жоқ.
Медициналық көрсетілген қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту
Мақсатқа жеткізу коэффициенті түзетуді есепке алмағанда 1,00-ді, ал түзету параметрін есепке алғанда 0,90-ды құрады.
Осы мақсат бойынша есепке алынған 7 нысаналы индикатордың жоспарлы мәндерінің барлық НИ-ға қол жеткізілді.
0,92 түзету параметрінің мәні мыналарға байланысты:
- 3 индикатордың нақты орындалуының теріс динамикасы:
«Медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейінің төмендеуі» (көрсеткіштің теріс динамикасы кезінде іс жүзінде мәні 2022 жылғы 44,7 % - дан 2023 жылы 47 % - ға дейін нашарлады,), «МӘМС есебінен денсаулық сақтауға жұмсалатын шығыстардың үлесі» (іс жүзінде мәні 2022 жылғы 24,50 % - дан 2023 жылы 20,4 % - ға дейін төмендеді), «Жазып берілген тегін рецепттердің жалпы санына АДҚ кезінде пациенттердің дәрілік препараттармен қамтамасыз етілу үлесі» (іс жүзінде мәні 2022 жылғы 99,80 % - дан 2023 жылғы 99 % - ға дейін төмендеді).
Осыған байланысты, Әдістемеге сәйкес өткен кезеңмен салыстырғанда индикаторлардың нақты орындалуының оң динамикасының болмауы әрбір индикаторға қол жеткізу нәтижесі 0,9 коэффициентке көбейтілді;
Макроиндикаторлар
Түзету параметрін ескере отырып, мақсатқа жету коэффициенті 0,90, ал түзету параметрін есепке алмағанда – 1,00 құрады.
1 макроиндикатор есепке алынды, оның жоспарлы мәні толық көлемде орындалды.
0,90 түзету параметрінің мәні «Медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардың өндірістік персоналының Хиршінің орташа индексі» НИ - дің жоспарлы мәнін іс жүзіндегі мәнінен 48 % – ға асыра орындау фактісінің болуына байланысты (жоспар - индекс 0,250, факт - индекс 0,37).
Инновациялық технологияларды және аурулардың диагностикасы мен емдеудің дербестендірілген тәсілін дамыту және енгізу
Түзетуді есепке алмағанда мақсатқа жету коэффициенті 1,00, ал түзету параметрін есепке алғанда – 1,00 құрады.
Осы мақсат бойынша есепке алынған 2 нысаналы индикатордың жоспарлы мәндері толық көлемде орындалды.
Осы мақсат бойынша асыра орындау, жоспарлы көрсеткішті түзету және индикаторды орындаудың теріс динамикасы фактілері жоқ.
Осылайша, «Даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу» өлшемшарты бойынша қорытынды коэффициент 0,95 (немесе 94,9 %) құрады.
Бағалау нәтижелері Министрліктің жоғары тиімділік дәрежесін көрсетеді. Өлшемшарт бойынша қорытынды баға (айыппұл шегерімін ескере отырып) 94,89 балды құрады.
Есепті кезеңде мақсаттарға қол жеткізу бойынша қорытынды нәтиже түзету параметрлерін есепке алғанда 0,95 құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден төмен (0,96). Бұл нәтиже мынадай фактілерге байланысты:
- НИ жоспарлы мәндерін асыра орындағаны үшін түзету коэффициентінің орташа мәні 0,97-ні құрады (2022 жылы - 0,997);
- НИ жоспарлы мәндерін түзету үшін түзету коэффициентінің орташа мәні 0,97-ні құрады (2022 жылы - 0,98);
- НИ нақты орындау динамикасы үшін түзету коэффициентінің орташа мәні 0,99-ды құрады (2022 жылы – 0,98).
Түзету параметрлерінің мәні мынадай себептерге байланысты:
- НИ жоспарлы мәндерін 25 % және одан да көп асыра орындаудың 3 фактісі анықталды (2022 жылы-1 факт);
- Жоспарлы мәндерді түзетудің 4 фактісі (2022 жылы да 4 факт);
- өткен кезеңмен салыстырғанда іс жүзінде орындаудың оң динамикасының болмауының 3 фактісі анықталды (2022 жылы – 4 факт).
Ұсыныстар:
1) Теріс динамика фактілерін асыра орындау және нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндеріне қол жеткізбеу фактілерін азайту мақсатында жоспарлау және орындау процесін ұйымдастыруға күш-жігерді бағыттау.
2) Жоспарлы мәндерді төмендету жағына қарай түзетуге жол бермеу, өйткені бұл реттелетін аядағы/салалардағы ағымдағы ахуалдың нашарлауына ықпал етеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ішкі аудит департаменті (бұдан әрі – ІАД) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіреді. Өз қызметінде ІАД мыналарды басшылыққа алады:
1) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі-мемлекеттік аудит туралы Заң);
2) «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 392 бұйрығы;
3) «Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығы;
4) «Ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу бойынша ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылақ бақылаудың рәсімдік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 873 бұйрығы;
5) «Сәйкестік аудиті» ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау рәсімдік стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 113 бұйрығы.
Қаржылық бақылау шаралары
Мемлекеттік аудит туралы Заңның 5-бабына сәйкес қаржылық бақылаудың ден қою шаралары: 1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару; 2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау; 3) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған кезде материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қоюды ұсыну болып табылады.
Бұл ретте осы баптың 3-тармағында Ішкі аудит қызметтері үшін бір ғана ден қою шарасы, атап айтқанда тиісті аудиторлық дәлелдемелері бар материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру көзделген.
Бұл ретте, ішкі аудит қызметі жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша аудиторлық есеп, ішкі аудит нәтижелері туралы есеп (анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер бойынша қорытындыларды, ұсынымдарды қамтиды), бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарау туралы шешім (өкім) бірінші басшының қолымен ресімделеді, кейіннен аудит объектісіне орындау үшін жіберіледі.
Сонымен қатар, Ішкі аудит қызметі үшін (басқа аудит органдарынан айырмашылығы) бұзушылықтарды жою туралы шешім орындалмаған жағдайда, Заңның 5-бабының 3-тармағында сотқа талап қою ден қою шаралары көрілмеген(бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе)арқылы қалпына келтіру мақсатында) ден қою шарасы бойынша белгіленбеген ерікті тәртіппен өтелмеген (қалпына келтірілмеген) бұзушылықтардың анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсетулер).
Бұл өкілеттіктер ІАҚ жүргізілген аудит қорытындыларының орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олар орындалмаған жағдайда ден қоюға мүмкіндік береді.
Осылайша, тиісті түзетулерді мемлекеттік аудит туралы Заңның 5-бабының 3-тармағына көздеу орынды болып табылады.
Ұсыныстар:
- уәкілетті орган алдында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына Ішкі аудит қызметтері үшін қаржылық бақылаудың ден қою шараларын кеңейту бөлігінде, оның ішінде аудит объектісі бұзушылықтарды жою туралы шешімді орындамаған жағдайда сотқа талап қою бөлігінде өзгерістер енгізуге бастама жасау.
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 54-бабының 3-тармағына сәйкес тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделмеген тексерулер жүргізу үшін мемлекеттік аудиторларды және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өзге де лауазымды адамдарын мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша тартуға жол берілмейді. Дәл осындай тыйым ЖАП аудиторларына, тексеру комиссияларына қатысты көзделген.
Ұсыныс:
- тексерулер жүргізу үшін мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ішкі аудит қызметтерінің аудиторларын тартуға тыйым салу бөлігінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 54-бабының 3-тармағында уәкілетті орган алдында өзгерістер енгізуге бастама жасау.
ҚР Салық кодексінің 30-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит органдары (ІАҚ-ты қоспағанда) салық құпиясына қол жеткізе алады, атап айтқанда салық органдарының салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді мемлекеттік аудит органдарына беру міндеті көзделген.
Алайда, мемлекеттік органдардың ІАҚ-да мұндай өкілеттік жоқ, бұл жүргізілетін аудиттің сапасына әсер етеді, салықтық құпияны құрайтын мәліметтердің болмауына байланысты толыққанды аудит жүргізу мүмкіндігі жоқ. Салық органдары ҚР Салық кодексінің 30-бабына сілтеме жасай отырып, ақпарат беруден бас тартады.
Ұсыныс:
- уәкілетті органның алдында салық төлеушінің (салық агентінің) аудитті жан-жақты жүргізу үшін жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерге ІАҚ қолжетімділігін белгілеу бөлігінде ҚР Салық кодексінің 30-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізуге бастама жасау.
Инвестициялық саясат департаменті туралы ережеге сәйкес Инвестициялық саясат қызметінің міндеттері мен функцияларына мыналар жатады:
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін енгізу және дамыту.
Функциялар:
1) концессиялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға сәйкес денсаулық сақтау саласында, концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік бөлігінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) денсаулық сақтау саласындағы концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру қажеттілігімен инвестициялық ұсынысты әзірлеу үшін ведомстволық бағынысты ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік, консалтингтік және басқа да компанияларды, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды тарту арқылы қажет болған кезде жобалау тобын құру;
3) республикалық меншікке жататын және Министрлік іске асыратын объектілерге қатысты концессия, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру, әзірлеу немесе түзету (жеке және заңды тұлғалар жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарды ескере отырып), оларды құрылымдау және сүйемелдеу;
4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық (аукциондық) құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын қоса алғанда, Министрлік іске асыратын конкурстық құжаттаманы, техникалық-экономикалық негіздемені және Мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен концессия шарттарының жобаларын әзірлеу немесе түзету мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобаларын консультациялық сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаның;
5) Министрлік іске асыратын республикалық жобалар бойынша концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына және жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысты Конкурс ұйымдастыру, сондай-ақ бұрын жасалған концессия шарты немесе концессия объектілері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік және мемлекеттік-жекешелік әріптестік мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда концессионерді немесе жекеше әріптесті таңдау жөніндегі ашық конкурс өткізу жаңа концессионерлер немесе жеке серіктестер, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік және концессия жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаны тарту арқылы;
6) конкурсқа, тікелей келіссөздерге қатысушымен комиссияның келіссөздер процесіне қатысу;
7) республикалық меншікке жататын және Министрлік іске асыратын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу кезінде техникалық жәрдемдесу;
8) Министрлік іске асыратын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға өтінімдерді қалыптастыру;
9) Министрлік іске асыратын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және жобалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
10) Министрлік іске асыратын концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке беруді ұйымдастыруға техникалық жәрдемдесу;
11) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын республикалық концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеу бойынша заңды тұлғаларды тарту, концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуге арналған шарттың жобасын қалыптастыру;
12) Министрлік іске асыратын республикалық жобалар бойынша және құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті жобалар бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына концессия мен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің, бизнес-жоспардың республикалық жобалары бойынша конкурстық құжаттамаға салалық қорытындыларды дайындауды және беруді ұйымдастыру;
13) концессиялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жасалған шарттары бойынша республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ақпарат беру және осы ақпаратты Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастыру;
14) мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
15) Департаментке заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілермен және Министрлік басшылығының шешімдерімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларын қалыптастыру және денсаулық сақтау объектілерін салу, реконструкциялау және сейсмикалық күшейту жобаларын іске асыру.
Функциялар:
16) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарларының жобаларын қарау және келісу (қалыптастыру, өзектендіру, өзгерістер енгізу кезінде), олардың орындалуын іске асыру мониторингі. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру);
17) республикалық меншікке жататын денсаулық сақтау объектілерін салудың орындылығы туралы салалық қорытындылар дайындау;
18) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және нормативтік-техникалық құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
19) Министрлік тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін денсаулық сақтау объектілерінің құрылысын техникалық және әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру (бақылау, үйлестіру), оның ішінде инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру мониторингі;
20) денсаулық сақтау объектілерін салу (реконструкциялау, сейсмикалық күшейту) бөлігінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуге қатысу;
21) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға көзделетін денсаулық сақтау объектілерін салуға (реконструкциялауға, сейсмикалық күшейтуге) өңірлердің әкімдіктерінен және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру және жинақтау;
22) өңірлер/ ҚР ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдары бекіткен қаржыландыру жоспарлары негізінде бірыңғай (жиынтық) қаржыландыру жоспарын қалыптастыру;
23) республикалық меншікке жататын объектілер бойынша инвестициялық ұсыныстарды қалыптастыру;
24) республикалық маңызы бар объектілерді жобалауға бастапқы деректерді бере отырып, конкурстық құжаттамаға техникалық ерекшеліктерді және жобалау-сметалық құжаттамаға/техникалық-экономикалық негіздемелерге техникалық тапсырмаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
25) инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеу және инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүзеге асыру үшін мониторинг нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
26) өңірлерге және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарына инвестициялық жобаларды іске асыруда консультациялық-әдістемелік жәрдемдесу;
27) комиссия жұмысына, кеңестерге, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, қорытындыларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен сөз сөйлеулер үшін материалдарды дайындауға қатысады;
28) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдар ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асыру;
29) заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді және Министрлік басшылығының шешімдерін басқаруға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Инвестициялық саясат департаменті өз қызметінде басшылыққа алады:
1) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №95-IV Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі);
2) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – МЖӘ туралы Заң);
3) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы (бұдан әрі-725 бұйрық);
4) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының №167 Заңы. (бұдан әрі – Концессиялар туралы заң).
5) «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидалары бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығы (бұдан әрі-129 Қағидалар);
6) «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығы (бұдан әрі - 540 Қағидалар);
7) ҚР ДСМ 17.05.2022 ж. № 365 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық саясат департаменті туралы ереже.
Инвестициялық саясат департаментінің қызметін қозғайтын, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін құқықтық актілерде және ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
а) МЖӘ жобаларының, оның ішінде концессияның құнын ұлғайту
725 бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі - МЖӘ қағидалары) 9 тармағына сәйкес мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде МЖӘ жобаларын жоспарлау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына берген МЖӘ жобасын іске асырудың орындылығы туралы экономикалық қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
МЖӘ қағидаларының 192-тармағына сәйкес мемлекет тарапынан МЖӘ субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік бюджеттен төлемдер болмаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы және МЖӘ дамыту орталығының не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаның сараптамасы талап етілмейді.
Бұл ретте МЖӘ туралы Заңда және МЖӘ қағидаларында шарт талаптары өзгерген жағдайда МЖӘ шартына экономикалық қорытынды дайындауды көздейтін тармақтар жоқ.
Сонымен қатар, МЖӘ туралы Заңның 46-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары елеулі болып табылады және олар мұндай өзгерістердің бюджеттік тиімділігі (ақшалай мәнде) оң болған (бюджет шығыстарын ұлғайтпаған, мемлекеттік кірісті ұлғайтқан) жағдайда, сондай-ақ мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және (немесе) көлеміне және (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпесе, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының экономикалық және (немесе) әлеуметтік тиімділігі сақталған не ұлғайған жағдайда тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін, бұған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу кезінде оның талаптарында мұндай өзгерістердің көзделу жағдайлары қосылмайды.
Сонымен қатар шетелдік инвесторлардың инвестициялық жобаларды және шетелдік банктерде кредиттелетін жобаларды іске асыруға қатысуын назарға ала отырып, валюталық тәуекелдерді индекстеу қажеттілігі туындайды, бұл жобалардың қымбаттауына алып келеді.
Осылайша, МЖӘ қағидаларының тиісті түзетулерді қарастыру орынды деп есептейміз.
Ұсыныстар:
- мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның алдында инфляция мен валюталық қарыздарды ескере отырып, мемлекеттік міндеттемелер сомасы ұлғайған жағдайда МЖӘ шартына экономикалық сараптама жүргізу қажеттілігі бөлігінде МЖӘ қағидаларының 192-тармағына өзгерістер енгізуге бастама жасау;
2) МЖӘ жобалары бойынша шешімдер қабылдау
МЖӘ қағидаларында МЖӘ мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдар (ККО) құру регламенттелген.
МЖӘ қағидаларының 166-тармағын іске асыру мақсатында (2023 жылғы 30 наурызға дейін редакцияда қолданыста болған) Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 қыркүйектегі № 794 бұйрығымен «Көкшетау қаласында 630 төсектік көп бейінді аурухана салу және пайдалануға беру» ерекше маңызы бар МЖӘ жобасы бойынша жеке әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) құрылды.
Анықтама: ВАК ерекше маңызы бар МЖӘ жобалары бойынша жекеше әріптесті айқындау жөнінде тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның функцияларын жүзеге асырады, тікелей келісім жобасын мақұлдау жөнінде шешім қабылдайды. (2024 жылғы 30 наурызға дейін редакцияда қолданыста болған МЖӘ жоспарлау қағидаларының 129-т., 167-т.).
«Көкшетау қаласында 630 төсектік көпбейінді аурухана салу және пайдалануға беру» жобасы бойынша тікелей келіссөздердің қорытындысы бойынша шарт жасалған жеке әріптес («АРИЭЛЛ Көкшетау» ЖШС) анықталды.
2023 жылғы 30 наурызда ҚР ҰЭМ №40 бұйрығымен МЖӘ жоспарлау қағидалары жаңа редакцияда жазылды, оның шеңберінде ВАК алынып тасталды. Қазіргі уақытта ВАК бұрын жүзеге асырған функциялардың бір бөлігін жеке әріптесті анықтау бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі Комиссия (Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия) жүзеге асырады (МЖӘ жоспарлау қағидаларының 183-тармағы), функциялардың бір бөлігі алынып тасталды (МЖӘ жоспарлау қағидаларының жаңа редакциясында көрсетілмеген). Мәселен, бұл комиссия қазіргі уақытта заңнамамен тікелей келісімнің жобасын қарауға және мақұлдауға өкілеттігі жоқ. Бүгінгі күні комиссияның тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі өкілеттігі МЖӘ шартын жасасумен аяқталатынын атап өту керек (МЖӘ жоспарлау қағидаларының 90, 168, 214-т.).
ВАК құрамына ДСМ басшылық құрамынан басқа Ұлттық экономика, қаржы, әділет және басқа да органдардың вице-министрлері кіреді, бұл ВАК шешімдеріне ведомствоаралық сипат береді және іс жүзінде мүдделі мемлекеттік органдармен қосымша келісімдер жобаларын келісу болып табылады (МЖӘ жоспарлау қағидаларының 224-тармағы).
Бүгінгі күні заңнама деңгейінде ВАК функционалы айқындалмаған.
Сонымен қатар, ВАК-та қосымша келісімдердің жобаларын қарау НҚА нормаларын бұзбайды. (міндетті болып табылмайды, бірақ ВАК-пен келісуге тыйым салынбайды).
«Құқықтық актілер туралы» заңның 43-бабының 1-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актінің күші ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылмайды.
Осылайша ВАК-тың қосымша келісімдер жобаларын келісуі (мақұлдауы) ҰЭМ, Әділетмині, Қаржымині, ДСМ-нің басшы құрамымен ықтимал осал нормаларды алқалы талқылау орынды деп есептейміз, бұл анағұрлым жақсы шешімді әзірлеуге ықпал етеді және мүдделі органдармен (ҰЭМ, Әділетмині, Қаржымині және т.б.) қосымша келісім жобасын келісуді жеделдетеді.
ВАК отырыстарын өткізбестен бірінші басшы қосымша келісім жасасу қажеттілігі туралы шешім қабылдауы тиіс, қосымша келісім жобасының ықтимал осал ережелері бойынша жеке-дара қабылдануға тиіс.
Ұсыныстар:
- тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияға тікелей келісім жобасын мақұлдау функциясын беру бөлігінде МЖӘ жоспарлау қағидаларының 183, 214-тармақтарына өзгерістер енгізу туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне (Қағидаларды әзірлеушіге) ұсыныстар жіберу;
Инвестициялық саясат департаментінің ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Талдау барысында персоналды басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, мүдделер қақтығысының болу фактілері анықталған жоқ.
ҚР нормативтік актілерімен персоналды жоспарлау және конкурстық іріктеу, ынталандыру жүйесін енгізу және тиімділігін арттыру мәселелері толық реттелді.
Мемлекеттік сатып алу бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің фактілері де анықталған жоқ. Тек қана шарттар жасасудың электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Электрондық шарттарды енгізу және мемлекеттік сатып алу ашықтығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.
Отандық тауар өндірушілерді қолдау (ОТӨ)
Соңғы 10 жылда денсаулық сақтауды дамыту саласындағы бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын талдау фармацевтика саласын дамытуға кешенді тәсілдің жоқ екендігін дәлелдейді.
Мәселен, 2011 – 2019 жылдар кезеңінде «Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» бағдарламалары шеңберінде отандық фармацевтиканы дамыту бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы сатып алу көлемінің, ауылдық жерлерде дәрі – дәрмекті босатуды жүзеге асыратын объектілер санының, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұлғайту (бұдан әрі- ТМККК) шеңберінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үлесінің (бұдан әрі-АДҚ) ұлғаюына әкелді.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару бойынша жаңа өндірістерді дамытуды көздейтін индикаторлар «Дені сау ұлт» ұлттық жобасының қабылдануымен 2021 жылы ғана бекітілді, оған іс жүзінде қол жеткізу 2023 жылы Ұлттық жобаның заңды күшінің жойылуымен нивелирленді.
Кодекстің 247–бабының 3-тармағына сәйкес ОТӨ қолдау «СҚ-Фармация» ЖШС Бірыңғай дистрибьюторы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізуге берудің ұзақ мерзімді шарттар жасасу жолымен жүзеге асырылады.
2019–2023 жылдар кезеңінде Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуларындағы отандық өнім үлесінің 26 % - дан 31 % - ға дейін өсуі байқалады, бұл ретте ұзақ мерзімді шарттар саны 64-тен 95-ке дейін ұлғайған кезде сатып алудың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді шарттар бойынша жеткізілетін өнімнің үлесі өзгерген жоқ және 25 % -ды құрады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 193 ОТӨ тіркелді, оның ішінде 35 ОТӨ (18 %) 95 ұзақ мерзімді шарт, оның ішінде дәрілік заттардың 640 түрін жеткізуге 44 шарт, медициналық бұйымдардың 3 768 түрін жеткізуге 51 шарт жасалды.
Бірыңғай дистрибьюторды сатып алудың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде өнім шығару серпінінің болмауы дәрілік заттар атауларының санының төмендеуімен (-321) және мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған ОТӨ санының (35 ОТӨ) өсуі болмаған кезде арзан медициналық бұйымдар атауларының (+538) ұлғаюымен шарттасады.
Бұл ретте, ұзақ мерзімді шарттар бойынша шығарылатын өнімнің жалпы номенклатурасында медициналық бұйымдарды шығару 85 % -ы құрайды.
Медициналық ұйымдардың өндірілетін тауарларға қажеттілігінің болмауына байланысты жыл сайынғы қосымша келісімдер жасасудан бас тарту фактілері анықталды (2022 жылы - 6 атау, 2023 жылы - 2 атау, 2024 жыл - 3 атау).
Бұдан басқа, сатып алу бағасының төмен болуына байланысты 8 отандық тауар өндіруші дәрілік заттардың жекелеген атауларын 1 809,6 млн теңгеге жеткізуден бас тартты, бұл оларды шетелдік жеткізушілермен (Беларусь, Германия, Пәкістан, Украина, Румыния, Қытай, Үндістан) алмастыруға әкелді.
Өнім берушілердің болмауына байланысты (төмен бағалар себебінен) 2022 – 2023 жылдар кезеңінде диспансерлік есепте тұрған 49177 науқас дәрілік заттармен қамтамасыз етілмеген.
Осылайша, медициналық өнімдерді шығару саласында бұрмалану байқалады, ұзақ мерзімді шарттар оқшаулау деңгейіне және ғылымды қажетсінуіне қарамастан жасалады.
Инвестициялық жобаның орындылығы туралы салалық қорытындыларды Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті техникалық-экономикалық негіздеме мен бизнес-жоспарға талдау жүргізбей береді.
Анықтама: «Келун-Kazpharm» ЖШС өндірген «Эпирубицин-Келун-Қазфарм» дәрілік заты оқшаулау үлесі 25,1 %, «Нұр-МАЙ ФАРМАНИЯ» ЖШС өндірген «Видиксанол» - 13,7 %, «Сұлтан» ЖШС өндірген «Макролак» - 8,6%.
Сонымен қатар, фармацевтикалық нарық субъектілерінің қазақстандық шикізатты пайдалануы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары жоқ.
Анықтама: Министрлік экспортқа бағдарланған өндірісті құру мақсатында Жамбыл облысының дәрілік өсімдіктерді практикада қолдану әлеуетін зерделеді, фармакогностикалық зерттеулер бойынша дәрілік өсімдіктердің 119 түрі өсіруге ұсынылды және дәрілік заттарды өндіруде пайдаланылуы мүмкін.
Бұл ретте, отандық тауар өндірушілер дәрілік заттарды өндіруде пайдаланатын субстанциялардың сапасына (тазарту дәрежесі бойынша) нормативтік талаптар белгіленбеген.
Сонымен, тиісті өндірістік практика (GMP) талаптарын сақтамағаны үшін «Элеас «ПФК» ЖШС дәрілік заттарға тіркеу куәліктері қайтарып алынды (сатуға және медициналық қолдануға жарамсыз деп танылды).
Анықтама: 2022 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі-ҚР ҰҚК) «Элеас «ПФК» ЖШС тарапынан ДЗ өз өндірісі үшін шикізат түріндегі онкологиялық ауруларды емдеу үшін Қазақстанға ДЗ (таблетка түрінде) контрабандалық әкелудің жолын кесті. 2023 жылы ҚР ҰҚК Тергеу департаменті «Элеас «ПФК» ЖШС Экономикалық контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді (сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде №220000041000075 болып тіркелген) бастады. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларындағы ДЗ қалдығы 2 980,8 млн теңге сомасында.
Жасалған ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде отандық тауар өндірушілер іске асыратын инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын мониторингтеу тетігі жартыжылдық есептерді беруді есепке алудың автоматтандырылған рәсімдерінің болмауына байланысты (қағаз жеткізгіштерде ұсынылады) ашық емес.
Инвестициялық жобаларды іске асыру шарттары мен кестелерін 12 айдан артық сақтамағаны үшін шарттарды бұзу бойынша іріктемелі тәсіл белгіленді.
Осылайша, 9 шарттың 4-еуі бұзылды, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 91 атауы бойынша 5 шарт («Алмерек» ЖШС, «Медсервис Плюс «КФК» ЖШС, «Нобель АФФ» АҚ, «Химфарм» АҚ, «Қазди-Диа-Тест» ЖШС) бойынша шаралар қабылданбады.
Бұдан басқа, ұзақ мерзімді шарттар аудиті шеңберінде Бірыңғай дистрибьютордың ұқсас медициналық бұйымдарды әртүрлі бағамен сатып алу фактілері анықталды, бұл ретте баға айырмашылығы 225 % - ға дейін жетеді.
Баға белгілеу
Көтерме және бөлшек сауда нарығында сатылатын тіркелген және айналыстағы дәрілік заттардың, сондай-ақ ТМККК мен МӘМС-те дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағасы мемлекеттік реттеуге жатады.
Шекті бағалар мен үстеме бағаларды реттеу және қалыптастыру қағидаларына сәйкес (ҚР ДСМ 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығы) мемлекеттік реттеу тәртібі нарықтық және бюджеттік сегменттер үшін шекті бағаларды қалыптастыруға негізделген.
Көтерме және бөлшек сауда нарығында дәрілік заттарды реттеу алғаш рет 2022 жылғы желтоқсанда тиісті тізбені бекітумен енгізілді.
Мемлекет басшысы Үкіметтің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрлігіне ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен (бұдан әрі - БҚА) бірлесіп фармацевтикалық нарыққа қатысушылардың бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарының жолын кесе отырып, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны теңгерімді реттеуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-150 бұйрығымен көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын ДЗ-ның 7 141 саудалық атауының тізбесі бекітілді, олардың ішінде 6 890 препарат бойынша шекті бағалар бекітілді (ҚР ДСМ 2021 жылғы 27 тамыздағы №ҚР ДСМ-94 бұйрығы).
Анықтама: Шекті бағалар мен үстемелерді реттеу және қалыптастыру қағидаларының 61-тармағына сәйкес Тізбеге жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірмей берілген өтініштер бойынша дәрілік заттарға тіркелген бағалар енгізіледі.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеуді жою жөніндегі тапсырмасына сәйкес №150 тізбеден 315 препарат алып тасталды.
2022 жылғы желтоқсаннан 2023 жылғы тамызға дейін реттеуге жатпайтын 315 препараттың (орташа өсім 19 % - ға) 165 (52 %) атауы бойынша бағаның орташа өсімі 47 % -ды құрады, қалған 150 (48 %) бойынша 4,5 % - ға төмендегені байқалды.
Ұқсас кезеңде 6445 реттелетін препараттың (орташа өсім 1%) 674 (10%) өсімі– 31%, 5 704 (89 %) – өзгеріссіз, 67 – ден (1%) – 7% - ға төмендеу (қымбат ДЗ), 445 сауда атауы қосылды.
Алынған деректерді элементтердің бас жиынтығына қолдану мемлекеттік реттеу ДЗ атауларының орташа есеппен 18 %-ға (19 % - 1 %), 42 %-ға (52,4% -10,4%) бағасының өсуін тежейтінін көрсетеді, бұл ретте реттелетін дәрілік заттардың 46,6 % (47,6% -1%) бойынша бағаның 4,5 %-ға төмендеу резерві бар, сонымен бірге, НҚА-ның жетілмегендігі нарықтың жосықсыз қатысушыларына жыл ішінде шекті бағаны 18 есеге (1700 %) арттыруға мүмкіндік береді.
Анықтама: Аудитпен ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.12.2022 ж. № ҚР ДСМ-159 және 07.08.2023 ж. бұйрығының редакциясында 2022 – 2023 жылдар кезеңінде сауда атауларына шекті бағаларға талдау жүргізілді.
Шекті бағалар мен үстеме бағаларды реттеу және қалыптастыру қағидаларына сәйкес көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін дәрілік заттарға шекті бағаларды қалыптастыру бағаны тіркеу, шекті көтерме және бөлшек үстеме бағаларды қолдану кезеңдерінен тұрады және мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) өндіруші зауыттың бағасын, маркетингтік шығыстарды 30 %-ға дейін және көлік шығыстарын – 15 %-ға дейін жиынтықтау, нәтижесінде тіркелген баға үшін жалпы үстеме баға 45 %-ға дейін ұлғаяды;
2) тіркелген бағаға көтерме үстеме бағаны 10 %-дан (қымбат тұратын препараттар үшін) 21 %-ға дейін (төмен препараттар) жиынтықтау, нәтижесінде үстемеақы мөлшері зауыт бағасынан 59,5 %-дан 75,5 %-ға дейін ұлғаяды;
3) көтерме бағаға бөлшек үстеме бағаны 10 %-дан 55 %-ға дейін жиынтықтау, нәтижесінде жалпы үстеме баға зауыт бағасынан 75,5 %-дан 172 %-ға дейін ұлғаяды.
Мысалы. «Парацетамол 0.5 г, №10» таблеткасына Фармстандарт-лексика (РФ) өндіруші зауыттың бағасы - 59,4 теңге, Қазақстандағы бөлшек саудадағы шекті бағасы 144,2 теңге немесе 2,4 есе жоғары. Бұл ретте көршілес Қырғызстандағы осындай препараттың құны 90 теңгені құрайды.
Лубнифарм (Украина) өндірісінің «Ацетилсалицил қышқылы (Аспирин) 0.5 г, №10» бөлшек саудадағы шекті тіркелген бағасы – 75,9 теңге, дайындаушы зауыттың бағасы – 28 теңге (2,7 есе жоғары). РФ – да құны – 52 теңге, ҚР-да - 49 теңге.
Delpharm Orleans (Франция) өндірісінің «Терафлю №10» ұнтағына бөлшек саудадағы шекті тіркелген бағасы – 3 325,5 теңге, дайындаушы зауыттың бағасы – 1 585,8 теңге (2 есе жоғары). РФ – да құны – 2285 теңге, ҚР-да - 2548 теңге.
ТМККК және МӘМС шеңберінде шекті бағаны қалыптастыру тіркелген бағаны және саудалық үстеме бағасын бекіту кезеңдерінен тұрады және мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
1) өндіруші зауыттың бағасы мен көлік шығыстарының сомасы-15-% ға дейін;
2) тіркелген бағаға үстеме бағаны 14 %-дан (қымбат тұратын препараттар үшін) 20 %-ға дейін (төмен құны бар) жинақтау, нәтижесінде жалпы үстеме баға зауыт бағасынан 29 %-дан 35 %-ға дейін қол жеткізіледі.
Осылайша, шекті бағаларды «пайызға пайыз» қағидаты бойынша қалыптастыру нарықтық сату үшін шекті бағаларды 172 %-ға дейін, бюджет қаражаты есебінен сатып алу үшін зауыт бағасының 35 %-на дейін ұлғайтуға нормативтік мүмкіндік беретін үстеме бағаларды белгілеуге негізделген.
Саудалық үстеме бағалар мөлшерін анықтау әдіснамасы өнім берушілердің нақты шығындарына (маркетинг, жеткізу және т.б.), пайда, рентабельділік нормаларының негізделген есептеулеріне және халықаралық баға белгілеу практикасына талдау жүргізуді көздемейді.
Мысалы, Италияда көтерме саудада саудалық үстеме бағаның ең жоғары мөлшері 6,7 %-ға, бөлшек саудада – 7 %-дан 23 % - ға дейін; Францияда көтерме саудада 7 %-дан, бөлшек саудада-10 %-нан 26% - ға дейін жетеді, бұл ретте препараттың құнына қарамастан ең жоғары рұқсат етілген үстеме баға 33 еуродан аспауға тиіс; Ресей Федерациясы көтерме саудада – 12 %-ға дейін, бөлшек саудада – 30 %-ға дейін.
Нақты жұмсалған шығыстары туралы растайтын құжаттарды ұсынбай, препараттарды нарықтық сату үшін маркетингтік шығыстарға үстеме баға белгілеу препараттардың шекті бағаларын көтеруге ықпал етеді.
Мәселен, 2022-2023 жылдары бағаны тіркеуге берілген 5,2 мың өтініштің 3,8 мың жағдайын маркетингтік шығыстар көзделген, оның ішінде тек 806 жағдайында жарнама науқаны жүргізілді.
Тіркелген бағаның дұрыстығы келісімшарттармен және инвойстармен расталады, бұл ретте баға өнім берушілердің өтінішінде немесе өндірушінің бағасында көрсетілген референттік елдердегі бағалардың орташа мәнінен аспауға тиіс.
Қазақстанда 16 референтті елдердің шекті бағалар мен үстеме бағаларды реттеу және қалыптастыру қағидалары бекітілген (Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Мажарстан, Греция, Латвия, Литва, Польша, Ресей, Румыния, Словакия, Словения, Түркия, Хорватия, Чехия, Эстония).
Алайда, экономикалық әлеует, сатып алу қабілеті, сондай-ақ аталған елдердегі дәрілік заттардың бағасы туралы ақпараттың қолжетімділігі ескерілмеген.
Бұл ретте, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы бағаларды тіркеу барысында референттік баға белгілеуге талдау жүргізбейді, бірақ өтініш берушілердің өздері ұсынатын мәліметтері қабылданады.
Референттік баға белгілеуді толыққанды талдаудың болмауы өндіруші зауыттың бағалары туралы дұрыс емес мәліметтер беру арқылы шекті бағаларды жасанды түрде көтеруге жағдай жасайды.
Мысалы, «Dari-Farm (Қазақстан)» ЖШС инвойсы негізінде (2022 жылғы 13 сәуірдегі № 100021/04/2022) ДЕНИГМА® препаратының бағасы 1 таблетка үшін 103,2 теңге сомасында тіркелді, ал іс жүзінде жеткізу 1 таблетка үшін 35,2 теңгеде жүзеге асырылды.
Шекті бағалар мен үстеме бағаларды реттеу және қалыптастыру қағидаларына сәйкес (64-тармақ), отандық өндірушілер препараттарының шекті бағасы бір жағынан шетелдік өндірістің тиісті аналогының тіркелген бағасынан аспауға тиіс, екінші жағынан (47-тармақ) өндірушілерге шекті бағаны іс жүзінде бағаның негіздемесін растаусыз (сапалы бағалауға арналған шығыстарды қоспағанда) шетелдік өндірушінің бағасына дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, отандық өндірушілердің (ОТӨ) бағасынан асатын шетелдік өндірілген препараттарға бағаны нақты жеткізусіз тіркеу фактілері анықталды, бұл бағаны жасанды түрде көтеру тәуекелдерін тудырады және олардың бастапқы препараттар деңгейіне дейін төмендеуіне жол бермейді.
«CT-KZ» сертификаттарында көрсетілген медициналық бұйымдардың өзіндік құнының және шекті бағаларды тіркеу кезіндегі деректердің алшақтық фактілері анықталды.
Мысалы, «JULDYZ KENAN Co. LTD» ЖШС өндірушісінің «CT-KZ» сертификатында несеп қабылдағыштың құны 289 теңге мөлшерінде көрсетілген, ал бағаны тіркеу құжаттарында осы өнімнің өзіндік құны 1897 теңгені құрады.
Шекті бағалар мен үстемелерді реттеу және қалыптастыру қағидаларының 29, 58-тармақтарына сәйкес көтерме нарықтық сату және ТМККК шеңберінде препараттарға сауда үстемелерінің мөлшері айқындалды, бұл ретте баға критерийлері бірдей болған кезде бюджет сегментіндегі қымбат препараттарға сауда үстемелерінің мөлшері (40,0 мың теңгеден бастап) нарықтық үстемелерден 4 %-ға дейін, бұл дәрілік заттардың жоғары бағасын белгілеуге ықпал етеді.
Жоғары аудиторлық палатаның есептеуі бойынша саудалық үстеме бағаларды қалыптастырудың бірыңғай тәсілін қолдану жыл сайын 1 520,6 млн теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау министрлігі бірегей препараттың құнынан сәйкесінше 70 %-дан және 90 %-дан аспайтын мөлшерде генерикалық (генерик) және биологиялық ұқсас препараттар құнының арақатынасын шектейтін талапты алып тастады.
Нәтижесінде жекелеген генериктердің шекті бағасы бастапқы препараттардың құнынан 10 %-дан 52 %-ға дейін өскен (Диклофенак – 52%, Цефтриаксон – 43%, Салбутамол – 43%, Ибупрофен – 13%, Моксифлоксацин – 10%).
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 11-тармағы 3) т. сәйкес (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығы) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, халықаралық патенттелмеген және саудалық атауы бойынша дәрілік заттарға белгіленген шекті бағадан аспайтын бағалар бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, Шекті бағалар мен үстеме бағаларды реттеу және қалыптастыру қағидаларымен ҚР аумағына әкелінген тіркелмеген ДЗ мен МБ шекті бағалары реттелмейді, бұл ДЗ 20 атауын («Ақниет» ЖШС, «Медсервис-плюс «КФК» ЖШС, «ЕвроСтандарт LBA» ЖШС, «АNР» ЖШС) сатып алу кезінде үстеме бағаны 2 024 %-ға дейін белгілеуге әкелді.
Мысалы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-96 бұйрығымен «Ламивудин» ДЗ ХПА бойынша шекті бағасы 770,12 теңге мөлшерінде бекітілді, жеңімпаз деп «Амивирен» саудалық атауы анықталды, бұл ретте жеткізу бағасы 1 таблетка үшін 18,6 теңге, жалпы сомасы 25,9 млн теңгені құрады, әкелу бағасы. Аудит есептеулері бойынша тіркелмеген «Амивирен» дәрілік затының саудалық атауына шекті баға белгіленген жағдайда шекті баға саудадағы үстеме бағасын қолдануды ескере отырып, 22,3 теңгені, ал сатып алудың жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрады.
Баға механизмінің кемшіліктері бюджет пен нарық сегменттерінде айтарлықтай баға айырмашылығының пайда болуына әкелді. Осылайша, Топ-10 препараттары мен бірыңғай дистрибьютордың сатып алу бағасы 43 %-дан бұйымдарды бойынша айырмашылық 365%-ға дейін құрап, бұл 8 378,6 млн теңгені құрайды.
Нарықтың ашықтығы
ДЗ және МБ айналысын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге жүргізілген талдау ТМККК және МӘМС жүйесінде жаңа препараттардың пайда болуын қиындататын бірқатар факторларды анықтады, бұл бәсекелестіктің дамуына, ассортименттің кеңеюіне және оның құнының төмендеуіне кедергі келтіреді.
Осылайша, Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуына қатысу үшін әлеуетті өнім берушілер дәрілік заттарды 5 тізбеге енгізуді қамтамасыз етуі қажет, оның рәсімі өтініш берген сәттен бастап 2,5 жылға дейін созылуы мүмкін.
Дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Сатып алу және логистика
Бірыңғай дистрибьютор жүйесіне қажеттіліктің сапасыз жоспарлануы денсаулық сақтау ұйымдарының 2 830,2 млн теңгеге сатып алынған препараттардан (2022 жылы – 1 594,6 млн теңге, 2023 жылы – 1 235,5 млн теңге) бас тартуына алып келді, бұл артық тауарлардың сатылып алуына және кейіннен 279,5 млн теңгеге (2022 жылы – 76,7 млн теңге, 2023 жылы-202,8 млн теңге) жарамдылық мерзімі өткен препараттардың бір бөлігінің есептен шығарылуына әкелді.
«СҚ-Фармация» ЖШС 2022 жылы Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларының 206-тармағының 1) тармақшасын (2021 жылғы 4 маусымдағы №375 ҚР ҮҚ) бұза отырып, бір көзден алу тәсілімен 3 078,9 млн теңгеге аналогтары бар екі препаратты («Деферазирокс», «Линаглиптин») сатып алған.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларында ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде сауда атауына шекті бағалардың болуы қажеттілігі туралы талаптардың болмауы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әділ бағамен сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Мысалы: «Kelun-Kazpharm» ЖШС өндірген «Кабазитаксел-Келун-Казфарм» ДЗ саудалық атауы бойынша шекті бағаның болмауы 2023 жылы өзіндік құны 252,9 мың теңге деп көрсетілген «CT-KZ» сертификатында бір бірлігіне бағасы 1 350,8 мың теңгеден 120 220,5 мың теңге сомасына 89 құтыны жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік берді, ал саудалық үстеме бағасы 534 %-ды құрады.
Бұдан басқа, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларының 387-тармағын бұза отырып, Бірыңғай дистрибьютор 2022-2024 жылдар кезеңінде «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатпен жергілікті қамтуды растамай, жалпы сомасы 182 747,1 млн теңгеге 1 884 млн бірлік мөлшерінде 1 323 ДЗ мен МЗБ атауын сатып алды.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Кодекстің 251 – бабының 3-тармағына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберіндегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы құрған халықаралық ұйымдар беретін және (немесе) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы терең саралаудан өткізген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге, сондай-ақ медициналық қолдану және сатып алу мүмкіндігімен нақты бір пациенттің тіршілік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсетуге не сирек кездесетін және (немесе) аса ауыр патологиясы бар пациенттердің шектеулі контингентіне медициналық көмек көрсетуге рұқсат береді.
Бұл ретте, бір жолғы әкелуге 1535 берілген рұқсаттың ішінде 2022 - 2023 жылдар, 34,2 млн теңге сомасына ДЗ мен 41 133,8 млн теңге сомасында МБ бірлікке (МБ-ге 8 рұқсат, ДЗ-ға 62 рұқсат) берілген 70 рұқсат бойынша «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары» бұзылған (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 8 желтоқсандағы Бұйрығы 2020 жылғы № ҚР ДСМ – 237/2020), (бұдан әрі - №237 Әкелу қағидалары).
Мәселен, бір жолғы әкелуге арналған рұқсаттар бойынша дәрі-дәрмектерді жеткізуді БҰҰ ұйымдарының орнына қазақстандық өнім берушілер жүзеге асырған («СТОФАРМ» ЖШС, «Медсервис-плюс «КФК» ЖШС, «НеоТекФарм» ЖШС, «Гарант-Трейдинг» ЖШС, «ЕвроСтандарт LBA» ЖШС), ал көрсетілімдер бойынша медициналық көмек көрсету үшін өнім берушілер жалпы негіздерді растамаған («CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)» ЖШС, «Виви Фарм» ЖШС, «КазФармаГрупп» ЖШС).
Тіркелмеген дәрілік заттарды әкелуге заңсыз берілген рұқсаттардың нәтижесінде Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттарды жеткізу бойынша жалпы сомасы 2 238,8 млн теңгеге (2022 – 997,4 млн теңге, 2023 – 1 241,4 млн теңге) 6 өнім беруші жеңімпаз болып анықталды.
Оның ішінде, өнім беруші «Гарант-Трейдинг» ЖШС 2022 жылы 72,6 млн теңгеге (өндіруші «HANGZHOU XINGWAN PHARMA Co, Ltd», Қытай) 2,4 млн бірлік «Окситоцин» препаратын әкелген, ол медициналық ұйымдардың шағымдары негізінде тиімсіз деп танылған және айналымнан алынды.
Сонымен қатар, бір жолғы әкелуге рұқсат беру әкелінетін препараттардың қолданылу мерзімі мен сериясы (партиясын) көрсетілмей жүзеге асырылған, бұл рұқсаттары жарамсыз 5 355,9 млн теңгеге 22,9 млн бірлік дәрілік заттарды әкелінуіне жол берді (2022 жылы – 4 032,7 млн теңге, 2023 жылы – 1 323,2 млн теңге).
Анықтама: «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 9-тармағына сәйкес біржолғы әкелуге арналған рұқсаттар 1 жылға беріледі, бұл ретте құжат нысанында әкелінетін препараттың қолданылу мерзімі мен сериясы (партиясы) көрсетілмеген. Қолданылу мерзімі өткен рұқсаттар бойынша әкелу фактілері, сондай-ақ әкелінген препараттар серияларының рұқсат алу құжаттарында мәлімделген серияларға сәйкес келмеуі анықталды.
Бұдан басқа құжаттар пакетінің толық болмауы, сондай-ақ ұсынылған дәйексіз құжаттар бойынша медициналық бұйымдарға рұқсат беру фактілері анықталды.
Мәселен, «БионМедСервис» ЖШС «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК негіздеме-хатын бұрмалау арқылы 1 318,4 млн теңгеге 0,1 млн бірлік медициналық бұйымдарды бір жолғы әкелуге рұқсат алған.
Медициналық бұйымдар №237 Әкелу қағидаларында айқындалатын тәртіппен әкелінетіндігін Кодекстің 251-бабының 1-тармағында көзделгендігін атап өткен жөн. Бұл ретте, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң) 2-қосымшада тіркелмеген медициналық бұйымдарды әкелуге рұқсат құжатын беру көзделмеген.
Алайда, Комитет 2022-2023 жылдар аралығында 125 346,6 млн теңгеге 69,4 млн бірлік медициналық бұйымдарды бір жолғы әкелуге 607 рұқсат берген.
Бір жолғы әкелуге рұқсат алған өнім берушілер Фармбақылау комитетіне препараттарды нақты әкелу және пайдалану туралы ақпарат ұсынбайды, бұл жерде №237 Әкелу қағидаларының талаптары бұзылып отыр.
Нәтижесінде Комитетте ТМККК және МӘМС жүйесіндегі жеткізілімдерді қоспағанда, бір жолғы әкелу бойынша рұқсаттар негізінде әкелінген дәрілер мен бұйымдардың нақты бөлінуі туралы толық ақпарат жоқ.
Сатып алуды өткізумен қатар, Бірыңғай дистрибьютордың функцияларына логистика процестерін ұйымдастыру кіреді.
Алайда, өзінің логистикалық инфрақұрылымының болмауына байланысты бұл функция кәсіпкерлік субъектілерге аутсорсингке берілді, оны көрсетуге 2020-2023 жылдар аралығында дейін 24 421,2 млн теңге жұмсалды (2020 – 5 212,7 млн теңге, 2021 – 5 996 млн теңге, 2022 – 6 760 млн теңге, 2023 – 6 452,8 млн теңге).
Бір таблетканың немесе бір медициналық бұйымның өзіндік құнының құрылымында сақтауға және тасымалдауға арналған шығыстар 3,5-тен 4 теңгеге дейін қамтиды.
Бұл ретте, логистикалық қызметтер нарығының 90 % - дан астамы «Зерде» «ҮЕҰ» ЖШС, «Стофарм» ЖШС, «Медсервис плюс «КФК» ЖШС 3 компаниясына тиесілі («МС СТОК» ЖШС және «КФК» Медсервис плюс» ЖШС Алматы қ., Алмалы ауданы, 54-үй бір заңды мекенжайы бойынша тіркелген).
Ақмола, Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жедел қоймалардың болмауына байланысты медициналық ұйымдарға Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында орналасқан хабтарда қызмет көрсетіледі, бұл медициналық ұйымдарға күнделікті рейстер есебінен логистикаға шығындарды арттырады және төтенше жағдайлар кезінде медициналық ұйымдардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуіне теріс әсер етуі мүмкін.
Өнімберушілер санын ұлғайту және бәсекелестікті дамыту мақсатында Бірыңғай дистрибьютор 2023 жылы логистикалық қызметтердің құнын айқындау тәсілдерін қайта қарады.
Анықтама: Бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қызметтері нарығын талдау қорытындысы бойынша әзірленген Жол картасына сәйкес 2023 жылғы 1 ақпандағы ТМККК және МӘМС шеңберінде ДЗ және МБ сақтау және тасымалдау қызметтері нарығында бәсекелестікті дамыту.
Осылайша, Баға белгілеу әдістемесімен көзделген («СК-Фармация» ЖШС Байау кеңесінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №78 шешімі) кемінде үш прайс-парақтан ең төменгі бағаны есептеу баға ұсыныстарының орташа өлшенген мәні бойынша есептеуге ауыстырылды.
Бұл ретте, есептеу тәсілдерінің өзгеруі өнім берушілер санының өсуіне әсер еткен жоқ, бірақ логистикалық қызметтерге тарифтер құнының 2 есе өсуіне әкелді.
Нәтижесінде логистикалық қызметтер көрсетуге арналған шарттардың құны 2024 жылы 10 155,2 млн теңгені құрап, 2022, 2023 жылдардағы міндеттемелер сомасынан 1,5 есе асып түсті, бұл 2024-2026 жылдары 14 692,7 млн теңге сомасында ықтимал экономикалық шығындарға әкеп соғады.
Бұдан басқа, Баға белгілеу әдістемесімен («СК-Фармация» ЖШС Байқау кеңесінің 2019 жылғы 29 тамыздағы №78 шешімі) қойма үй-жайларын толтыру фактісі бойынша ДЗ және МБ сақтау үшін ақы төлеу көзделген, бірақ «ең жоғары» толықтырудан кемінде 70 %-ды құрады.
Анықтама: «ең жоғары» толтыру мәні медициналық ұйымдардың алдын ала өтінімдері бойынша тауарларды екі айлық жеткізудің ең жоғары мәнін негізге ала отырып, қажеттілік кестелері бойынша есептеледі, бұл ретте Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу қағидаларының 131-тармағына сәйкес бастапқы өтінімдерді төмендету жағына қарай 10 % - ға дейін түзетуге жол беріледі.
Орындалған жұмыстардың актілеріне сәйкес сақтау уақытының 96 %-ы, қоймалардың толтырылуы «ең жоғары» толықтырудан 70 % - дан аз құрады. 2022 жылы «ең жоғары» мәннің жоспарлы мөлшерінде айына 3 843,8 паллет-орын, іс жүзінде «ең жоғары» толықтыру 2 753,8 паллет-орынды құрады.
Бұл ретте ең жоғары мәнді есептеу үшін өткен кезеңнің (2022 жыл) нақты деректерін пайдаланған жағдайда, 2023 жылы (190,1 млн теңге) және алдағы 2024-2026 жылдары (786,0*3 жыл) экономикалық шығындардың әлеуетті төмендеуі 2 548 млн теңгені құрайтын болады.
Бюджет кодексінің 97-бабы 6-1-тармағының 1) тармақшасын бұза отырып, «СК-Фармация» ЖШС көлік құралдарының жүк көтергіштігін және жүріп өткен километражды 538,1 млн теңгеге арттыра отырып, тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге қабылданған.
Ұсыныстар:
1) «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығының
- тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге рұқсат беру құжатының нысанына әкелінетін дәрілік зат пен медициналық бұйымның сериясының (партиясының) нөмірі туралы мәліметтерді енгізу;
- көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің дұрыстығын қарау мерзімдерін ұлғайта отырып тексеру жөніндегі міндетін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша.
2) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығының:
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың аналогтары үшін белгілерді айқындау;
- Қазақстанда өндірісті оқшаулау деңгейін, саланы дамыту басымдықтары мен қажеттілігін ескере отырып, Бірыңғай дистрибьютор номенклатурасын қалыптастыру тәртібін осы функцияны уәкілетті органға бекіте отырып қайта қарау;
- инвестициялық жобаның орындылығы туралы салалық қорытынды беру кезінде әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын растайтын өлшемшарттарды әзірлеу;
- ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде сатып алуды жүргізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сауда атауына шекті бағаның болуын көздейтін талап белгілеу;
- Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімдерін жүргізу мерзімдерін белгілеу;
- баға тіркелген сәттен бастап 12 ай ішінде республика аумағына әкелінбеген жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті тізбелерді қалыптастыру кезінде дәрілік заттарды алып тастау тетігін әзірлеу;
- растайтын құжаттарды қоса бере отырып, веб-порталда жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы есепті орналастыру бөліктерінде өзгерістер енгізу бойынша.
3) «Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығының жоспардан тыс инспекция жүргізу үшін жағдайлар мен негіздерді айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша;
4) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына:
- дәрілік заттарға шекті бағаларды тіркеу және қайта тіркеу кезінде қосымшаларымен «СТ-KZ» сертификатын беру бойынша отандық өндірушілерге қойылатын талаптарды белгілеу;
- бағаны тіркеу кезінде бұрын мәлімделген маркетингтік шығыстарға бағаны қайта тіркеу кезінде растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап белгілеу;
- мемлекеттік сараптама ұйымының Дәрілік заттардың шекті бағаларын және үстеме бағасын реттеу, қалыптастыру қағидаларының 2-тармағының 21-тармақшасында көрсетілген барлық референттік елдер бойынша дәрілік заттың сауда атауына бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу кезінде референттік бағаға міндетті талдау жүргізуі;
- ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті және ақпараттың болуын ескере отырып, макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша неғұрлым жақын референттік елдердің тізбесін қайта қарау;
- өнім берушілердің нақты шығыстарын (маркетинг, жеткізу және т. б.) талдауды, пайда, рентабельділік нормаларын есептеуді және «пайызға пайыз» үстемесін қоспағанда, халықаралық баға белгілеу практикасын ескере отырып, сауда үстемелерінің мөлшерін айқындау әдіснамасын әзірлеу;
- ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС және нарық жүйесінде референттік баға белгілеуге талдау жүргізу кезінде тіркелген бағаны тіркеудің бірыңғай әдістемесін айқындау;
- ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көтерме сауда үшін шекті саудалық үстеме бағаларды қалыптастырудың бірыңғай әдістемесін айқындау;
- Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру құжаты бойынша әкелінген тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны тіркеу әдістемесін әзірлеу және саудалық үстеме бағаларды қолдану;
- өтінім берушіден бағаны қайта тіркеуге өтініш бермей, тіркеу кезінде мәлімделген баға мен кейінгі әкелудің нақты бағасы арасында алшақтық анықталған жағдайда бағаны қайта тіркеу тетігін әзірлеу;
- бастапқы препараттарға қатысты генериктер мен биосимилярлардың құнын шектейтін норманы орнату бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша.
5) «Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi №127 бұйрығына тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде" өнім берушінің жүк көлемі мен температуралық режимді ескере отырып, тиісті санаттағы автокөлік құралдарымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету туралы міндеттемелерін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша.
6) «Нарықтан, оның ішінде медициналық ұйымдарда тәуекелге бағдарланған тәсіл ескеріле отырып, сапасы бақылануға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-323/2020 бұйрығына:
- сапаны бағалауды жүргізу үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлгілерін іріктеу кезеңділігінің өлшемшарттарын әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының аумағында айналыстағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың келесі күнтізбелік жылға арналған сапасын бағалау үшін үлгілерді іріктеу жоспарын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган келісу;
- жоспарға енгізілген, бірақ іріктеуден өтпеген өнім туралы ақпаратты мемлекеттік органға өнімнің қолданыстағы сәйкестік сертификаттарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау үшін тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, нарықтан іріктелген өнім үлгілеріне сынақтар жүргізуге өндірушінің шарт жасасуына байланысты жіберу мерзімін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша.
7) өнім шығару кезінде қазақстандық шикізатты пайдаланатын отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу бойынша;
8) Бір терезе қағидаты бойынша Қазақстандық ұлттық формулярға, амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз етудің және Бірыңғай дистрибьютордың тізбелеріне енгізуге өтініш беру тетігін әзірлеу және енгізу;
9) отандық фармацевтикалық өндірушілер үшін дәрілік препараттарды өндіруде және дайындауда пайдаланылатын фармацевтикалық субстанцияларға қойылатын талаптардың әзірлемесі бойынша.
(тәртіптік жазаларға қатысты)
2023 жылғы есепті деректерге сәйкес 11 айыптау үкімі шығарылды, оның 3-еуі басшылық лауазымдарда болды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 22-бабына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 43-бабына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.
Алайда, 2023 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тікелей бағынысты қызметкерледің бірде-бір тікелей басшысы жазаланбаған.
Ұсыныстар:
- тікелей бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін лауазымды тұлғаларды жауаптылыққа тарту бойынша бақылау қажеттігі орын алып отыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (бұдан әрі-ҒАРД). ҒАРД өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
Бүгінгі күні «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына сәйкес шетел азаматтарын ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылдау ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына дейін 5(бес) күн бұрын жүзеге асырылады..
Осылайша, шетелдік студенттерді регламенттелмеген рәсім бойынша қабылдау тәуекелі бар, себебі әрбір ЖОО-ның қабылдау рәсімі дербес регламенттелген.
Ұсыныстар:
- қазақстандық студенттерді қабылдау қағидаларына сәйкес келетін шетелдік студенттерді қабылдаудың бірыңғай жүйесіне бастама жасау, сондай-ақ шетелдік студенттерді қабылдау үшін бірыңғай ақпараттық жүйені әзірлеу.
Сондай-ақ бүгінгі күні денсаулық сақтауды қоса алғанда, білім беру қызметін бақылау функциясы Білім туралы заңға сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органда қалады:
Білім беру саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді. Денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Құзыреттер.
Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган мынадай өкілеттіктерді орындайды:
- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізеді;
* мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
- меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының және білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдарда бюджеттік және қаржылық тәртіптің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
39-бап. Білім туралы құжаттар
5-1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді.
Аттестаттау 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 166 және 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрықтарда сипатталған біліктілік талаптарына сәйкестігіне профилактикалық бақылау мен бақылауды, жоспардан тыс тексеруді (шағымдарды) жүзеге асыруды білдіреді.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлігінде тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және білім беру жүйесіне тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 166 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 116 бірлескен бұйрығымен бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі белгіленген.
Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызмет салалары үшін талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізеді.
«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығымен Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілген.
Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық білім беру ұйымдарын (медициналық колледждер, медициналық жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар) бақылауды жүзеге асыруда шектелген.
Ұсыныстар:
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үшін медициналық білім беру саласындағы бақылау функциялары мәселесін қарау қажеттігі бар.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында ерекше назар аударуды талап ететін бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.
Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Медициналық көрсетілетін қызметтерді қосып жазу;
Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану;
Медициналық қорытындылар мен анықтамалар беру (аурухана парақтары, 073/е, 075/е анықтамалары);
Медициналық құжаттарды қолдан жасау немесе оларды пара беріп алу мүмкіндігі;
Халықты медициналық ұйымдарға бекіту;
Халықтың жалған бекітілуінің жағдайлары, бұл МӘМС қорының қаражатын ұтымсыз пайдалануға әкеледі.
Пациенттерді цифрлық сәйкестендіру
Бүгінгі таңда негізгі сындардың бірі медициналық көрсетілетін қызметтерді қосып жазу және медициналық ұйымдарға қабылдау кезінде пациенттерді сәйкестендіру болып табылады. «ӘлМСҚ» КеАҚ деректері бойынша 2023 жылы жалпы сомасы 818 млн.теңгеге 43 мыңнан астам қосып жазу жағдайлары анықталды. Қосып жазу жағдайлары пациенттердің жалған медициналық қызмет көрсету туралы хабарлама алуы шағымдары негізінде анықталатынын ескеру қажет. Бұл азаматтардың денсаулық сақтау жүйесіне деген сеніміне теріс әсер етеді.
Медициналық көрсетілетін қызметтерді қосып жазумен қарсы күресу мақсатында ағымдағы жылғы 2 тамыздан бастап «Медициналық көрсетілетін қызметтерді алуды растау үшін цифрлық шешімдерді енгізу» басталды. Бірінші кезеңде «Цифрлық құжаттар» сервисі арқылы пациентті тексеру тетігі іске қосылды. Екінші кезеңде 13 қыркүйектен бастап Face ID көмегімен пациентті сәйкестендіру.
Біздің жоспарымызға сәйкес, қазір Астана қаласының медициналық ұйымдарының төрттен бірі пациенттерді сәйкестендіру тетіктерін пайдаланады. Жыл соңына дейін Астана қаласының барлық медициналық ұйымдарын қамту жоспарлануда. Нәтижесі сәтті болған жағдайда, пилот 2025 жылғы қаңтардан бастап республика аумағында кезең-кезеңімен енгізіледі.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Бірінші кезеңдегі пилоттық жоба өзіне бірқатар медициналық қызметтерді қамтиды. Бұл рентгенограмманы 2 рет оқу және қашықтықтан қызмет көрсетуді қоспағанда, «А» кодының қызметтері. Рентген, КТ және МРТ сияқты зерттеулерді қоспағанда «C» кодының қызметтері.
Ағымдағы жылғы 15 қарашадан бастап Пилотқа вакцинация салу қызметін қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, «B», «D», «E» кодтары бойынша қызметтер пилотқажобаға 2025 жылы енгізілетін болады.
Астана қаласы бойынша пилоттық жобаның нәтижелері
Ағымдағы жылғы 2 тамыздан бастап 5 қарашаға дейінгі кезеңдегі Пилот бойынша статистикаға сәйкес 2,5 мыңнан астам медицина жұмыскері сәйкестендіру функционалын пайдаланады. Қабылдау санының барлық кезеңінде 475 мыңнан астам, бұл ретте 239 мың пациент (50%) сәйкестендіруден өтті. Олардың ішінде, 96 мыңнан астамы (40%) Face ID технологиясы арқылы және 142 мыңнан астам адам (60%) «Цифрлық құжат» сервисі бойынша өтті.
Пациенттерді сәйкестендірусіз қабылдаудың негізгі себептері:
1) пациентте смартфонның немесе интернеттің болмауы;
2) 16 жасқа дейінгі пациенттерді ата-анасыз немесе қамқоршысыз еріп қабылдау жағдайлары.
Медициналық анықтамалар
Қазіргі уақытта Министрлік медициналық анықтамаларды электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Пациент үшін қағаз медициналық анықтамаларды алып жүру қажеттілігі алынып тасталады, анықтамаларды қолдан жасау түріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендеуде және медициналық ұйымдар арасында да, ведомстволар арасында да медициналық құжаттармен жедел алмасу мүмкіндігі беріледі.
Ағымдағы жылы ЭДСДД электрондық форматқа ауыстырылды және қағаз форматта мынадай мемлекеттік қызметтерді ұсыну алынып тасталды:
1) көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру (073 / е);
2) Алдын ала міндетті медициналық қарап тексеруден өту (075/е).
Министрлік аурухана парағын алудың бизнес-процесіне реинжиниринг жүргізді, оған мыналар кіреді: аурухана парағын беру медициналық ұйым жұмыскерінің МАЖ-ға электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады, осылайша аурухана парағының заңдылығын растайды.
Аурухана парақтарын ашу туралы фактілер жұмыс берушіге азаматтың келісімімен беріледі. Егер бұрын жұмыс беруші жұмыскер хабардар еткеннен кейін ғана, яғни.аурухана парағының өзі әкелген кезде, жұмыскер жұмысқа шыққан кезде ауырып қалғанын білсе, енді аурухана парағының қашан ашылғаны немесе ұзартылатыны туралы хабарлама алып отырады.
Министрлік қазіргі уақытта «Амбулаториялық-емханалық көмек» АЖ аурухана парақтарын жөнелту бөлігінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесімен интеграцияны іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Жұмыс беруші тарапынан аурухана парақтарының мониторингін Еңбекмині тарапынан hr.enbek.kz портал арқылы қарау орынды, онда жұмыс беруші өз ұйымының қызметкерлеріне аурухана парақтарын ала алады. Сондай-ақ Еңбекмині тарапынан жұмыс берушілерге аурухана парағын ашу, ұзарту және жабу жөнінде хабарлама жұмысын жүргізетін болады.
Аурухана парағының қағаз нысанын - қатаң есептілік бланкісін алып тастау үшін Министрлік «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығына өзгерістер енгізетін болады.
Жеке медициналық кітапша
Белгілі бір тұлғалардың жеке медициналық кітапшасы (бұдан әрі-ЖМК) болуы міндетті екені бәрімізге белгілі.
ЖМК бұл адамның аурулары жоқ екенін және өз міндеттерін орындауға рұқсат берілгенін растау болып табылады.
Өкінішке орай, ЖМК-ны тиісті медициналық қарап-тексеруден өтпей-ақ сатып алынатын жағдайлар бар. Бұл өз кезегінде азаматтардың денсаулығына қауіп төндіреді.
ЖМК–ны қолдан жасау қаупін төмендету мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар онлайн форматта жеке медициналық кітапшаны алатын болады.
Ол үшін Министрлік Smart Bridge платформасында деректерді қабылдау бойынша жариялау сервисі бойынша жұмыс жүргізді, сондай-ақ медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс, оның ішінде «Жеке медициналық кітапша» модулінің деректерін «Е-Денсаулық» сервисі арқылы қабылдауды бастайды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖМК беру онлайн форматта жүргізілетін болады, бұл медициналық қарап-тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, жұмысқа жіберу туралы мөртабан алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды, онда азамат нәтижелерін жеке кабинетте ала алады, сол арқылы ЖМК үшін барлық құжаттардың қағаз түрін пайдалануды және сақтауды болдырмайды.
Баланың денсаулық паспорты (052 / е)
Жыл сайын 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады және олардың денсаулық жағдайын үздіксіз және сапалы бақылауды қамтамасыз ету үшін мектепке барар алдында әрбір балаға Баланың денсаулық паспорты қалыптастырылады. Бұл құжатта физикалық дамуды жақсартуға, денсаулықты нығайтуға, аурулардың профилактикасы, дамып келе жатқан патологияның бастапқы кезеңдерін белсенді түрде анықтауға,жиі ауыратын және науқас балаларды сауықтыруға және емдеуге бағытталған алдын алу шараларын жүргізу туралы ақпараттан тұрады.
Бұрын Баланың денсаулық паспорты қағаз жүзінде жүргізілді, бұл кейде оның жоғалуына немесе жаңартылған ақпараттың болмауына әкелді. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, Баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа ауыстыру жобасын іске асырды.
Ата-аналар үшін бұл жаңалық жиналуы керек қағаз құжаттарының тізімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Енді барлық деректер электрондық түрде қол жетімді болады, бұл eGov Mobile және eDensaulyq сервисі арқылы Баланың денсаулығы туралы ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымдары үшін бұл оқушылардың денсаулық жағдайы туралы жаңартылған ақпаратқа қол жеткізуді білдіреді. Емханада медициналық қарап-тексеруден өткеннен кейін Баланың денсаулық жағдайы туралы барлық деректер Оқу-ағарту министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесіне автоматты түрде берілетін болады.
Алдағы уақытта eDensaulyq сервисі арқылы eGov Mobile-ға Баланың электрондық денсаулық паспортын интеграциялау жоспарлануда, бұл ата-аналарға ақпаратқа ыңғайлы қолжетімділікті және балаларының денсаулық жағдайындағы өзгерістерге жедел ден қою мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта eDensaulyq сервисі арқылы eGov Mobile-мен «Баланың электрондық денсаулық паспортын» интеграциялау әзірленуде.
Іске асырудың алдын ала мерзімі – 2025 жылғы 1 сәуір.
Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды (031 / е)
Еңбекминімен бірлесіп сырттай куәландыру бойынша «Амбулаториялық-емханалық көмек» ақпараттық жүйесінің сервисін өзгерту бөлігінде мынадай жұмыстар жүргізілді (033/е нысаны алынып тасталды):
Сондай-ақ, 031/е нысаны бойынша МАЖ-дан сырттай куәландыру бойынша жауап болмаған жағдайда (МАЖ, ЭҮШ тарапынан сервистер қолжетімсіз болған жағдайда) хабарламаны автоматты түрде қайта жіберу функционалы іске асырылды.
Жұмыстарды жүргізу үшін негіздеме: «Мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетуге дәрігерлерді тарту бойынша пилоттық жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 384, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 304, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 204 және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 29 маусымдағы № 227/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 188, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 93, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 94 және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 5 сәуірдегі 2023 жылғы № 134/НҚ Бірлескен бұйрығы.
«Шетелде емделу» бизнес-процесін автоматтандыруды іске асыру
Шетелде емделуді ұйымдастырудың бизнес процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 30 қазандағы № 178-ө өкімінің 6.2-тармағын орындау мақстатында жүргізіледі.
Бұрын, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Республикалық Денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі – РДСҰ) жауапты мамандарының қатысуымен өткен Кеңестер шеңберінде қаралған «Тo be» бизнес-процесі Қор және ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК-мен (бұдан әрі-РЭДО), сондай-ақ мүдделі тұлғалармен бірлесіп әзірленіп, бекітілді,
«To be» бизнес-процесі Шетелде емделуге немесе шетелдік маманды тарта отырып, шеберлік-сынып өткізуге көрсетілімдері бар пациенттерге «Қорытындылар» енгізу үшін функционалды іске асыру бөлігінде РДСҰ жұмыс істейтін медициналық ақпараттық жүйелерде (бұдан әрі – МАЖ) қажетті жаңартуды көздейді. Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінде «Жұмыс органының жұмыс орны» және «Алқалы шешім қабылдау» жаңа сервистері мен модульдерін іске асыру бөлігінде жаңартуды көздейді.
Іске асырудың алдын ала мерзімі – 2025 жылғы 1 тоқсан.
«Тұрақты тұру үшін шығу» себебі бойынша жеке тұлғаны алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан автоматты бекітуден алу
Жоғары аудиторлық палатаның Нұсқамасының 1.3-тармағын орындау шеңберінде «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «БҚТ» АЖ) 2022 жылғы 2 мамырдан бастап «тұрақты тұру үшін шығу» мәртебесін алу бөлігінде «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорда өзара іс-қимыл іске асырылды. Осы мәртебені «БҚТ» АЖ алу кезінде «тұрақты тұру үшін шығу» себебі бойынша жеке тұлғаны медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан автоматты түрде бекітуден алу жүргізіледі.
«Дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі-ДҚАЖ) тест стендінде Рецептілерді дұрыс жазып беру мақсатында «Тұрақты тұру үшін шығу» мәртебесін тексеру міндеті тесттен сәтті өтті, сондай-ақ осындай мәртебесі бар пациенттер үшін рецептілерді жазып беруге және қамтамасыз етуге тыйым салатын форматты-логикалық бақылау іске асырылды. ДҚАЖ өнеркәсіптік стендінің жаңартылған күні 2024 жылғы 24 қазан.
Қорытынды бөлім.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар:
1) Теріс динамика фактілерін асыра орындау және нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндеріне қол жеткізбеу фактілерін азайту мақсатында жоспарлау және орындау процесін ұйымдастыруға күш-жігерді бағыттау;
2) Жоспарлы мәндерді төмендету жағына қарай түзетуге жол бермеу, өйткені бұл реттелетін аядағы/салалардағы ағымдағы ахуалдың нашарлауына ықпал етеді;
3) Уәкілетті орган алдында «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 5-бабының 3-тармағына Ішкі аудит қызметтері үшін қаржылық бақылаудың ден қою шараларын кеңейту бөлігінде, оның ішінде аудит объектісі бұзушылықтарды жою туралы шешімді орындамаған жағдайда сотқа талап қою бөлігінде өзгерістер енгізуге бастама жасау;
4) Тексерулер жүргізу үшін мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ішкі аудит қызметтерінің аудиторларын тартуға тыйым салу бөлігінде «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңның 54-бабының 3-тармағында уәкілетті орган алдында өзгерістер енгізуге бастама жасау;
5) Уәкілетті органның алдында салық төлеушінің (салық агентінің) аудитті жан-жақты жүргізу үшін жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерге ІАҚ қолжетімділігін белгілеу бөлігінде ҚР Салық кодексінің 30-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізуге бастама жасау;
6) Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның алдында инфляция мен валюталық қарыздарды ескере отырып, мемлекеттік міндеттемелер сомасы ұлғайған жағдайда МЖӘ шартына экономикалық сараптама жүргізу қажеттілігі бөлігінде МЖӘ қағидаларының 192-тармағына өзгерістер енгізуге бастама жасау;
7) Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияға тікелей келісім жобасын мақұлдау функциясын беру бөлігінде МЖӘ жоспарлау қағидаларының 183, 214-тармақтарына өзгерістер енгізу туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне (Қағидаларды әзірлеушіге) ұсыныстар жіберу;
8) «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығының
- тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге рұқсат беру құжатының нысанына әкелінетін дәрілік зат пен медициналық бұйымның сериясының (партиясының) нөмірі туралы мәліметтерді енгізу;
- көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің дұрыстығын қарау мерзімдерін ұлғайта отырып тексеру жөніндегі міндетін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша;
9) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 бұйрығының:
- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың аналогтары үшін белгілерді айқындау;
- Қазақстанда өндірісті оқшаулау деңгейін, саланы дамыту басымдықтары мен қажеттілігін ескере отырып, Бірыңғай дистрибьютор номенклатурасын қалыптастыру тәртібін осы функцияны уәкілетті органға бекіте отырып қайта қарау;
- инвестициялық жобаның орындылығы туралы салалық қорытынды беру кезінде әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын растайтын өлшемшарттарды әзірлеу;
- ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде сатып алуды жүргізу кезінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сауда атауына шекті бағаның болуын көздейтін талап белгілеу;
- Қазақстан Республикасында тіркелген аналогтары жоқ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу рәсімдерін жүргізу мерзімдерін белгілеу;
- баға тіркелген сәттен бастап 12 ай ішінде республика аумағына әкелінбеген жағдайда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті тізбелерді қалыптастыру кезінде дәрілік заттарды алып тастау тетігін әзірлеу;
- растайтын құжаттарды қоса бере отырып, веб-порталда жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша инвестициялық жобаның іске асырылу барысы туралы есепті орналастыру бөліктерінде өзгерістер енгізу бойынша.
10) «Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығының жоспардан тыс инспекция жүргізу үшін жағдайлар мен негіздерді айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша;
11) ) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың шекті бағалары мен үстеме бағаларын реттеу және қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-247/2020 бұйрығына:
- дәрілік заттарға шекті бағаларды тіркеу және қайта тіркеу кезінде қосымшаларымен «СТ-KZ» сертификатын беру бойынша отандық өндірушілерге қойылатын талаптарды белгілеу;
- бағаны тіркеу кезінде бұрын мәлімделген маркетингтік шығыстарға бағаны қайта тіркеу кезінде растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап белгілеу;
- мемлекеттік сараптама ұйымының Дәрілік заттардың шекті бағаларын және үстеме бағасын реттеу, қалыптастыру қағидаларының 2-тармағының 21-тармақшасында көрсетілген барлық референттік елдер бойынша дәрілік заттың сауда атауына бағаны тіркеу немесе тіркелген бағаны қайта тіркеу кезінде референттік бағаға міндетті талдау жүргізуі;
- ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті және ақпараттың болуын ескере отырып, макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша неғұрлым жақын референттік елдердің тізбесін қайта қарау;
- өнім берушілердің нақты шығыстарын (маркетинг, жеткізу және т. б.) талдауды, пайда, рентабельділік нормаларын есептеуді және «пайызға пайыз» үстемесін қоспағанда, халықаралық баға белгілеу практикасын ескере отырып, сауда үстемелерінің мөлшерін айқындау әдіснамасын әзірлеу;
- ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС және нарық жүйесінде референттік баға белгілеуге талдау жүргізу кезінде тіркелген бағаны тіркеудің бірыңғай әдістемесін айқындау;
- ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көтерме сауда үшін шекті саудалық үстеме бағаларды қалыптастырудың бірыңғай әдістемесін айқындау;
- Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат беру құжаты бойынша әкелінген тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға бағаны тіркеу әдістемесін әзірлеу және саудалық үстеме бағаларды қолдану;
- өтінім берушіден бағаны қайта тіркеуге өтініш бермей, тіркеу кезінде мәлімделген баға мен кейінгі әкелудің нақты бағасы арасында алшақтық анықталған жағдайда бағаны қайта тіркеу тетігін әзірлеу;
- бастапқы препараттарға қатысты генериктер мен биосимилярлардың құнын шектейтін норманы орнату бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша;
12) «Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 11 шiлдедегi №127 бұйрығына тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын, бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде" өнім берушінің жүк көлемі мен температуралық режимді ескере отырып, тиісті санаттағы автокөлік құралдарымен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету туралы міндеттемелерін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша;
13) «Нарықтан, оның ішінде медициналық ұйымдарда тәуекелге бағдарланған тәсіл ескеріле отырып, сапасы бақылануға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-323/2020 бұйрығына:
- сапаны бағалауды жүргізу үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлгілерін іріктеу кезеңділігінің өлшемшарттарын әзірлеу;
- Қазақстан Республикасының аумағында айналыстағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың келесі күнтізбелік жылға арналған сапасын бағалау үшін үлгілерді іріктеу жоспарын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган келісу;
- жоспарға енгізілген, бірақ іріктеуден өтпеген өнім туралы ақпаратты мемлекеттік органға өнімнің қолданыстағы сәйкестік сертификаттарын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау үшін тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып, нарықтан іріктелген өнім үлгілеріне сынақтар жүргізуге өндірушінің шарт жасасуына байланысты жіберу мерзімін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу бойынша;
14) өнім шығару кезінде қазақстандық шикізатты пайдаланатын отандық тауар өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу бойынша;
15) Бір терезе қағидаты бойынша Қазақстандық ұлттық формулярға, амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз етудің және Бірыңғай дистрибьютордың тізбелеріне енгізуге өтініш беру тетігін әзірлеу және енгізу;
16) Отандық фармацевтикалық өндірушілер үшін дәрілік препараттарды өндіруде және дайындауда пайдаланылатын фармацевтикалық субстанцияларға қойылатын талаптардың әзірлемесі бойынша;
17) Тікелей бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін лауазымды тұлғаларды жауаптылыққа тарту бойынша бақылау қажеттігі орын алып отыр;
18) Қазақстандық студенттерді қабылдау қағидаларына сәйкес келетін шетелдік студенттерді қабылдаудың бірыңғай жүйесіне бастама жасау, сондай-ақ шетелдік студенттерді қабылдау үшін бірыңғай ақпараттық жүйені әзірлеу. 19) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үшін медициналық білім беру саласындағы бақылау функциялары мәселесін қарау қажеттігі бар;
20) eDensaulyq сервисі арқылы eGov Mobile-ға Баланың электрондық денсаулық паспортын интеграциялау.
_______________________________________________________________
Ескерту: Ақпараттардың толықтығына, анықтылығы мен сапасына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін берген құрылымдық бөлімдердің басшылары дербес жауапкершілік алады.