Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын түсіндіру бойынша семинар

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын түсіндіру бойынша семинар

      Ағымдағы жылдың 28 тамызында Денсаулық сақтау министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы талаптар мен өзгерістерді түсіндіру мақсатында семинар өтті.
      Семинарға министрліктің мемлекеттік қызметшілері, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және олардың аумақтық департаменттерінің Әдеп жөніндегі уәкілдердің функциялары жүктелген жауапты қызметкерлері қатысты.
      Семинарда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактикалық қызметінің ерекше маңызды істер бойынша офицері  Ықыласов Е.Е. баяндама жасады.
     Презентация барысында баяндамашы қоғамда сыбайлас жемқорлықтың таралуының әлеуметтік-экономикалық салдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер туралы айтып, реформалардың профилактикалық сипатына тоқталды.
     Қазақстан Республикасының 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында қылмыстық-құқықтық жазалау шараларының басымдылығы белгіленсе, 2015 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңында профилактикалық сипаттағы шараларға басымдық берілді, алдын алу құралдары енгізілді: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың бірінші пакеті қарамағындағы қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік саяси қызметшілердің отставкаға кетуін, әлсіз профилактикалық жұмысы үшін басшылардың тәртіптік жауапкершілігін, қоғамды кеңінен тарта отырып, құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін сараланған марапаттау жүйесін қамтиды.
    2020 жылдың қазан айында реформалардың екінші пакеті күшіне енді: квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін құру, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне қосу, мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор басшыларының әкімшілік жауапкершілігі (ҚР ӘРПК-нің 681-бабы, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдағаны үшін – 100 АЕК), мемлекеттік қызметшілерге, депутаттарға, судьяларға және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға және олардың отбасы мүшелеріне қандай да бір құнды сыйлықтар беруге толық тыйым салу, жақын туыстарының бірлескен жұмысын шектеу, мемлекеттік қызметке кандидаттардың ұйымда жұмыс істейтін туыстары жөнінде хабарлау міндеттілігі.
     2021 жылдың қаңтарынан бастап үшінші реформалар пакеті күшіне енді: сотталған сыбайлас жемқорлықпен айналысатын лауазымды тұлғаларды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануды жою; құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілер мен пара алудағы делдалдардың сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту; ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандардың жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемелерінде өтеу мүмкіндігін жою; шетел банктеріндегі шоттарды иеленуге шектеулер енгізу.
    2023 жылғы 7 наурызда реформалардың төртінші пакеті күшіне енді: шығыстар мен кірістердің сәйкестігін бақылау енгізілді; сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау жүйесін құруға бағытталған түзетулер, жұмыс беруші кандидатқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпаратты өзі сұратуға міндетті; сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тізбесі аса ірі көлемдегі ұрлық пен алаяқтықпен толықтырылды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-қызметін жетілдіруге бағытталған түзетулер.
    Баяндамашы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының (ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы Жарлығымен бекітілген) 6 негізгі заңнамалық бастамасын атап өтті: сыбайлас жемқорлыққа жол берген лауазымды тұлғалардың мемлекеттік тізілімін енгізу; мүдделер қақтығысын шешу механизмі; пара уәде еткені/ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік; заңсыз сыйақыны қорқытып алумен байланысты қылмыстарды анықтау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілік; заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту.
    Одан әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға инновацияларды енгізу құралдары мен тетіктерін толығырақ түсіндірді.
    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктің туындау жағдайлары туралы тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
    Толық ақпаратты қоса берілген презентациядан табуға болады.
   
Денсаулық сақтау министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Байғаскина З.С. денсаулық сақтау жүйесіндегі соңғы үш жылдағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы статистикалық мәліметтерді және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған лауазымды тұлғаларға қатысты жауапкершілік шаралары туралы хабардар етті.
    Ол семинарға қатысушылардың ерекше назарын мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына, бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыруға және ведомстволардың, олардың   аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдерін профилактикалық жұмысын күшейтуге аударды.

Дата публикации
17 сентября 2024