2025-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
2025-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі- Министрлік) конкурстық құжаттамаға сәйкес «Өмір және денсаулық туралы ғылым» ғылымын дамытудың басым бағыты бойынша 2025-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қайта конкурс өткізу туралы хабарлайды. Конкурстық құжаттама Министрліктің және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (www.ncste.kz/ru/competition) сайттарында орналастырылған. Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-222-11-02 (ішкі нөмерлері 207, 208, 209, 210,211,213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 223, 224). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін. Конкурстық құжаттама және өтінімді ресімдеу бойынша түсіндіруді жүзеге асыратын Министерліңтің жауапты тұлғасы-Нұрлан Ерденьевич Аукенов, телефоны 8 (7172) 75-07-73, электрондық мекенжайы: n.aukenov@dsm.gov.kz. жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, 9: 00 – 18:30, Түскі ас 13:00-14:30. Бағдарлама жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Министрлікке электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2024 жылғы 18 қазан. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 19 қараша (қоса алғанда).Дата публикации
17 октября 2024