Конкурс шарттары, өткізу күні мен орны

Конкурс шарттары, өткізу күні мен орны

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларын лауазымына қайта конкурс жариялайды.

Қайта конкурсты өткізу орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы                           8, Министрліктер Үйі, 5 кіреберіс анықтама телефоны (7172) 74-32-45.

Қоғамның орналасқан жері: Астана қаласы, Тұран даңғылы, 36.

Негізгі қызметтің қысқаша сипаттамасы:

Қоғам қызметінің негізгі мақсаты қалпына келтіре емдеуді одан әрі дамытуды, жетілдіру, жүйке, тірек-қимыл жүйелерінің патологиясы бар балалар мен жасөспірімдерді медициналық жағынан оңалтуды қамтамасыз ету жолымен Қазақстан Республикасындағы балалар мүгедектігін азайту, сондай-ақ медициналық ғылым, білім және практика саласында заманауи технологияларды енгізу, тарату болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

          1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында басшы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

          2) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

          Директорлар кеңесіне кандидаттардың өз міндеттерін орындау және ұйымдастыру үшін қажетті тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, оң жетістіктірі және іскерлік және салалық ортадағы мінсіз беделі болуға тиіс.

Конкурсқа мына тұлғалар қатыса алмайды:

1) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар жатпайды;

3) қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін сотталғандар: кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халықтың денсаулығы мен имандылығына, жыныстық тиіспеушілікке, экстремистік немесе террористік қылмыстарға, адам саудасына қарсы.

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) 1-нысанға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;

2) кандидаттың түйіндемесі;

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар;

8) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;

9) нысанға сәйкес толтырылған кандидат туралы мәліметтер.

Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және біліктілігін арттыруына қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.

Құжаттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер Үйі, 5 кіреберіс, анықтама телефоны (7172) 74-32-45.

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні Министрліктің интернет-ресурсында Іріктеу өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады.

Кандидаттардың өтінімдері бар конверттерді ашу құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін екі жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-ші нысан

Өтініш

Мен осымен «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ Директорлар кеңесінің мүшелігіне тәуелсіз директор ретінде сайлануға келісім беретінімді растаймын. Сондай-ақ, мен көрсетілген «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ үлестес тұлғасы емес екенімді және соңғы үш жыл ішінде үлестес тұлға болмағанымды, көрсетілген «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтынымды және олардың лауазымды адамдарына – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ үлестес тұлғаларына бағынумен байланысты емес екенімді; мемлекеттік қызметкер еместігімді; осы «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ аудиторы еместігімді және соңғы үш жыл ішінде аудитор болмағанымды, «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспағанымды және соңғы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспағанымды растаймын.

 

                                                         ____________(қолы)             

                                                         ____________ (Т.А.Ә.)

Күні

«_____» ________ 202___ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-ші нысан

 

 

Кандидаттың суреті

 

Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорының

 лауазымына кандидат туралы мәліметтер

«________________»

  1. Жалпы мәліметтер:

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

 

(жеке куәлікке (төлқұжатқа) толықтай сәйкес етіп жазылады, тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда қашан және қандай себеппен өзгергені көрсетіледі)

Туған күні мен туылған жері

 

Тұрақты мекенжайы, телефон нөмірлері

 

 

(толық мекенжайы, елдімекен кодын қосқанда қызметтік, үй, байланыс телефондарының нөмірлері көрсетіледі)

Азаматтығы

 

Жеке басын куәландыратын құжаттың толық деректемелері

 

 

  1. Қосылу туралы мәліметтер:

Жақын туыстары (ата-анасы, жұбайы, аға-інісі, әпке-қарындасы, балалары), сондай-ақ туыстары (ағасы, әпкесі, ата-анасы, жұбайының балалары) туралы мәліметтер:

 

№

Тегі, аты, әкесінің аты

Туылған күні, айы, жылы

Туыстық қарым-қатынасы

Жұмыс орны және қызметі

1.

 

 

 

 

2.

 

 

 

 

3.

 

 

 

 

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей немесе жанама қатысу:

№

Атауы және орналасқан жері

Заңды тұлға қызметінің жарғылық түрлері

Қатысу бағасы және үлесі

1.

 

 

 

2.

 

 

 

3.

 

 

 

  1. Кәсіби деректер:

Білімі, оның ішінде жұмыс бейініне сәйкес келетінн кәсіптік білім

 

 

(оқу орнының, факультеттің немесе бөлімшенің атауы және орналасқан орны, оқу кезеңі, берілген біліктілік, білім туралы дипломның деректері көрсетіледі)

Қосымша білім, оның ішінде жұмыс істейтін саласына қатысты біліктілікті арттыру курстарына қатысуы, ғылыми дәрежесі

 

 

(оқу орнының атауы және орналасқан орны, оқу кезеңі, білім туралы дипломның, сертификаттың, куәліктің деректері көрсетіледі)

Директорлар кеңесінің/Байқау кеңесінің құрамында жұмыс істеу тәжірибесі

 

Байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесінің жұмысына уақыт бөлу мүмкіндігі

 

Жетістіктері

 

 

(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетіледі, мысалы, ғылыми мақалалардың атаулары, ғылыми жобаларға, заң жобаларын әзірлеуге қатысуы және тағы басқа)

Қоғамдық ұйымдардағы мүшелік

 

 

(осы мәселе бойынша ақпарат көрсетіледі, мысалы, аудиторлар палатасы)

Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

 

 

(үміткердің кәсіби құзыреттілігін сипаттайтын ақпарат көрсетіледі)

Сот шешімі бойынша сіз әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылдыңыз ба, қашан және не үшін

 

Сіз белгілі бір мерзім ішінде, қашан және не үшін мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырылдыңыз ба

 

Шетелде оқу немесе жұмыс істеу

Болу елі

Болу уақыты

Оқу немесе жұмыс орны

 

 

       __________(қолы)        

Күні

«_____» ________ 202___ ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 августа 2024