«Мемлекеттік тіл – менің тілім» денсаулық сақтау ұйымдарының арасында өткен конкурстың қорытындысы жарияланды

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» денсаулық сақтау ұйымдарының арасында өткен конкурстың қорытындысы жарияланды

       ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының ұйымдастыруымен Денсаулық сақтау жүйесінде тіл саясатын дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарының арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» республикалық конкурс өткізіліп,  2024 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова залында жеңімпаздар  «Үздік медициналық ұйым», «Үздік сайт» аталымдары бойынша дипломдармен және алғыс хаттармен, «Даналық», «Тіл жанашыры», «Үздік тіл маманы», «Жас дарын», «Талаптыға нұр жауар», «Тіл ардагері» төсбелгілерімен марапатталды. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» конкурсы 2016 жылдан бастап  дәстүрлі түрде жыл сайын  өткізіліп келеді.  Аталған конкурсқа 40 денсаулық сақтау ұйымы қатысып, 10 өңірден жеңімпаздар анықталды.  Аталған  іс-шараға   ҚР ДСМ Мемлекеттік тілді  басқармасының басшысы, сондай-ақ Алматы, Астана қалаларының, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Ақмола, Алматы, Қостанай, Абай, Жетісу облыстарының жеңімпаздары мен  тіл жанашырлары, белгілі қоғам қайраткерлері, профессор, ф.ғ.д., Анар Салқынбай, ҚР ДСМ Терминологиялық комиссиясының мүшелері, серіктес ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
       Сонымен қатар  Д.А. Қонаевтың жеке дәрігері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің анестезиолог-реаниматологы Мүліков Ахат Аминұлы,  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА академигі Рахымов Қайролла Дүйсенбайұлы, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Айтжанов Батырбек Досхожаұлы, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті С.Н. Нұғыманов атындағы Онкология кафедрасының профессоры, жоғарғы санатты онколог дәрігер Нұрманов Сұлтанбек Рахымғалиұлы  «Даналық» төсбелгісінің иегерлері атанды.
       Денсаулық сақтау жүйесінің жас мамандары  Солтүстік Қазақстан облысының  СЭБД бас маманы  Сағындықова Айнаш Жұманғалиқызы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының СЭББ эпидемиологияық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы  Жетенова Айгерім Санатқызы «Жас дарын»  төсбелгісімен және Алматы қаласының ҚДСБ Балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының  меңгерушісі   Мұсабаев Фарит Тахирұлы, Алматы қаласының ҚДСБ № 5 емханасының әлеуметтік қызметкері Досхожаева Алмагул Базарбайқызы, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының  маманы  Кенжеқожаева Ақбота   «Талаптыға нұр жауар» төсбелгісімен марапатталды.  Сонымен қатар  «Тіл жанашыры» төсбелгісімен, І, ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен БҚО Орал қаласының №1 емханасының мейіргері  Ақбалиева Қалила Қабылқызы және «ӘлМСҚ» КеАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының бас сарапшы дәрігері Тұрапова Үрбибі Ерланқызы, ҚР ДСМ Ақмола облысының СЭБД басшысының орынбасары Омарханов Серік Сексенбайұлы  марапатталды.
       Іс-шара мақсаты денсаулық сақтау жүйесінде  мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және тіл  саясатын жүзеге асыру.
      «Мемлекеттік тіл-менің тілім» денсаулық сақтау ұйымдарының арасында өткен республикалық конкурс сарапшылар мен қатысушылардың тарапынан жоғары бағаланып, конкурс ұйымдастырушылары Анар Бейсенқызы Мыржықбаева мен Мақсат Сейтімбекұлы  Шілдебаев жұртшылықтың ризашылығына ие болды. Конкурс аясында 12 қыркүйекте денсаулық сақтау мамандарына  «Құжаттама жасау және құжаттаманы басқару» семинары өткізілді және  білімді жетілдіру семинарының екінші кезеңі 7 қарашаға жоспарланып отыр.

https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/media/details/56971?lang=kk 

 

https://youtu.be/nx34g_ydQj4?si=fZEUduVmfZ7nUBls 

Ақпарат
Дата публикации
17 сентября 2024