«Денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № ҚР ДСМ-80 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығының жобасына баспасөз релизі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтау саласындағы медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 6 тамыздағы № ҚР ДСМ-80 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрықтың жобасын (бұдан әрі - Бұйрықтың жобасы) әзірледі, онда медициналық ұйымдарда МАЖ-ның жұмыс істеуіне қойылатын ең төменгі талаптар айқындалды.
Бұйрық жобасына енгізілетін түзетулер пациентті дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік немесе мемлекеттік емес сервистерімен интеграциялауды іске асыру арқылы МАЖ-да қамтылған оның дербес деректерімен іс-қимылдар туралы хабардар ету тәртібін регламенттейді.
Бұл норма пациенттерді «электрондық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне немесе олардың ұялы байланысының абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама түрінде ақпаратты жіберу арқылы МАЖ-ға дербес деректердің қолжетімділігі, өңделуі туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың МАЖ-да дербестендірілген есепке алуды енгізу жөніндегі новеллалар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қадағалаудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздемейді.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Бұйрықтың жобасы 2024 жылғы 23 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15248185