Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік қызметшілері ҚАЗТЕСТ тапсырды
Ағымдағы жылғы 20 -21 тамыз аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы Орталық аппарат және ведомстволарының мемлекеттік қызметішлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау және бағалау мақсатында «Қазтест» жүйесі бойынша сертификаттық және диагностикалық тест өткізді.
Тестілеу сөйлеу әркетінің негізгі түрлері – тыңдалым, лексика-грамматикалық құрылым, оқылым, айтылым және жазылым бөліктері бойынша жүргізілді.
Жалпы тестілеу сынағына қатысқандардың басым бөлігін құрылымдық бөлімшелердің басшылары құрады, оның ішінде Департамент директорлары, Басқарма басшылары және бас сарапшылар.
Министрлік бойынша тестілеуге 73 мемлекеттік қызметші, оның ішінде диагностикалық тестілеуге – 59, сертификаттық тестілеуге – 14 қызметші қатысты.
Мемлекеттік қызметшілердің және денсаулық сақтау мемлекеттік қызметтерін ұсынатын қызметкерлердің «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1, В2 деңгейінде меңгеру үлесін арттыру ҚР-да тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес іске асырылды.





