Конкурс шарттары, өткізу күні мен орны

Конкурс шарттары, өткізу күні мен орны

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын сайлау жөніндегі  (бұдан әрі - ДК) конкурстық іріктеуді жариялайды.

Қоғамның ДК тәуелсіз директорларын сайлау конкурстық іріктеу (бұдан әрі – Іріктеу) негізінде жүзеге асырылады.

Конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы                                8, Министрліктер үйі, анықтама телефоны (7172) 74-32-45.

Қоғамның орналасқан жері: Астана қаласы, «Сарыарка»  ауданы, Бейбітшілік көшесі 49А.

Негізгі қызметінің негізгі мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжіриебенің   жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы ҚР Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

Қоғамның ДК тәуелсіз директорларына конкурстық іріктеу мынадай талаптардың біріне сай келетін кандидаттарды іздеу мақсатында жүргізіледі:

1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігі.

Қоғамның ДК тәуелсіз директоры болып сайланбайтын тұлға:

1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;

2) осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын және ол ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде болып табылатын тұлғалар (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда), осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылатын тұлға; осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары - ұйымдарының лауазымды адамдарына бағыныстылықпен байланысты және ол ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғаларға бағыныстылықпен байланысты; мемлекеттік қызметші; осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында акционердің өкілі болып табылатын және өзі ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде өзі болып табылатын тұлға; осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және өзі ДК-ге сайланар алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатысқан.

Құжаттарды қабылдау Министрліктің интернет-ресурсында Іріктеу өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң аяқталады.

Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;

2) кандидаттың түйіндемесі;

3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

5) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;

7) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;

8) осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес толтырылған кандидат туралы мәліметтер.

Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді.

Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша Министрлікке жіберілуі тиіс;

2) «Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларының іріктеуі» және «________ дейін ашпаңыз» деген сөздер болу тиіс (Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты).

Өтінім хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

Комиссия іріктеуге қатысушылармен (кандидаттармен) әңгімелесу өткізу кезінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қоғам қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және денсаулық сақтау ұйымы қызметінің ерекшелігі біліміне тексереді.

Іріктеуге қатысатын және әңгімелесуге жіберілген қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда техникалық байланыс құралдары арқылы жүргізілуі мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-нысан

Өтініш

Мен осы өтінішпен «Астана медицина университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне тәуелсіз директор ретінде сайлануға келісім беретінімді растаймын. Сондай-ақ, мен көрсетілген «Астана медицина университеті» КеАҚ үлестес тұлғасы емес екенімді және соңғы үш жыл ішінде үлестес тұлға болмағанымды, көрсетілген «Астана медицина университеті» КеАҚ үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтынымды және олардың лауазымды адамдарына – «Астана медицина университеті» КеАҚ үлестес тұлғаларына бағынумен байланысты емес екенімді; мемлекеттік қызметкер еместігімді; осы «Астана медицина университеті» КеАҚ аудиторы еместігімді және соңғы үш жыл ішінде аудитор болмағанымды, «Астана медицина университеті» КеАҚ аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспағанымды және соңғы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспағанымды растаймын.

 

                                                         ____________(қолы)

                                                         ____________ (Т.А.Ә.)

 

Күні

«_____» ________ 202___ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-нысан

 

 

Кандидаттың суреті

 

 

Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорының

 лауазымына кандидат туралы мәліметтер

«________________»

  1. Жалпы мәліметтер:

 

 

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

 

(жеке куәлікке (төлқұжатқа) толықтай сәйкес етіп жазылады, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда қашан және қандай себеппен өзгергені көрсетіледі)

Туған күні мен туған жері

 

Тұрақты мекенжайы, телефон нөмірлері

 

 

(толық мекенжайы, елдімекен кодын қосқанда қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетіледі)

Азаматтығы

 

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

 

 

  1. Үлестестігі туралы мәліметтер:

Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, апа-қарындасы, балалары), сондай-ақ туыстары (ағасы, әпкесі, ата-анасы, жұбайының балалары) туралы мәліметтер:

 

№

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні, айы, жылы

Туыстық қарым-қатынасы

Жұмыс орны және қызметі

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысуы:

№

Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Қатысу бағасы және үлесі

1.

 

 

 

2.

 

 

 

3.

 

 

 

  1. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетін кәсіптік білімі

 

 

(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы және орналасқан орны, оқу кезеңі, берілген біліктілік, білімі туралы дипломның деректері көрсетіледі)

Қосымша білім, оның ішінде жұмыс істейтін саласына қатысты біліктілікті арттыру курстарына қатысуы, ғылыми дәрежесі

 

 

(оқу орнының атауы және орналасқан орны, оқу кезеңі, білім туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректері көрсетіледі)

Директорлар кеңесінің/Байқау кеңесінің құрамында жұмыс істеу тәжірибесі

 

Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесінің жұмысына уақыт бөлу мүмкіндігі

 

Жетістіктері

 

 

(осы сұрақ бойынша ақпарат көрсетіледі, мысалы, ғылыми мақалалардың атаулары, ғылыми жобаларға, заң жобаларын әзірлеуге қатысуы және одан басқа)

Қоғамдық ұйымдардағы мүшелігі

 

 

(осы сұрақ бойынша ақпарат көрсетіледі, мысалы, аудиторлар палатасы)

Осы сұраққа қатысты басқа ақпарат

 

 

(үміткердің кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

Сот шешімі бойынша сіз әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін

 

Сіз белгілі бір мерзім ішінде, қашан және не үшін мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырылдыңыз ба

 

Шетелде оқу немесе жұмыс істеу

Болған елі

Болған уақыты

Оқу немесе жұмыс орны

 

 

_________(қолы)                 

Күні

«_____» ________ 202___ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 октября 2024