««Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйымды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 665 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасына ПРЕСС-РЕЛИЗ

      «Цифрлық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйымды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 665 қаулысымен Цифрлық Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйым ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК болып белгіленді.
       «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 902 қаулысына және "мемлекеттік заңды тұлғаны қайта атау туралы" Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 30 қазандағы №758 бұйрығына сәйкес Кәсіпорынның атауы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК болып өзгертілді.
       Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 3 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15325454# 

 

Дата публикации
03 декабря 2024